Денсаулық сақтау
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 сұрақ және жауап
Сұрақ   Жауап
Қазақстан Республикасында және шетелдерде емделуге квота қалай беріледі? Аталған мәселе қандай нормативтік құжаттармен реттеледі?    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Стационарлық көмектерді көрсету ережелерін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №761 бұйрығының 32-тармағына сәйкес жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмаса немесе барлық қолданыстағы әдістер пайдаланылып, оң нәтижесін бермесе, пациенттің республикалық клиникаларға жоспарлы емделуге жатуға көрсетілімі болған жағдайда, жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі –ЖММК) комиссиясының шешімімен емделуге жатуға жолданады. Денсаулық сақтаудың республикалық медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін  жергілікті мемлекеттік органдар жанынан Облыстық денсаулық сақтау басқармасында ЖММК комиссиясы құрылады.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – АМСК) көрсететін немесе медициналық ұйымдардың мамандары АМСК көрсететін немесе медициналық ұйымдардың меңгерушісімен немесе сол ұйымның бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесе отырып, пациенттің мамандандырылған медициналық көмекті және ЖММК алуға медициналық көрсетілімі болған жағдайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы   20 желтоқсандағы №986 бұйрығымен бекітілген мамандандырылған медициналық көмектер және ЖММК көрсету ережелеріне сәйкес ЖММК комиссиясына қарауға барлық құжаттарын жібереді.

ЖММК комиссиясының ЖММК көрсету туралы оңды шешімін қабылдау үшін пациенттің жолдамасы Емдеуге жатқызу бюросының порталында (бұдан әрі –Портал) тіркеледі, бір жұмыс күннің ішінде АМСК көрсететін немесе медициналық ұйымға жоспарлы емдеуге жатқызу кодымен, стационарға емдеуге жатқызуға берілген жолдамасы шығарылып, барлық құжаттарын тапсырады.

 

Пациентті республикалық деңгейдегі клиникаларға ЖММК алу үшін жоспарлы емделуге жолдау кезінде:

1-қадам – пациенттің республикалық клиникаға ЖММК алу үшін жоспарлы емделуге жатуға көрсетілімі болса, онда учаскелік дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе емхананың бас дәрігерінің орынбасарымен бірлесе отырып, емхана деңгейінде пациентті ең төменгі көлемдегі тексеруден өткізеді:

2-қадам – пациенттің барлық құжаттарын Облыстық денсаулық сақтау басқармасының комиссиясына қарауға жібереді;

3-қадам – өңірлік комиссия оңды шешім шығарғаннан кейін, Порталда жоспарлы емдеуге жатқызу өтінімін тіркейді;

4-қадам – стационар Порталда жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтағаннан кейін, өңірлік комиссия пациенттің қаралып жүрген емханасына барлық жиналған құжаттарын жібереді. Құжаттар пациенттің қатысуынсыз, факс немесе электронды байланыс арқылы жолданады;

5-қадам – учаскелік дәрігер жолдаманы алған соң, пациентке жоспарлы емделуге жату мерзімін хабарлайды, оған емделуге жату мерзімдерін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ белгілі бір жағдайлар туындаса, дәрігерді деркезінде хабардар ету жайында түсіндіріп береді;

6-қадам – пациент емделуге жатуды күту кезінде үздіксіз учаскелік дәрігердің бақылауында болуы керек.

       Азаматтарды шетелдік медициналық ұйымдарға жолдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаражаттар есебінен емдеуге жолдау   ережелерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы №544 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары емделуге жолданатын аурулар тізімі бойынша денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаражаттар есебінен шетелге емдеуге жолдау мәселесін шешу үшін денсаулық сақтау басқармасы Комиссияның (тұрақты Комиссия - Қазақстан Республикасының азаматтарын   шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жолдау бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңес органы) қарауына келісідей құжаттарды енгізеді:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жолдау жөніндегі денсаулық сақтау басқармасының қолдаухаты;

2 жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

3) осы пациентті дәлелді медицина негізінде жоғары технологиялық әдістермен анағұрлым тиімді емдей алатын шетелдік медициналық ұйымға бюджеттік қаражаттар есебінен емдеуге жолдаудың мақсатқа сәйкестілігі жөніндегі жұмыс органының қорытындысы.

Қорытынды алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жұмыс органына (Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаражаттар есебінен шетелге емдеуге жолдау мәселелері жөніндегі консультативтік орган) барлық жүргізілген зерттеулер, кеңестер, емдермен қоса пациентті шетелдік медициналық ұйымда емдеу қажеттілігі туралы қорытындыдан тұратын республикалық медициналық ұйымның берген аурулар тарихынан (бір айдан кешіктірілмеген мерзімімен) шығарылған көшірмесін жолдайды.

Қандай аурулар түрі бойынша Қазақстан Республикасында және шетелдерде емделуге квота бөлінеді?   Тәуліктік медициналық бақылаудағы білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектер көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызудың көрсетілімі болып табылады.

Қалалық, облыстық және республикалық деңгейде жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі - ЖТМҚ) көрсететін әрбір медициналық ұйымда Медициналық көмектерді ұйымдастыру департаменті бекіткен тізімге сәйкес қызметтер көрсетіледі. Медициналық көмек келесідей барлық бейіндер бойынша көрсетіледі: кардиохирургиялық, кардиологиялық,  хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, урологиялық, ЛОР, перинаталдық, офтальмологиялық.

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаражаттар есебінен шетелге емдеуге жолдауға жататын аурулар тізімі де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік қаражаттар есебінен емдеуге жолдау   ережелерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы №544 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген.

Ересек тұрғындар (балалардан басқа) үшін:

1)    Бас миының хирургиялық қолжетімсіз ең маңызды бөлігінде орналасқан түрін радиохирургиялық әдіспен емдеуді қажет ететін артериовенозды мальформация және ісіктер.

2)    Эндоваскулярлық емдеуге жататын мас миының, арқалық миының және артериалды аневризмнің бағана буындарының артериовенозды мальформациясы.

3)    Трансоралдық алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.

4)    Радиохирургиялық әдіспен емдеуді қажет ететін көздің қатерлі ісіктері.

5)    Кератопротездеу.

6)    Тіндерді (тін бөліктерін) немесе мүшелерді (мүше бөліктерін) ауыстыруды қажет ететін аурулар.

7)    Көмейдің тарылуы.

8)    Кеңірдектің тарылуы.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 18 жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдарында диагностикалау мен емдеудің барлық әдістері пайдаланылып, оңды нәтижесін бермеген жағдайда, медициналық көрсетіліміне сәйкес келсе, шетелдік ем қабылдауға жолданады.

Кімнің квота алуға бірінші кезектік құқығы бар? Тұрғындардың квота алу тәртібі? Квота беруге кім қорытынды шешім шығарады?   Жоспарлы емдеуге жатқызудың кезектілігі медициналық ұйымдардағы бос төсек-орындарға байланысты болады. Тұрғындардың жеңілдік санаты пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызу кезегіне әсер етпейді.

Тұрғындардың квота алу тәртібі №1-сұрақтың жауабында түсіндірілген.

Аурудың бір бейінінің шегінде тұрған кезекке сәйкес туыстық донор болған жағдайда, мүшелерді, тіндерді ауыстыруды қажет ететін, сондай-ақ өміріне қауіп төніп тұрған жағдайдағы пациенттер, балалар, жүкті әйелдер басымдықпен шетелдерде емделуге жолданады.

Тұрғындарға квота беруден бас тартудың қандай негіздері бар және мұндай жағдайлар орын ала ма? Квота таусылып қалған жағдайда қосымша тапсырыстар бола ма?   Пациентті емдеуге жатқызудан бас тарту жағдайлары емдеуге жатқызуға медициналық көрсетілімі болмаған немесе қарама-қайшылық орын алған кезде туындайды. Пациентке ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде денсаулық сақтау басқармасының ЖММК комиссиясы медициналық ұйым немесе стационардың емдеуге жатқызудан бас тарту негіздігі көрсетілген қосымшасымен қоса пациенттің барлық құжаттарын АМСК ұйымына қайтарып береді.

Стационарлық медициналық ұйымда орналастырылған мемлекеттік тапсырыс таусылған жағдайда, аталған қызмет көрсету түрінің қажеттілігі туралы негіз болса қосымша мемлекеттік тапсырыс бөлу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған мәселені Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, Медициналық қызметтер көрсету комитетінің аймақтық департаменті реттейді.

Тұрғындарды квоталар туралы ақпараттандыру қалай жүргізіледі және оны алу тәртібі?    Медициналық ұйымдардың ақпараттық сайттарында стационарлық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу тәртібі мен ережелері туралы ақпараттар орналастырылады. Пациент стационарды, сондай-ақ республикалық деңгейдегі ұйымды (бұдан әрі –республикалық клиника) таңдаған кезде АМСК көрсететін немесе медициналық ұйымның маманы сәйкес бейініне қарай оған бос төсек-орындар туралы ақпарат береді.

Сонымен қатар әрбір пациент «қонақ» ретінде электрондық емдеуге жатқызу бюросына кіріп, ақпарат ала алады. Емдеуге жатқызу бюросының порталы – алдыңғы үш күндегі республикадағы кез келген стационардағы бос төсек-орындар туралы ақпарат ала алатын ғаламтор-ресурсы (https://bg.eisz.kz). Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызу кодымен қоса жолдама алса, онда өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдық күту парағын қарап, өз кезегін қадағалай алады.

Оңалту орталығында кімдер ем ала алады?   Орталық халықтың тек ересектері үшін тәулік бойғы 80 төсек және күндізгі стационарға 20 төсек арналған. Емхана үш негізгі бағытта мамандандырылуда: кардиологиялық (миокарда инфаргін алғандар және жүрек пен тамырға операция жасалғандар), неврологиялық (инсулть және нейрохирургиялық операция алғандар), травматологиялық-ортопедиялық (эндопротездеу, артроскопия және кез келген локализация остеосинтезі – операциялары) кейінгі оңалту жағдайлары.

Мамандар мен пациенттердің пікірі бойынша – осындай бағыттағы медициналық орталық біздің өңірде аса қажет. Оның негізгі мақсаты – оңалтудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, әртүрлі жағдайдан кейін қалпына келтіру: кинезотерапия, жекелей дене шынықтыру емі, емдік массаж, эрготерапия, физиоемдердің (сумен емдеу және т.б.) бірнеше түрлері.

 Оңалту орталығына түсу тәртібі?   Ауруға шалдыққан кейін науқасқа Орталықта оңалту курсынан өтуді емдеуші дәрігері ұсынады. Мысалы, пациент миокард инфаргінен кейін облыстық аурухананың коронарлық синдром бөлімшесіне түседі, мұнда ол ем алады және оңалтудың бірінші кезеңінен өтеді. Содан кейін, осы бөлімшенің дәрігері науқастың осы кездегі жағдайын сипаттап, оңалту әлеуетіне баға бере отырып, науқастың картасынан көшірмені Орталықтың электрондық поштасына жібереді.

Одан әрі Орталықтың МДК жұмысына түседі, ондағы командаға кіретіндер: үйлестіруші дәрігерлер (невролоргтар, травматологтар, кардиологтар), оңалтушы дәрігерлер, ЕДШ нұсқаушылары, массаж жасаушылар, эрготерапевтер, логопедтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, гастроэнтерлог, диетолог. Мамандар пациенттің көшірмесін зерттейді және өз бағаларын береді – пациент расында да оңалтудың екінші, үшінші кезеңдеріне жата ма және науқас үшін қалпына келтіру емінің жекелей бағдарламасы жасала ма, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен емдеу, психологиялық диагностика және түзету, әлеуметтік және логопедтік көмек алынып тасталмайды. Пациенттер, негізгі ем алған бейіндік стационардан кейін бірден жолдамамен және стационардың көшірмесімен оңалту орталығына әкелінуі мүмкін.

Сонымен бірге, осы медициналық мекемеге ОДА-дан учаскелік терапевтердің жолдамасымен азаматтар түсуі мүмкін. Терапевтің жолдамасынан басқа талдаулардың минималды тізбесі, аурулары және тексерулер бойынша ақпарат талап етіледі.

Стационар және МСАК-тың жолдамасы бойынша Орталықта ем алу және медициналық оңалту тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, тәулік бойы болу жағдайында, сондай-ақ амбулаториялық көмек жағдайында да Орталықта ақылы қызметтер бар. 2016 жылдың наурыз айынан бастап Орталықта Пациенттерді және олардың туысқандарын қолдау мектебі жұмыс істеуде. Мектеп жұмысының негізгі мақсаты – ауруларынан кейін пациенттерге арналған күтім ережелері бойынша оқыту және кеңес беру.

Орталықтың мамандары кәсіби шеберлік деңгейлерін үнемі арттырып отырады. Қазіргі күні бір бөлігі Астана қаласында оқып жатса, қараша айында Алматы, Мәскеу және Санкт-Петербург сияқты алдыңғы қатарлы оңалту клиникаларында оқыту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда орталық толық көлемде жұмыс істеуде және Шығыс Қазақстаннан, сол сияқты ҚР басқа өңірлерінен де пациенттерді қабылдауға әзір.

Оңалту орталығының мекен-жайы

Оңалту орталығы Сәтпаев даңғылында жаңа облыстық театрдың қасында орналасқан. Тіркеу орнының телефоны 742-707.

Орталықтың сайтына http://vkorc.kz. кіріп, Орталық туралы анағұрлым толық ақпарат алуға, қажет болғанда сұрақтар қоюға болады.

Call-Center телефоны - 701 – 131

 Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек?   Медициналық ұйымға тіркелу үшін

1) Жеке куәлік болу керек,

2) Медициналық ұйымның бас дәрігері атына өтініш жазу керек.

 Еркін тіркелу деген не? Ұйымды өзім таңдауға құқым бар ма?   Еркін тіркелу деген азаматтың емхананы немесе дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау құқығы.
 Жыл бойы еркін тіркелу бойынша ұйымды қанша рет ауыстыруға болады?   «Мемлекеттік көмек көрсету ережелерін және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу ережелерін бекіту туралы» 2015ж.28.04. № 281 бұйрыққа сәйкес жылына 2 рет тіркелуге болады:

1) азамат медициналық ұйымды және дәрігерді еркін таңдауда,

2) жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізілетін еркін тіркелу науқаны кезінде.

 Тіркелу шарасы қанша уақыт алады?   Тіркелу бір күн ішінде өткізіледі. 
Егер адам жұмыс істемесе және жұмыссыздық бойынша есепте тұрмаса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерді қалай алады?   МӘМС жүйесіне жарна төлеймейтін және олар үшін мемлекет жарна төлейтін тұлғалардың 12 тобына жатпайтын азаматтар, оның ішінде ресми түрде тіркелмеген жұмысссыздар, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы, оған медициналық көмектің төмендегі түрлері жатады:

1) Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;

2) Амбулаторлық-емханалық көмек әлеуметтік маңызды ауруларда, айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларда, уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ тұлғаларға 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін, оған кіреді:

- бастапқы медициналық-санитариялық көмек;

- бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманы және бейінді мамандар жолдамасы бойынша кеңестік-диагностикалық көмек;

3) стационарлық көмек:

- әлеуметтік маңызды ауруларда, айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларда, уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша - бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманы берген жолдама бойынша немесе уәкілетті орган белгілеген ауруханаға жатқызу жағдайлардың жоспарланған саны шеңберінде медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;

-  шұғыл көрсетілімдер бойынша жолдама болу-болмағанына қарамай;

4) стационаралмастырушы көмек әлеуметтік маңызды ауруларда, айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларда, уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша, бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның  жолдамасы бойынша;

5) профилактикалық екпелер».

Бұл азаматтарға жоспарлы стационарлық медициналық көмек көрсетілмейді. 

Қызметкер үшін жарна төлемейтін жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады?   «Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 ж.16 қарашадағы №406 Заңымен реттелген «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-1 бабына сәйкес МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды аудару бойынша міндеттерді жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке сот атқарушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, яғни төлемеген (аудармаған), уақтылы емес және (немесе) толық төлемеген жағдайда ескерту жасалады.

Жыл бойы мұндай әрекеттер қайталанған жағдайда әкімшілік жаза қолданылған соң айыппұл салынады:

- шағын кәсіпкер субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – МӘМС-ке төленбеген (аударылмаған), уақытында төленбеген және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған)  аударымдар мен жарналар сомасынан жиырма пайыз мөлшерінде;

- орта кәсіпкер субъектілеріне – отыз пайыз мөлшерінде;

-  ірі кәсіпкер субъектілеріне - елу пайыз мөлшерінде.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі көмекті барлық емдік мекемелер көрсете ме?   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмекті ресми интернет қорында орналастырылған тізім бойынша меншік нысанына қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт бекіткен медициналық ұйымдарда алуға болады. 
Денеден тыс ұрықтандыру (бұдан әрі – ДТҰ) бойынша квотаға кімдер үміт арта алады?  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығы негізінде ДТҰ жасату үшін медициналық көрсеткіштер көрсетілген.

Денеден тыс ұрықтандыру (бұдан әрі – ДТҰ) жүргізу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде мыналар айғақ болып табылады:

1) түтікше-перитониалдық фактордан болатын әйелдер бедеулігі (гистеросальпингография және/немесе диагностикалық лапароскопиялық әдіспен расталған қос жатыр түтікшесінің болмауы немесе бітелуі);

2) ерлер белсіздігінің ауыр нысандары (олиго-, астено-, тератоозоспермия). Сперматогенез көрсеткіштері: эякуляттың көлемі кемінде 0,5 мл, рН 7,2-7,8, эякуляттағы шәуеттердің жалпы мөлшері 1 мл-де 500 мыңнан артық, белсенді-ширақтары 25 %-дан кем емес, морфологиялық қалыпты нысандар 2 %-дан кем емес (Крюгер өлшеміне қатаң сәйкестікте).

ДТҰ-ға ТМККК шеңберінде қалыпты соматикалық, эндокриндікстатусы, қалыпты овариалдық резерві бар ұрпақты болу жасындағы әйелдер жіберіледі.

ДТҰ жүргізу ТМККК шеңберінде жылына бір рет беріледі.

 Сүт қоспалары қалай беріледі?   1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сүйенсек  -

-1 жасқа дейінгі балалар төменде көрсетілген тізімге сәйкес  тегін бейімделген омырау сүтін ауыстыратын  (сүт қоспасы) қамтамассыз етіледі:

- баланы нәресте кезеңінен бастап, яғни 1 жасқа дейінгі жасанды емізуге  ауыстырудың  абсолютті медициналық және әлеуметтік көрсеткіштерінің тізімі:

* әлеуметтік фактор – балаларды асырап алуы;

* емізетін ананың денсаулық жағдайы – ВИЧ- инфекциясы, туберкулездің белсенді формасы;

*  баланың денсаулық жағдайы – лактаздың туа біткен жетіспеушілігі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі сироп» ауруларының болуы;

- баланы нәресте кезеңінен бастап, яғни 1 жасқа дейінгі жасанды емізуге  ауыстырудың салыстырмалы медициналық және әлеуметтік көрсеткіштері:

* әлеуметтік факторлар – көп құрсақты жүктіліктегі балалар, оқу орнында оқитын студент аналардың балалары,  омыраумен емізу уақытында анасының стационарда ем қабылдап жатуы;

 * емізетін ананың денсаулық жағдайы – қан ауруларының ауыр формасы, онкологиялық аурулар, өткір психикалық аурулар, ОПН дамытатын бүйректерінің күрделі аурулары, жүрек қан тамырлары, анада ірің-септикалық аурулар, эндокринді аурулардың күрделі түрі, аллергиялық аурулардың күрделі түрі, гипогалактияның алғашқы формалары.

2. Бейімделген омырау сүтін (сүт қоспасы) бала территориясы бойынша тіркелген медициналық мекеменің дәрігерлер кеңесінің шешімі  негізінде 1 жасқа дейінгі балалар ала алады.

3. Бейімделген омыау сүтін (сүт қоспасы) рецептін берер алдында дәріхана пунктіне көрсету үшін учаскелік дәрігер баланың аты-жөнін, диагнозын, қорап санын көрсетіп жазуы қажет.

4. Рецепт беру кезеңі – айына 1 рет.

5. Дәріханадан тегін бейімделген омырау сүтін  (сүт қоспасы) алу үшін – рецепт көрсету қажет.

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.05.2017 / 03.07.2017