Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
 
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ

Жер нарығы

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

Жер учаскелерін беру тәртібі

Жер учаскелерiн беру нормалары (ҚР Жер кодексінің 50 бабы)

Жерге орналастыру жұмыстарын лицензиялау

Жер учаскелерін жария ету

 

Конституция – жер заңнамасының негізі

Қазақстан Республикасында жер заңнамасы Қазақстан Республикасының Контитуциясына  негізделген  және 2003 жылы 20 маусымда қабылданған № 442-ІІ Жер кодексінен және  оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінен (ҚР ЖК 6-бабының 1 тармағы) тұрады.

Конституция біздің еліміздің қоғамдық және экономикалық қатарының негізін, басқару түрі мен мемлекеттік  құрылымды, тұлғаның құқықтық жағдайын, билік органдарының құзіреті мен ұйымдасу тәртібін, сайлау жүйесінің, сот төрелігін негізгі қағидалары мен ұйымдасуын  бекітетін мемлекеттің  негізгі заңы болып табылады. Конституция құқықтық жүйеде үстемдікке, жоғары заңды күшке ие, құқық саласының барлық саласы үшін негізгі ережелерді құрайды.

Жер кодексін әзірлегенде Қазақстан Республикасының Парламенті  жер туралы заңнаманы құқықтық реттеуге негіз ретінде алынған  Қазақстан Республикасының Конституциясының келесідей ережелеріне  сүйенген:

  1. негізгі бастамалар және қағидалар (2 баптың 2 т., 4 баптың 1және    2. т., 5 баптың 1 және 2 т., 6 бап);
  2. азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын реттейтін нормалар (12 баптың 2 және 5 т., 13 баптың 2 т., 14 бап, 26 баптың 2, 3 және 4 т., 31 баптың 1 т., 38 бап, 39 баптың 1 т.).

Бұл конституциялық нормалар, жер қатынастарын реттеген кезде Конституцияның жер айналымы мен меншіктің құқықтық режимін анықтаған кезде, тіпті жерге  ерекше мемлекеттік  меншіктің құқық режимін белгілегенге дейін  мемлекеттік үстемдікті  бекітетінін білдіреді. Осы ретте меншік пен жер қатынастарының құқықтық сұрақтары Республикамыздың Конституциясының нормалары мен жалпы бастамалары негізінде, республикамызда  бірдей заңды  күшке ие  заңдар және заңнамалық актілермен реттеледі.

Жер қатынастарына қолданылатын Жер кодексі азаматтардың әлеументтік – экономикалық салада өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын соның ішінде, Конституцияның 6 бабының 3 тармағына сәйкес жерлердің кейбір санаттарын жеке меншікке беру арқылы  жүзеге асыруға кепілдік беруге және жағымды заңды жағдай жасауға бағытталған  акті болып табылады.

Аталған конституциялық норма жерлерді нарықтық айналымға тартуға, жерге қолдануға болатын  мүліктік қатынастардың құқықтық режимінің қажетті түсініктерімен бірге таратылуына, жер құқығы субьектілерінің құрылымын өзгертуге  жол ашты.

Қазіргі заманғы жер заңнамасы жеке меншік құқығын қорғау арқылы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі өзгерістерге және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының қорғалуына көз жеткізу үшін Қазақстан Республикасының 1990 және 2003 жылдардағы Жер Кодекстерін салыстыру жеткілікті. Бұрынғы заңнамада жер тек қана мемлекет меншігінде болды, жер учаскелерін сату-сатып алуға, сыйға тартуға, кепілге салуға және өз бетінше айырбастауға  рұхсат берілмеді (1990 жылғы Жер Кодексінің  3 бабы). Қазіргі заманғы заңнамада жерге мемлекеттік меншік те және жеке меншік те  бірдей танылады және тең дәрежеде қорғалады.    

 

Жерге орналастыруды жүргізуге құқықтары бар лицензиаттардың тізімі

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 150 бабының 2 тармағы бойынша жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыруды жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау облыстық уәкілетті органның («ШҚО жер қатынастары басқармасы» ММ) құзіретіне жатады.Лицензияның алуға керекті құжаттар:1)Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен түрде, белгіленген үлгімен жазылған өтініш;2)квалификациалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;3)оңаша түрдегі жұмыстармен айналысуға берілетін құқығы үшін төленетін лицензиалық алымды (10 АЕК) бюджетке төлемді растайтын құжат;4)заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында жерге орналастыру жұмыстарын 23 лицензия иегерлері орындайды:

Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

Облыс бойынша 2006 жылдың 1 қазанына дейін 4609,9 мың га жерге 16294 шаруа қожалықтары, 1182,4 мың га жерге ауылшаруашылық азық-түліктерін өндіретін (АҚ, ЖШС, ӨК), 126 – мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындары құрылды.

2006 жылдың 1 қазанына ауылшаруашылығына арналған жалпы сомасы 72835,6 мың тенгенің жалпы көлемі 6828,1 га 40 жер учаскесі жеке меншікке сатылды, оның ішінде: жалпы сомасы 41450,7 мың теңгенің жалпы көлемі 4701,9 га 34 учаскесі жеке тұлғаларға, жалпы сомасы 31384,9 мың теңгенің жалпы көлемі 2126,2 га 6 учаскесі заңды тұлғаларға сатылды.

Облыс бойынша біртұтас алғанда 2 962 365 мың теңгенің жалпы көлемі 6104,2 га 25205 жер учаскесі жеке меншікке, жалдап алу құқығына сомасы 32844,8 мың теңгенің жалпы көлемі 209,5 га 286 учаскесі сатылды, жер учаскесін сату бойынша 20 аукциондар мен 62 конкурстар өткізілді.

Кейбір нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру:

1. «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы

«Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi «Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және Заңға сәйкес жария етiлген жер учаскесiне құқықтарды ресiмдеу тәртiбiн регламенттейдi.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу үшiн аудандар мен қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына объектінің орналасқан жерінде өтiнiш бередi.

Мыналар өтінішке қоса беріледі:

1) жер учаскесiнiң сыртқы шекараларын анықтау жөнiндегi материалдар;
2) жер учаскесiн жария ету туралы шешiмнiң көшiрмесi;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, салық төлеушiнiң куәлiгi, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi және олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар.

Жер учаскесінің сыртқы шекараларын анықтау жөніндегі материалды жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларды тарта отырып, жария ету субъектілері жасайды.

Қазақстан Республикасының азаматтары учаске сызықтарының өлшемдері мен шектес учаскелердің иелері (шектес учаскенің иесі туралы деректер: тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлғаның атауы) көрсетілген тиісті схема (жоспар) жасай отырып, жеке қосалқы шаруашылығының (үй маңындағы учаске) жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін өздеріне тиесілі жер учаскесінің сыртқы шекараларын өздігімен анықтай алады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды. ұсынылған құжаттарды қарау кезiнде жер учаскесiнiң көлемi және нысаналы мақсаты, оған қатысты ауыртпашылықтар мен шектеулер, оның бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi анықталады.

Жария етiлген жер учаскесi аумағының көлемi Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 50-бабында белгiленген нормалардан артық болған жағдайларда бүкiл жер учаскесiне құқыы уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану болып анықталады.

ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесiнде жер учаскесiне құқығы анықталады және тиiстi құжаттар жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты (жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт немесе уақытша (ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге) өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқыын беретiн акт) дайындау үшiн мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға «МЕМЖЕРҒЫЛӨН орталығы» ШҚ ЕМК жiберiледi.

Кәсiпорын материалдар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде құқықты куәландыратын құжатты дайындайды.

Құқықты куәландыратын құжатты дайындау кезiнде құжаттың графикалық бөлiгiнде мынадай мазмұндағы жазба жазылады: «cxeмa (жоспар) жер учаскесi иесiнiң (жер пайдаланушының) деректерi бойынша жасалды».

Кәсiпорын дайындалған құқықты куәландыратын құжатты тиiстi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жария ету субъектiсiне беру үшiн жiбередi.

Жеке тұрғын үй объектiлерiне арналған жер учаскелерiн жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтарына құқықты куәландыратын құжатты дайындау және беру өтеусiз негiзде жүргiзiледi.

Басқа жария ету субъектiлерiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау заңнамада белгiлеген тәртiппен бекiтiлген бағаларға сәйкес, өтеулi негiзде жүргiзiледi.

Облыс әкімдігінің кеңесінде мүлікті жария ету мәселесі қаралған, онда мекеме бастығы А.Насыров сөз сөйлеп түсініктеме жасады, ол 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 137-138 «Рудный Алтай» бұқаралық ақпарат басылымында жарияланған.

Бұдан басқа, облыс халқына жер учаскесiн жария ету мәселесін хабарлау мақсаты бойынша материал дайындалған, ол да 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 139 «Рудный Алтай» бұқаралық ақпарат басылымында жарияланған.

Бүгінгі күнге жария етілген жер учаскелеріне өз құқығын білдіруге 2195 өтініш тапсырылды. Ең көп өтініш саны Зырян, Тарбағатай аудандарынан және Өскемен қаласы бойынша тапсырылды (№ 1 қосымша).

№ 1 қосымша
Жер учаскесін легализациялау бойынша 2006 жылдың 1 қазанына ақпарат

2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкметінің № 726 қаулысына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ережесi әзірленген.

Осы ережеге сәйкес жер учаскесiн алу үшiн мүдделi адамдар жер учаскесiн беру туралы өтiнiшiн (қолдаухатын), сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға бередi.

Өтiнiште жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжанатын мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы; жеке тұрғын үй құрылысы үшiн басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi.

Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң көшiрмесi;
3) азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бұрын берiлген құқығы бар жер учаскелерiнiң болуы немесе болмауы туралы анықтама (сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органы жетi күн мерзiмде бередi);
4) азаматта жеке үй құрылысының болуы немесе болмауы туралы анықтама (жылжымайтын мүлiктiң тiркелуiн жүзеге асыратын орган жетi күн мерзiмде бередi).

Кенттерде, ауылдарда (селоларда) жер учаскесiнiң болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi бере алады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiш, оның түскен сәтiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады.

Жер учаскесiн беру немесе оны жеке тұрын үй құрылысы үшiн беруден бас тарту туралы шешiмдi құрылатын комиссия қорытындысы негiзiнде сұралатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша, жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.

Комиссия қорытындысын дайындау кезiнде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары мен жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша сәулет және қала құрылысы жергiлiктi органдарының оны жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстары ескерiледi.

Жер учаскесiн бөлiп беру үшiн алањдар болмаған жағдайда комиссия жалпы тiзiмдегi кезек нөмiрiн көрсете отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi арнайы есепке қою туралы қорытынды бередi. Тиiстi хабарлама комиссия қорытындысы берiлген сәттен бастап жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге жiберiледi.

Комиссия қорытындысының негiзiнде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi жергiлiктi атқарушы органдары арнайы есепке алады және бөлiп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.

Жердi бөліп беру үшiн алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесiн алуға арналған кезек тiзiмi ашық болып табылады, оларға жергiлiктi атқарушы органдары, тоқсанына кемiнде бiр рет тұрақты шығатын арнайы ақпараттық стендтер және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қамтамасыз етедi.

Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi және дәлелденуi, ал көшiрмесi шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылуға тиiс.

Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскелерiне тиiстi құқықты беру туралы шешiмi өтiнiш берушiге шешiм қабылданған сәттен бастап жетi күн мерзiмде жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы шешiмнiң көшiрмесiн бере отырып, жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңға жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде әрбiр жер учаскесiне жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.

Жер учаскесiн жеке меншiкке беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындау және беру жүзеге асырылады, олар жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлген адамның республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiш беру сәтiнен бастап өтiнiшке жер учаскесiн беру туралы тиiстi шешiмнiң көшiрмесiн қоса бере отырып бiр ай iшiнде жүргiзiледi.

Жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналан актiнi дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлген адамның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңдар бекiтiлген басты жоспарларға, егжей-тегжейлi жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелерi мен елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес массивтермен бөлiнуге тиiс. Жер учаскелері инженерлік желілері тұрғызылғаннан кейін беріледі.

Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 шiлдедегi N 748 қаулысымен бекiтiлген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшiн жер телiмдерiн беру ережесiмен реттеледi.

Шетелдiк азаматтарға жєне азаматтығы жоќ тұлғаларға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi жеке меншiкке ақы төлеу негiзiнде "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жадайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығымен көзделген шектеулер ескерiле отырып берiледi.

2006 жылдың 1 қазанына түгелдей облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшiн 5857 өтініш тапсырылды, оның ішінде 2357 учаске бөлінді, 143 алаң мен 772 учаске дайындалды.

3. «Лицензиялау туралы» Заң

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі «Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулысына және Жер кодексіне сәйкес өндірісті жерге орналастыру лицензиялау қызметіне жатқызылады.

ҚР заңды және жеке тұлғаларына өндірісті жерге орналастыру жұмыстарды жүргізуге лицензия алу үшін мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

заңды тұлғалар үшін:
1)лизензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс;
2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялықжұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталғанқұралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;
3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы;
4)әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердіжұмыс жүргізуге пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.

жеке тұлғалар үшін:
1)жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы;
2)мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы;
3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.

ШҚО жер қатынастары басқармасына лицензия алу үшін – лицензиарға мынадай құжаттар беріледі:
1)белгіленген үлгідегі (№ 3 қосымша) өтініші
2)өтініш берушінің талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттары;
3) жерге орналастыру жұмыстарымен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктіңкөшірмесі табыс етілуі қажет. Өтініш беруші құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Басқармада барлық берілген қажетті құжаттары мен өтініш берішінің жерге орналастыру жұмыстарымен айналысу құқығы қойылған талаптарға сай екендігін анықтайтын арнайы комиссия құрылған. Комиссияның оңды шешімі болған кезде лицензиар арыз берілген күннен бастап бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – он күн мерзімнен кешіктірілмей беріледі.

Лицензиясын жоғалтқан жағдайда, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлғаның тұрған жері өзгерген жағдайда, ол бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензияттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он жұмыс күні ішінде орындайды.

Егер талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым төленбесе, арыз беруші белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе, арыз беруші жөнінде оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса лицензия берілмейді.

Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату, лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыру үшін жауапкершілік лицензиялау туралы заңмен реттеледі.


Мұрағат

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300