Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Өңірлік жобаға қатысу үшін қосымша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

2017 жылдың  маусым айының 9-нан 28-не дейін өңірдің тұрғындары Шығыс Қазақстан облысының өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында да баспаналы бола алады. Осы бағыт бойынша Өскеменнің іргесіндегі Қ. Қайсенов ауылында 80 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оларға қашан дауыс беруге болатынын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақын күндері жариялайтын болады. Бір шаршы метрінің құны – 119 000 теңге, бұл нарықтағы бағадан 45 %-ға арзан.  
Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу керек, сонымен қатар, шотында тұрғын үй құнының 30 %-ы жатуы тиіс.   

Қ.Қайсенов а. ШҚО өңірлік бағдарламасы бойынша нысандар

1 шаршы метрінің құны, теңге Пәтер түрі Пәтер ауданы,ш.м. Пәтер бағасы,тенге Пәтер саны
119 000 1-бөлмелі 46,41 дейін 5 522 790 тг дейін 24
3-бөлмелі  85,64 дейін 10 191 160 тг дейін 17

Жылы, жайлы, меншікті пәтер. Бүгінгі таңда меншікті тұрғын үйге ие болу көпшілік үшін бірінші кезекте тұрған мселе. Әрине  барлығына өз шаршы метрін алу сенім ұялатады,ал жұмысынан туған шаңырағына оралу әр қазақстандықтық арманы. Сол себептен  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  арқылы баспана мәселесін шешуге асығыңыздар!

Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің  www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте»  беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің  иеленген баллдары мен  кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

 

Толық ақпарат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінен алуға болады:
Өскемен қ., Головков көш., 25/1, (7232) 28 00 75,
Өскемен қ., Михаэлис көш., 2, (7232) 75 39 70,
ШҚО, Аягөз қ., Дуйсенов көш., 102/2.,(72237) 33334.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ресми сайты https://www.hcsbk.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.06.2017 / 09.06.2017