| Шығыс Қазақстан облысы салаларының жағдайы
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына және бағдарламалық дамуына сәйкес әлеуметтік-экнономикалық дамуының негізгі индикаторлары мен көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен табиғат қорғау іс-шараларының қатары орындалуда.
2011 жылы келесі жұмыс түрлері орындалды:
Ластаушы заттардың кеңейтілген тізбесі бойынша Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайын бақылау қамтамасыз етілді.
«Республикада алғашқы рет 2011 жылы атмосфералық ауаның жағдайын тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласында үздіксіз автоматтандырылған режимде ауадағы, кәсіпорындардың шығарындылары мен тастандыларындағы зиянды заттардың концентрациясын, радиациялық фонның деңгейін бақылауға және жедел әрекет ету шараларын қабылдау мақсатында толық және нақты ақпаратты тұрғындарға, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынуға мүмкіндік беретін Өндірістік экологиялық мониторингтың өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ӨЭМӨААЖ) енгізілді.
Облысқа түсетін дизельді отынның сапасын 8 сынама көлемінде бақылау жөніндегі сынақтар жүргізілді, соның ішінде нормативті құжаттардың талаптарына 4 сәйкес келмеушілік анықталды; облысқа түсетін бензиннің сапасына 3 сынама көлемінде бақылау жүргізілді, сәйкессіздік анықталмаған.
Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекарасында жер беті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жоба әзірленді.
Өскемен қаласының аумағында радиоактивті ластанудың бір ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сақтауға 112664 дана құрамында сынабы бар қалдықтар жиналды.
Облыста алғашқы рет біздің басқармамен Семей қаласындағы құрамында сынабы бар қалдықтарды демеркуризациялау учаскесі ұйымдастырылып, жобалық күшіне енді. Демеркуризациялық қондырғыда 275730 дана істен шыққан аспаптар мен бұйымдардың демеркуризациясы (кәдеге жарату) жүргізілді.
Өскемен қаласындағы Щербаков көшесі бойынша КМС ауданында №1 Защита кенорыны кірпішті саздақтарында Өскемен қ. 5 га ауданды тазалау имараттарынынң лайлы қалдықтарды қолдану арқылы істен шыққан кеніштердегі бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жоба әзірленіп, келісілді.
Су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының су объектілерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешені орындалды, оның шеңберінде жаңа ГЭС-тарды салу нұсқалары қарастырылған.
«Шығыс су қоймалары» КМК-мен бірлесіп ШҚО аумағында гидромелиоративтік құрылыстар мен суару жүйелері кешендерін қайта жаңарту және салу бойынша жобаға дейінгі құжаттаманы әзірлеу үшін инвестициялық ұсыныстарды дайындау жөніндегі іс-шаралар қатары жүргізілді.
Биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін жабайы жануарлардың санын реттеу мақсатында – 370 бас қасқырды және 30 бөлтірікті ату, қабылдау және көму жүргізілді.
Жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи азық базасын құру мақсатында биотехникалық іс-шаралар жүргізілді – Ұлан және Көкпекті ауданының алқаптарында 250 гектардан арпа мен тары егілді, 125 гектарлық алаңдарда шабу, астықты бастыру және элеваторға тасу жүргізілді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім мен оқыту деңгейін арттыру мақсатында халық арасындағы ағартушылық жұмыстарының іс-шаралар жоспары іске асырылды:
- экологиялық білім беру және ағарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінде жазғы демалыс кезеңінде жазғы экологиялық лагерьге 3 рет бару ұйымдастырылып, жүргізілді.
- экологиялық мұражай негізінде мектеп және колледж оқушыларының қатысуымен экологиялық бағытта мемлекеттік және орыс тілдерінде 48 дәріс оқылды;
- облыстық экологиялық акция ұйымдастырылып, өткізілді, оның шеңберінде 1200 данаға жуық ағаштар мен бұталардың көшеттері отырғызылды, Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұрғындары, ЖӨБК, ПМК арасында аула аумақтарын абаттандыру бойынша сенбіліктер мен конкурстар өткізілді.
- «Экосфера» ақпараттық-аналитикалық журналы шығарылды.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
Аймақтың негізгі индикаторларын және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының даму бағдарламасына сәйкес, басқарма ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын орындауға арналған 23 шарт жасасты.
Ағымдағы кезеңде мынадай жұмыс кезеңдері орындалды:
- ластаушы заттардың кеңейтілген тізбесі бойынша Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайын бақылауды қамтамасыз ету бойынша - Өскемен қаласының 3 ауданыныда 13 ластаушы қоспа бойынша наурыз-маусым айлары ішінде атмосфералық ауаның ластану жағдайын бақылау жұмыстары жүргізілді. Құрамында күкірт диоксиды, азот диоксиды, көміртегі оксиды, формальдегид, бенз(а)пиреннің болуы бойынша қаланың 4 автомагистраль көше қиылысына қатысты ақпарат ұсынылды. Қолайсыз метео жағдай күндері және штаттан тыс ахуал кезінде атмосфералық ауа құрамына (8 қоспа) қосымша зерттеулер жүргізілді.
- облысқа түсетін дизельді отынның сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша – 5 сынама мөлшерінде 18 көрсеткіш бойынша дизельді отынның сапасына сынақтар жүргізілді, соның ішінде нормативті документтер талабынан 2 сәйкессіздік анықталды.
- Риддер қаласының әкімшілік аумағы шекараларында беттік су объектілері бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі жобаны әзірлеу бойынша – жер бетіндегі су объектілері бойынша мәліметтер дайындалды, жобаланып отырған аумақтың жер бетіндегі су объектісіне іргелес аумақ зертелді;
- Өскемен қаласының аумағында анықталған радиоактивті ластану ошақтарын жою бойынша – радиоактивті топырақты дезактивациялау, тасымалдау және көму жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған жоба заңмен белгіленген тәртіпте әзірленіп, бекітілді, РАҚ санатына жататын топырақты жинау және сұрыптау жүргізілді
- құрамында сынабы бар қалдықтарды сақтауға 66767 дана мөлшерінде жиналды;
- демеркуризациялық қондырғыда өңделген сынабы бар құралдар мен өнімдердің демеркуризациясы (кәдеге жарату) жүргізілді – 147750 дана;
- Өскемен қаласы Щербков көшесі бойынша КМС ауданында №1 Защита кенорыны кірпішті саздақтарында Өскемен қаласында 5 гектар ауданды тазалау имараттарының лайлы қалдықтарын қолдану арқылы істен шыққан кеніштердегі бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша жоба әзірленген; ауданы 5 гектар болатын жұмыс учаскесінің жерге орналастыру жұмыстары және топографиялық түсірілімі жасалды;
- биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жабайы аңдар санын реттеу бойынша – 315 бас қасқыр мен 30 бөлтірікті ату, қабылдау және көму жүргізілді;
- жабайы аңдар мен құстарға арналған табиғи азық базасын молықтыру мақсатында биотехникалық іс-шаралар жүргізілді – Ұлан және Көкпекті аудандарының алқаптарында сәйкесінше 250 гектар арпа мен тары егілді;
- экологиялық білім беру және балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінде насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жазғы демалыс кезеңінде жазғы экологиялық лагерьге ұзақтығы 5 күннен 3 рет бару ұйымдастырылып, өткізілді, балалардың жапы саны 100 адам, қала сыртындағы рекреациялық аймаққа 20 адамға арналған бір күнге созылған оқу-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып, жүргізілді;
Облыстық экология акциясы өткізілді; қала әкімдіктерімен, өкілетті органдар және өндірістік кәсіпорындармен бекітілген аумақтарды, жолдарды, көшелерді санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды; көгалдандыру аймақтары анықталды және келісілді, 1200 түп ағаштар мен бұталар көшеттері отырғызылды; тұрғындарды өз аулаларын абаттандыру мақсатында үгіттеу жұмыстары жүргізілді; қала тұрғындарын, студенттерді және оқушыларды тарту арқылы «Қоқысты жою» акциясы (өзен жағалаулары мен қаланы тазалау бойынша) өткізілді; ПИК және қала халқы арасында конкурстар туралы ақпараттандыру жүргізілді, «Экологиялық бақшаның ең үздік жобасы – «Экобақ - өңіңдегі керемет» облыстық конкурсы өткізілді.
Мұрағат
|