Білім
Сұрақ   Жауап

Мектептерде оқулықтар жиіа уысады. Оларды алу үшін жылсайын ақшалай қаражат бөлінеді. Жыл сайынғы оқу әдебиеттерінің шығарылуы және қайта басылыпшығарылуы не мен байланысты? 

  Оқулықтар төрт жылда бір рет басылып шығарылады. Оқулықтардың қайта шығарылуы:

Біріншіден, оқулықтардың физикалық тозуы.

Екіншіден, технологиялар мен техникалар, ғылымның дамуына сәйкес пән бойынша оқу материалдарының мазмұнын жаңалау (мысалы, басқа пәндердің мазмұнына әсер ететін ақпараттық технологияларды жылдамдамыту), сонымен қатар әлемде және Қазақстанда саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістермен байланысты;

Үшіншіден, оқулықтардың әдістемелік аппаратына толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігі туындағандықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу білім беру парадигмасын алмастыру мен байланысты (жаттығулар мен тапсырмалардың форматы; бақылау аппараты). Мысалы, жаңа оқулықтарды функционалды сауаттылықтарын қалыптастыруға тапсырмалардың тәжірибемен байланысын енгізу мен байланысты;

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін оларды сапалы оқу құралдарымен қамтамасыз ету.

 

Балабақшаға кезекке тұруға түсініктеме беру   Мектепке дейінгі балаларды есепке алу және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі жергілікті атқарушы органдардың құзіреттілігіне кіреді. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде мектепке дейінгі мекеменің орыналуға кезекке тұру қалыптастырады. Мектеп алды ұйымдарына жолдама алу үшін кезекке тұру бойынша мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес балабақшаға кезектентыс орналасуға құқықтары бар тұлғалар анықталды.  Кезекке тұру барысында жеңілдік алушылардың тізімі өзгеріп отырады.
Мен мектепте кітапханашы болып жұмыс істеймін. Еңбекақы төлеу жаңа жүйесінің енгізілуіне байланысты, қандай блокқа мені жатқызуға болады?  

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес Сіздің лауазымыңыз «С» блогына жатады.

Міндетті мектеп формасын енгізу туралы

  Талаптарға сәйкес мектеп оқушыларының ата-аналары және заңды өкілдері мектеп формасы туралы сұрақтарды талқылауға, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар айтуға, әрекет ететін сауда жүйесі арқылы сатып алуға, Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп ұйымдарында шығарылатын сертификаты бар болған жағдайда, сонымен қатар мектеп формасына қатысты орта білім мекемелері ұйымдарының заңсыз әрекеттерін шағымдануына құқылы. Өздерінің заңды құқықтарын қоғамдық кеңестерде және ата-аналар жиналысында жүзеге асырулары қажет.
ҰБТ-ныңжаңа форматы туралы  

2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады.

ЖОО-на түсугениеттіоқушыларүшін:

Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен (тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест тапсырылады.

Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.  Аттестацияның қорытынды мерзімі министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың 15 маусымына дейін өткізілмек.

Аттестацияның қорытындылары туралы барлық материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына жеткізеді. Білімбасқармалары, өзкезегінде, құжаттардымектептергедейінжеткізеді.

ҰБТ жаңа форматы 2 блоктантұрады: 3 міндеттіпән (математикалықсауаттылық, оқусауаттылығы (қорытабілу, салыстырабілу, т.б.  «Қазақстантарихы») бойынша 20 тапсырмажәне 2 бейіндіпәннен («Математика» + «Физика», «Математика» + «География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шеттілі» + «Тарих», оқытутілі (қазақнемесеорыс) жәнеәдебиет  + «Тарих», «География» + «Шеттілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» + «Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30 тапсырма.

ЖОО-на түсетін Техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілерге.

Білімдерін ЖОО-да жалғастыру үшін техникалық және кәсіби білім орындарын бітірушілер тапсыратын ТКТ (талапкерлерді кешенді тестілеу) талаптары де өзгерді. Бұған дейін колледж түлектері тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, ТКТ-дің жаңа форматында колледждерде алынған білім ескеріледі.  Кешенді тестілеу барысында талапкерлер 60 сұраққа жауап береді: 20 тапсырма – жалпы бейінді пән бойынша (бұл тапсырмалар арқылы базалық пән ойынша алынған академиялық білім деңгейі тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді пәндер бойынша (бұл тапсырмалар тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған). 60 тапсырманы орындауға 100 минут уақыт бөлінеді.  

Баласын лицей немесе гимназияның бірінші сыныбына қабылдамаған жағдайда ата-аналар қайда жүгінуге алады?

 

Баланың заңды өкілдері қосымша тәуелсіз комиссияны құру және кикілжің жағдайды шешу туралы өтінішті білім беру мекемесінің директорына жолдауына болады.

Лицей мен гимназиялар әңгімелесуден және тестілеуден өтпеген, бірақ аталған оқу мекемесінің мөлтек ауданында тұратын 5-7 жастағы балаларды оқуға алуғ аміндетті ме?   Лицей мен гимназиялар әңгімелесуден және тестілеуден өтпеген, бірақ аталған оқуме кемесінің мөлтекауданында тұратын 5-7 жастағы балаларды оқуғаалуға міндетті емес, себебі балаларды іріктеу тұрғылықты жер бойынша жүргізілмейді.
Баспасөз құралдарында оқушылардың ата-аналарынан мектепке демеушілік көмекті көсету заңсыз екендігіт уралы бірнешерет хабарламалар болды. Дегенмен ата-аналар мектептер мен гимназияларға ай сайын қосымша сабақ өткізу үшін белгілі сомалар төлейтіні туралы анық. Бұл заңды ма? Сонымен қатар дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелер іата-аналардан не үшін ақы алады?  

Дарынды балаларға арналған мамандырылған білім беру мекеменің ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 бұйрығы 2 тармағы 26 тармақшасына сәйкес, мамандырылған мектептер қосымша ақылы білім саласындағы қызметтерді көрсетеді. 

Біздің мектеп тек қана электронды формада, 2007 жылдың 23 қазандағы ҚР БҒМ бекітілген бұйрығымен, форма бойынша енгізілген қатаң есептік құжаттарды жүргізіп, жобаларға қатысады. Журналдар мен күнделіктерді қағаз нұсқасында жүргізуге бола ма? 

 

Шығыс Қазақстан облысының 383 мектебінде, 2016 жылдың 28 тамызындағы № 536 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (әріқарай - БҒМ) бұйрығының негізінде «Күнделік» ҚР оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктер бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобаға енгізілген.

2007 жылдың 23 қазанындағы ҚР БҒМ бекітілген бұйрығымен, форма бойынша енгізілген қатаң есептік құжаттарды жүргізу, осы жобаға қатысатын, пилоттық мектептерге арналған ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, 2017 жылдың 31 қаңтарындағы № 39 ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, тек қана электронды формада жүргізіледі.  

Сол себепті, қағаз журнал толтыру осы жобаға қатысатын мектептер үшін міндетті болып табылмайды. Сондықтан, білім беру мекемесінің басшылығы бір уақытта екі журналды толтырудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Балалар үйінен балаларды қалай асырап алуға болады?   

Бала асырап алу үшін келесі құжаттар қажет:

–өтініш (еркін нысанда);

– жеке куәліктің көшірмесі;

–бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі (еркін нысанда);

– жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін және бірге тұратын отбасы мүшелерінің басқа да табыстары туралы анықтама);

–отбасы жағдайы туралы анықтама (некеқию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі), балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері (балалар болған жағдайда);

–денсаулық жағдайы туралы анықтама;

–сотталғанының жоқтығы туралы анықтама;

–тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды тікелей тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқорлық органына немесе Республикалық деректер банкі арқылы тапсыруға болады.

Құжаттарды ұсынуға дейін азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ресімдеуі және жеке электрондық поштасын тіркеуі қажет.

І. Қорғаншылық және қамқорлық органына жүгінген жағдайда, орган маманы ұсынылған құжаттарды тексеріп, Республикалық деректер банкіне енгізеді, азаматтардың сауалнамасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді.

ІІ. Республикалық деректер банкі арқылы жүгінген жағдайда, азаматтар Республикалық деректер банкіне өзбетінше кіріп, «Кандидатты тіркеу» бетбелгісін белсендіреді және жеке кабинет ашады.

Жеке кабинетін құрғаннан кейін азаматтар сауалнама толтырады, құжаттардың сканерленген нұсқасын қоса беріп, өз ЭЦҚ-сін қояды.

Кабинет арқылы сауалнама мен бала асырап алу/қамқорлыққа/патронаттық тәрбиеге алу туралы өтініштерді басқару, баланы іздеу, баланың сауалнамасын қарау, таңдап алынған балалардың тізімін жасау, баланың күнтізбесіне жазылу сияқты функциялар қолжетімді болады.

Мәліметтер қорғаншылық және қамқорлық органының маманымен тексеріледі. Барлық құжаттар ұсынылған жағдайда (сауалнаманың статусы «дұрыс»), қамқоршылық органы үміткердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, талаптарға сай келген жағдайда бала асырап алуға үміткерлерге Республикалық деректер банкі арқылы оң шешім береді (сауалнаманың статусы «қабылданды»). 

Оң шешім алғаннан кейін, азаматтар Республикалық деректер банкіне енгізілген асырап алуға жататын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерге қол жеткізе алады.

Сауалнамаларды таңдап алғаннан кейін баламен танысу үшін мекемеге бару уақытын таңдау қажет және мекемеге баруға және қарым-қатынас жасауға Республикалық деректер банкі қалыптастырған жолдама береді. Жолдамамен үміткер балалар үйіне барады. ҚР азаматтары баланы жеке өзі таңдап, баламен кемінде екі апта тікелей байланыста болуы қажет.

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.04.2017 / 17.04.2017