Мәдениет
Сұрақ   Жауап

Аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгілік еске қалдыру үшін қанша уақыт өткен соң ескерткіштерді орнатуға болады?

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 371 Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған немесе тарихи оқиғаның болған күнінен бес жыл өткеннен кейін орнатуға болады.

Шығыс Қазақстан облысының зиялы қауымының мерейтойларын қалай және қай кезде ұйымдатсыруға болады?  

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.1999 жылғы № 1465 қаулысымен) жекелеген тұлғалардың мерейтойларын атап өту алғашқы жүз жылдығында, одан кейін әрбір 25 жылдан кейін өткізу белгіленген.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың жұмыс кестесі қалай және кітапхана қызметін пайдалану үшін не қажет?  

Кітапхана күнделікті сағ. 9.00 –20.00 аралығында, дүйсенбіден басқа күндері (бұл күні әкімшілік қана жұмыс істейді)  пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні, сондықтан бұл күні пайдаланушылар мен оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.

Кітапхана қызметін пайдалану үшін оқырман билеті болуы қажет, оны жеке куәлігіңізді әкеліп, тіркеу секторынан алуға болады. Кітапхананың барлық қызметі ақысыз. 

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ағылшын тілі бойынша қандай курстар бар?

 

Кітапханада ақысыз ағылшын тілі клубтары жұмыс істейді.

-       8 жастан асқан балаларға: «Бірге көңілді» курсы ойын түрінде әр сәрсенбі күні сағат 10.00 және 16.00 жүргізіледі. 

-       Жасөспірімдерге: «Әңгімелесу клубы» – әр сәрсенбі, 16.00 өткізіледі. Әңгімелесулер суретті карточкалар, бейнесуреттер және интернет-ресурстар арқылы жүреді.

-       Жасөспірімдерге: Кітап оқу клубы – әр сейсенбі, жұма күндері сағат 10.00, 16.00.

-       Ересектерге арналған  «Әңгімелесу клубы» – әр бейсенбі, 16.00 (орыс тілді тобы) және сенбі күндері, 15.00 өткізіледі (қазақ тілді тобы). Жағдаяттар бойынша өзара әңгімелесулер: дүкенде, дәріханада, ауруханада т.б.

-       Караоке клубы – ағылшын тілін ән арқылы меңгереміз, әр сейсенбіде сағат 17.30.

-       Мұғалімдерге арналған ағылшын тілі – әр сенбіде сағат 16.00.

-       IELS халықаралық емтиханын тапсыруға арналған дайындық курстары – әр жексенбіде 10,00-12.00

-       Дебаттар клубы – әр жексенбіде сағат 14.00-15.00.

-       Үстел үсті ойындары клубы – әр жексенбіде сағат 15.30.

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер туралы толыққанды ақпаратты қайдан алуға болады?

  Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тұралы ақпаратты «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Мекеменің мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанина көшесі  27/1, телефон: 8 (7232) 492-103, 536-537 немесе келесі ресми сайтынан алуға болады http://cultura-arhiv.vko.gov.kz, http://vko-nasledie.kz/.

Жеке және заңды тұлғалар өз бетінше археологиялық қазба, зерттеу жұмыстарын жүргізе алама?

  Археологиялық ескерткіштерге қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге арнайы лицензиясы бар тұлғаларға ғана жол беріледі.

Архивтік анықтаманы қалай алуға болады?

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен 2016 жылғы 29 наурызда       № 83 қаулысымен бекітілген «Архивтік анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсету Регламентіне сәйкес архивтік анықтамаларды мемлекеттік органның кеңсесі арқылы,  «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы және www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталына  мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты мен регламентіне сәйкес өтініш жазуы арқылы алуға болады. 

Архивтік анықтама қай уақытта ұсынылады және  қандай жағдайда архивтік анықтаманы ұсыну уақыты ұзартылады? 

  Архивтік анықтама құжат қабылданған уақыттан бастап 15 күнтізбе күні ішінде орындалады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ, уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін  көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы хабарландырылады.  

Жұмыс өтілі туралы анықтама алуға болама және қандай құжаттар тізімі қажет?

 

Жұмыс өтілі туралы анықтаманы алу үшін мемлекеттік архивке (облыс, қала, аудан және ауыл), «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіну қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты мен регламентіне сәйкес өтініш формасын толтырып, жеке куәлікті және еңбек кітапшасын ұсыну қажет. 

Экологиялық куәлікті алу үшін тұрғылықты жер  туралы анықтаманы алуға болама? Қандай құжаттар қажет?

  Тұрғылықты жер туралы анықтама алу үшін мемлекеттік архивке (облыс, қала, аудан және ауыл), сондай-ай-ақ,  «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталына жүгініп, тұрғылықты жерде тұрған жылдарға сәйкес отбасы қожайыны туралы ақпарат (ТАӘ, туған жылы) және тұрғылықты жер туралы қосымша ақпарат ұсынып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты мен регламентіне сәйкес өтініш жазу қажет. 

 

   

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 25.04.2017 / 25.04.2017