Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Сұрақ   Жауап

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша сапасыз жөнделген көп пәтерлі тұрғын үйлерге қатысты қайда хабарласуға болады?

  Облыста көп пәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту «Тұрғын үйді пайдалану басқармасы» ЖШС арқылы жүзеге асырылады, олар өз кезегінде объектіге барып орындалған жұмыстардың сапасына тексеру жүргізеді және мердігер ұйымға ақаулар мен кемшіліктерді көрсетумен шағым жасайды. Егер кемшіліктер жойылмаса, мәселені сот органдары арқылы шешуге болады.  «Тұрғын үйді пайдалану басқармасы» ЖШС телефондары: 8(7232)71-01-75; 70-26-20.
 Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай баспана алуға болады?   Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес шешеді. Міндетті шарты кезек тізіміне қарастырылған санаттар бойынша тұру болып табылады. Баспана тек коммуналдық тұрғын үй қорында бөлінетін бос тұрғын үй болған жағдайда кезекке сәйкес берілетін болады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі сапасыз жылумен қамту мәселесі жөнінде қайда хабарласуға болады ?  

Бұл мәселе жөнінде жергілікті атқарушы орган реттеуі тиіс, сондай-ақ мәселені қарастыру үшін жылумен қамту қызметтерін жүзеге асырушы жылумен қамтушы кәсіпорны да тартылады.

Егер ПИК өзінің міндеттерін орындамаса немесе дұрыс деңгейде орындамаса қайда хабарласуға болады ?   Жергілікті атқарушы (қала, аудан) органға, ТКШ бөліміне немесе тұрғын үй инспекциясына хабарласу керек. ТКШ бөлімдері құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулері тиіс.
Лифтті есепке қою және есептен алу үшін қандай құжаттар қажет?  

Әр қойылатын лифтінің (оны пайдалану орнында лифті монтаждауға арналған лифт жабдықтарының жиынтығы) келесі құжат пакеттері болады:

-пайдалану жөніндегі басшылық (нұсқаулық);

-паспорт;

-монтаж сызбасы;

-элементтер тізімімен негізгі электрлік схема;

-негізгі гидравликалық схема (гидравликалық лифтілер үшін);

-пайдалану жөніндегі басшылыққа (нұсқаулық) кіреді:

-монтаждау бойынша, жинау, реттеуді жөнге келтіру, сынақ жүргізу тәртібі және тексеру бойынша нұсқау;

-пайдалану және пайдалану кезінде лифт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар, пайдалануға кіріспе енгізу, белгі бойынша қолдану, техникалық қызмет көрсету, куәландыру, қарау, жөндеу, сынау;

-бөлшектердің тез тозу тізімі;

-кабинадан адамдарды қауіпсіз құтқарып алу әдісі;

-кәдеге жарату алдында пайдаланудан шығару жөніндегі нұсқау.

Кәсіпкерлерге сумен қамтамасыз ету және су тарту желілерін,  жылу желілерін, электр беру желісін салу түрінде мемлекеттен қолдау алуға болады?

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысына сәйкес бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

1) Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриялдық аймақтары құру.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дара (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуді білдіреді.

Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға жіберіледі.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

1) жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;

2) инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысының  141 тармағына сәйкес    құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1)шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді;

2) Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған іріктелген өтінімдердің тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тапсырылады;

3) ӨҮК Бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешімдер қабылдайды;

4) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап етілетін құжаттарды қоса бере отырып, тиісті бюджеттік өтінімді уәкілетті органға жібереді;

5) ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне уәжделген жауап жібереді.

Шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін және жетіспейтін инженрлік инфрақұрылымды тарту бойынша мемлекеттік қолдауды алу үшін  қажетті құжаттар тізімін қоса жолданады.

Шығыс Қазақстанда электр энергетикасының құрылымы қандай? Шығыс Қазақстанда қанша электр энергиясын өндіреді және тұтынады?  

Шығыс Қазақстан аймағында әр-түрлі меншік иелігінде энергия өндіретін 8 ұйым бар, оның ішінде 9 электр станция кіреді. Жалпы электр станцияларға бөлінген қуат 2118,4МВт, пайдалану қуаты – 2052,8 МВт құрайды.

Электр станциялары  ұлттық және аймақтық маңызды болып бөлінеді.

Ұлттық маңызды электр станцияларына үлкен қуатты гидроэлектр станциялар жатады, олар қосымша пайдануы және ҚР ЕЭС жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылады.Олар:

  • Бухтарма ГЭК  "Қазмырыш" АҚ;
  • Өскемен ГЭС-ы;
  • Шүлбі ГЭС-ы.

Аймақтық маңызы бар электростанциялар - олар  ЖЭО, олар электр энергиясын аймақтық электр желі компаниялар мен энергия беру ұйымдарының желілері арқылы өткізуді жүзеге асырады, сонымен бірге жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайды.Аймақтық маңызы бар электрстанцияларына ӨскеменЖЭО-ғы , СограЖЭО-ғы, РиддерЖЭО-ғы, Семей ЖЭО-1жатады.

Сонымен қатар, электр энергияның өндіруші 2 ГЭС, яғниХайрузовжәне Тишинка сарқырамасындағы Риддер каскады ГЭС-ы жүзеге асады. 2009 жылы «Энергияны қайта жаңарту көздері» санатына жатады.220 кВт және төмен кернеулі аймақтық желі бойынша басшылықты «Шығыс Қазақстан аймақтық электр желісі компаниясы» АҚ жүзеге асырады. Оның балансында 34 549,81 км электр беру желісі, кіші станция 313 дана., ТП және КТП –7 276 шт бар.

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы 8 030 млн. кВт.сағ. электр энергиясытұтынылды, электр энергиясын өндіруші мекемелер 9 902 млн.кВт.сағ электр энергиясын өндірді. 3 ГЭС-і Ертіс каскады Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі 7 747 млн. кВт.сағ. электр энергиясы өндірді. облыс ГЭС-терінде өндірілетін электр энергия көлемі аймақтың қажеттілігін толық қамти алмайды. Осыған байланысты  электр энергиясының біраз бөлігі облыстық ЖЭО-дан беріледі.

Шығыс Қазақстан тарифтер деңгейі қандай және Қазақстанның басқа өңірлерінен қарағанда қанша арзан?  

ШҚО-да электр энергия тарифтері Қазақстандағы ең арзандардың бірі. Мысалы тұрғындарға электр энергиясын орташа жіберу тарифі 9,9 теңге кВт сағатына (ҚҚС-сіз). Тұрғындар үшін электр қуатының тарифі  ШКО-дан басқа тек Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында арзан. Орташа жіберу тарифі заңды тұлғалар үшін 12,212 теңге (ҚҚС-сіз) және ол Қазақстандағы ең арзан болып табылады. 

Облысымыздың ауылдық елді мекендері толық субсидиялауға қашан жатқызылатын болады?

 

: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Ұлттық экономика министрлігіне Шығыс Қазақстан облысының 46 елді мекенін ҚР Үкіметінің қаулы жобасына енгізу мақсатында тиісті хат пен бюджеттік өтінімдер жіберілді.

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.04.2017 / 17.04.2017