Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
 
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Шығыс Қазақстан  облыстық медициналық бірлестігі

   КМҚК «Шығыс Қазақстан  облыстық медициналық бірлестігі»

Бірлестік құрылғаннан бері ұжымды Халықаралық ақпараттау академиясының(2002ж.), Халықаралық Сапа академиясының(2003ж.) мүшесі, денсаулыұқ сақтаудың үздігі, білікті жоғары санатты торакаль хирургі, жоғары санатты денсаулыұқ сақтаудың ұйымдастырушысы Юрий Борисович Приходько басқарады.

Юрий Борисович Приходько Семейде туған. 1973 жылы Семей медициналық институтын бітірді. Шемонайханың ауруханасында хирург болды, содан кейін Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінің ординаторы. 1984 жылдан 1988 жылдары Вьетнамда дәрігер болды, Өскеменге қайтып келіп облыстың жетекші тамырлар хирургі болды. 1990 жылы Юрий Борисович диагностикалық орталықтың бас дәрігері болып тағайындалды. 1994 жылдан ШҚ облыстық медициналық бірлестігінің бас директоры. Бірнеше рет шет елде сынақ мерзімін өткізді. 1994 жылы Калифорния штатында «Жергілікті желі негізінде компьютерлеу» бағдарламасы бойынша дәріс алып Манчестер университетінің сертификатына ие болды. 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің экономика және менеждмент факультетін бітірді. Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылдан 2005 жылға дейін «Денсаулыұқ сақтауды реформалаудың концепциясын» жасауға қатысты. Елу шақты денсаулыұқ сақтаудың әр түрлі проблемалары бойынша ғылыми басылымдардың авторы. КСРО-ның сыртқы істер байланысы бойынша Мемлекеттік комитеттің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы денсаулыұқ сақтау Министрлігінің Мақтау грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатына ие, Облыстық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен марапатталған. Облыстық мәслихаттың 1999ж. және 2003 ж. шақырылымдарының депутаты.Үйленген, бал шаруашылығымен айналысады.

  Қабылдау сағаты әр бейсенбі сағат 14.00-ден.
  Телефондар: 256034

КМҚК «Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бірлестігінің» халыққа медициналық көмек көрсету жұмысы бойынша ғасырлық тәжірибесі бар. 1994 жылы облыстық аурухана мен диагностикалық орталық қосылғаннан кейін осылай аталатын болды. Аурухана емдеу және ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып саналады. Өз құрамында 12 клиникалық бөлімшелері бар 425 төсектік стационар,(соның ішінде торакаль және тамыр хирургиясы, проктология, көз микрохирургиясы, гематология, ортопедия аумақтағы жалғыз бөлімшелер болып саналады) бір сменде жоспарлық қуаты 300 адамға дейін қабылдайтын консультативтік бөлім, күшті диагностикалық базасы бар. Аумақтағы жалғыз ғана көзге протез жасайтын және көздің көру қабылетін түзейтін зертхана бар. Қалаға басқа жерден келген емделушілерге тұруға арналған пансионат бар. 27 емдеу мамандары бойынша соңғы заманғы медициналық технологияны және халықаралық емдеу хаттамаларын қолданып облыстың барлық тұрғындарына жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Жыл сайын бірлестіктің стационарында 11 мыңнан астам аурулар емделеді, консультативтік бөлімде 80 мыңға жуық пациенттер тексеріледі, миллионнан артық зертханалық диагностикалық тексерулер жүргізіледі. Бірлестікте жамбас сан буындарына эндопротез жасау бағдарламасы игеріліп жүзеге асырылды, жоспарлы түрде кардиохирургия мен аритмология бойынша жасалған бағдарлама жүзеге асырылуда. Оперциялық гинекология, диагностика, медико-генетикалық консультация мен өте тығыз байланысты отбасын жоспарлау Орталығын құру бағдарламасын жүзеге асыруға кірістік. Туынды бедеулікке жасалған операциялар жақсы нәтиже беруде. Қазіргі кезде ұжым сапалы медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін сапаны бақылау жүйесін енгізу бойынша белсенді түрде жұмыс істеуде. Ұжым Ресей Федерациясы Сапалар Проблемасы академиясының ұжымдық мүшесі. ШҚ облыстық медициналық бірлестігі Сібір федеральдық округінің медициналық ұйымдарымен және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы округінің басқа іргелес аймақтарының ынтымақтастық Бағдарламасы бойынша:Томскінің РАМҒ ғылыми орталығының кардиологиялық институтымен, Томскінің медициналық академиясының клиникасымен, Новосібірдің Е.Н.Мешалкин атындағы ММ қан айналымының патологиясының ҒЗИ, Барнауыл қаласының гемостаз патологиясының Федерациялық орталығымен, жілік майын алып салу бойынша Новосібір қаласының иммунология институтымен, Санкт-Петербург қаласының м.ғ.д. Афанасьев Н.Б. басшылық ететін гематологиялық институтымен тығыз байланыста. РАМҒ гематологиялық орталығымен INTERNET жүйесі арқылы аурудың жілік майы препаратының суреті мен медициналық картасы беріліп «телемедицина» жүзеге асырылады. ШҚ облмедбірлестік Новосібір қаласының №25 муниципальды емханасының көзге протез жасау зертханасымен ертеден және тығыз жұмыс істеуде. Томск қаласының Халықаралық сапалар проблемасы Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысы өрбуде.

 

 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40

Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: KTokhmoldina@akimvko.gov.kz

Call - центр тел. 8 (7232) 203-300