Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ

Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы

2011 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы.

Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 28322,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде  9944,1 мың гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (облыс жер қорының 35,1 %); 2972,6 мың гектар (10,5 %) – елді мекендер жерлері; 178,1 мың гектар (0,6 %) – өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер; 1504,4 мың гектар (5,3 %) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер; 2140,9 мың гектар (7,6 %) – орман қорының жері; 572,7  мың гектар (2,0 %) – су қорының жері; 11034 мың гектар (39,6 %) – босалқы жерлер.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 9944,1 мың гектарды құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда осы санаттағы жерлер жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына қосымша жерлерді беру және жаңадан ұйымдастыру есебінен 190,6 мың гектарға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылық алқаптары 9784,3 мың гектарды (98,4 %) құрайды, соның ішінде 1284,8 мың гектар (12,9 %) егістік, 2,3 мың гектар (0,02 %) көп жылдық екпелер, 194,7 мың гектар (2,0 %) тыңайған жерлер, 447,7 мың гектар (4,5 %) шабындық, 7854,3 мың гектар (79 %) жайылымдық.
Шаруа (фермер) қожалықтарының саны 17031 құрады, олар 8148,4 мың гектар ауданды алып жатыр. 2010 жылмен салыстырғанда, шаруа (фермер) қожалықтары 341-ке азайды, жерлердің ауданы шағын шаруашылықтарды біріктіру және ұлғайтудың есебінен 215,5 мың гектарға ұлғайды.
1643,9  мың гектар ауданда мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 466 құрайды, соның ішінде 1396,6 мың гектары шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың, 179,9 мың гектары ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің, 67,4 мың гектары басқа мемлекеттік емес кәсіпорындарының жерлері. 2010 жылмен салыстырғанда мемлекеттік емес агроқұрылымдардың саны 10-ға, жері 1,8 мың гектарға азайды.
145,1 мың гектар ауданда мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 153 құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда мемлекеттік агроқұрылымдардың саны 3-ке, жері 23,2 мың гектарға азайды.

Елді мекендердің жері.

2972,6 мың гектар немесе облыстың барлық жер қорының 10,5 % құрап отыр. 2011 жыл ішінде елді мекендер саны облыстық статистика департаментінің мәліметтерімен дәлдеме жүргізу арқасында 9-ға ұлғайды, бұл санаттағы жерлердің көлемі 6,2  мың гектарға азайды.
Елді мекендердің жері құрамында қалалар мен кенттердің жері 149,2 мың гектар (5,0 %), ауылдық елді мекендер 2823,4 мың гектар (95 %) алып жатыр.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің көлемі 178,1 мың гектар, облыстың жалпы ауданының 0,6 % құрайды, соның ішінде:
- өнеркәсіп жерлері 44,3 мың гектар (24,9 %);
- автомобиль көлігінің жерлері – 31,2 мың гектар (17,5 %);
- темір жол көлігінің жерлері – 13,6 мың гектар (7,6 %);
- байланыс жерлері – 1,3 мың гектар (0,8 %);
- басқа ауыл шаруашылығынан өзге кәсіпорындардың жері – 87,7 мың га (49,2 %).
2010 жылмен салыстырғанда, осы санаттағы жерлердің көлемі өнеркәсіптік кәсіпорындарына жерді уақытша жер пайдалануға беру мерзімінің аяқталуына байланысты 4 мың гектарға азайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi.

Осы санаттағы жерлердің ауданы 2011 жылы этнотуристтік базасы үшін жер беруіне байланысты 0,2  гектарға өзгерілді және 1504,4 мың гектар (5,3 %) құрайды, соның ішінде емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер – 0,6 мың гектар, қорықтардың, ұлттық парктердің, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың жері – 839,1 мың гектар.

Орман қорының жерлері.

Есептік жылда орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 2140,9  мың гектарды (7,6 %) құрайды. Ағымдағы жылда көлемдердің өзгеруі болған жоқ.

Су қорының жері.

2011 жылдың 1 қарашасына 0,1 гектарға азайып 572,8 мың гектар (2,0 %) құрады. Есепті жылда су қоры жерлерінің көлемі Күршім ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесінің жалға беру мерзімінің аяқталуына байланысты өзгерді.

Босалқы жерлер

Босалқы жерлер 11034 мың гектарды (38,9 %) құрап отыр, 2010 жылмен салыстырғанда жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 180,5 мың гектарға азайды.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы.

Ауыл шаруашылығы жерлердің көлемі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 22660,4 мың гектар немесе облыс аумағының 79,9 %-ын құрады.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында егістіктің салмағы 1310,8 мың гектар (ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданының 5,8 %), көп жылдық екпелер – 5,8 мың гектар (0,03 %), тыңайған жерлер – 3018  мың гектар (1,4 %), шабындық – 1056,9 мың гектар (4,7 %), жайылымдық – 19959,0 мың гектар (88,1 %) болды.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы