Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 9 айындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)

2011 жылы денсаулық сақтау ісін кадрлық, материалды-техникалық қамтамасыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының атқарылып жатқан  жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту, медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар облыс бойынша басты демографиялық көрсеткіштердің жақсаруымен сипатталады.
2011 жылдың 7 ай ішіндегі алдын ала берілген мәліметтер бойынша туу былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1000 тұрғынға шаққанда 16,86-дан 15,82-ге дейін төмендеген. 2011 жылдың 7 ай ішінде өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 12,63-тен 12,39-ға дейін артқан. Табиғи өсім облыс бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,23-тен 3,42-ге дейін төмендеген.

2011 жылдың 1 қазанына қарағанда облыста ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 28,4-тен 23,5-ке дейін азайған (2011 ж.       8 айында ҚР – 17,8). 
2011 жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 17,6 құрап, өткен жылмен салыстырғанда  19,3 пайызға төмендеген (2010 ж. 9 айында – 21,8).
Мемлекеттік бағдарлама аясында, бірінші кезекте, облыстағы бастапқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту мен дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. 2011 жылдың 1 қазанына қарағанда  медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейі: медициналық пунктерде (МП) – 39,3 пайыз, қалалық отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда (ДА) – 62,3 пайызды, ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда (ДА) – 47 пайыз, БМСКО – 63,1 пайыз.
Ана мен баланың денсаулығын нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Ана мен баланы қорғауды жақсарту үшін балалар мен перзентхана үйлері ең төменгі нормативтерге дейін медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталды. 2011 жылдың басында балалар ауруханаларының медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталу деңгейі 60,4 пайызды, перзентхана ұйымдарында 62,8 пайызды құрады.
Облыста амбулаторлық емдеудегі созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдер бекітілген тізімге сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз етуді жақсарту, жас мамандарды ынталандыру, медицина кадрларын даярлау мәселелері бір уақытта шешіліп жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың негізгі сыныптары бойынша аурушаңдылық жағдайы 2011 жылдың 9 айында туберкулезбен аурушаңдылықтың 100 мың тұрғынға шаққанда 94,7-ден 85,0-ге дейін 10,2 пайызға төмендегенімен сипатталады. Туберкулезден болған өлім 100 тұрғынға шаққанда 12,8-ден 11,8-ге дейін 7,8 пайызға төмендеді.
2011 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша қатерлі ісік аурушаңдылығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 188,2-ден 195,6-ға дейін 3,9 пайызға артқан. Қатерлі ісік ауруынан болған өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 109,8 құрады (2010 ж.       9 айында -109,7).
Есеп беру кезеңінде мерез аурушаңдылығы 100 мың тұрғынға шаққанда 2010 жылғы 24,3 қарағанда 19,7 құрап, 18,9 пайызға төмендеген. Облыс тұрғындарының арасындағы мерез аурушаңдылығының жағдайы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, ал облыста туа біткен мерез аурушаңдылығы тіркелмеген.

 

Директор Ж.Ахмадиева

 


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2011
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2008
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы