Ішкі саясат
Сұрақ   Жауап

Мемелекеттік мекеменің маңдайшасын дайындау кезінде қандайқұқықтық актілерді басшылыққа алу қажет?

  Маңдайшаларды дайындау ережесі «Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 Қаулысымен бекітілгін.
Мемлекеттік рәміздерді қалай орналысытру дұрыс?   Мемлекеттік рәміздерді орналысытыру ережелерімен Сіз «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан» Республикасы Үкіметінің2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысында таңыса аласыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою қалай жүзеге асырылады?

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi.

 Қандай жағдайда БАҚ қайта есепке қоюға жатады?   Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.
Қандай жағдайда бұқаралық ақпарат құралы  есепке қоюлудан босатылады?   - Таралымы егер жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымы болса;

 

- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;

- сот практикасының бюллетеньдері.

Жұмысқа тұру мәселесі бойынша қайда баруға болады?   Әуелден қалалар мен аудандардың  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мемлекеттік бағдарлама бойынша оның ішінде  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жж.»бағдарламасы (www.socialvko.gov.kz), сондай-ақ ХҚКО-ға тұрғылықты жері бойынша «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы немесе «Жасыл Ел» жазғы студенттік құрылыс жасақтары мен жастар еңбек отрядтары штабына шағымдану керек.
Пәтерді қалай алуға болады?   Бірқатар тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар мен жас отбасыларға «Жас отбасы» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы, «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, қалалық/аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тұрғылықты жері бойынша немесе «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ (https://www.hcsbk.kz/) арқылы шағымдану қажет.
Несие алу және бизнес ашу үшін не істеу керек?   Бірінші қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мемлекеттік бағдарлама желісі бойынша «мемлекеттік бағдарламасын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жж.»бағдарламасына(www.socialvko.gov.kz), немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдігіне шағымдануы қажет.
Бастамамен қайда шағымдануға болады?   Сіздің тұрып жатқан өңірізге байланысты жастар ресурстық орталығына баруға болады(байланыс тел 87232610942).
Жазғы кезенде «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа қалай тұруға болады?   «Жасыл Ел» студенттік құрылыс отрядтары мен жастар еңбек отрядтары штабына немесе қалалық/аудандық  өкіліне (командирі) шағымдану қажет (байланыс тел 87232710234).
Үкіметтік емес ұйымды қалай құруға болады?   Ең алдымен құрылтайшылар(ұйым құруды ниет еткен тұлғалар) жиынын өткізу және құрылтайшылар шешімін, жарғы, құрылтайшылық шарт дайындау қажет. Бұдан соң, аталған үкіметтік емес ұйымды әділет органдарында тіркеуді  жүзеге асыру.  
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінің жылдық есебін қалай жолдайды?   Үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын, 31 наурызға дейін, пошта немесе интернет портал арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 15 кіреберіс мекенжайында (телефондары: 8(7172) 74-06-36; 74-13-14) орналасқан, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің  Азаматтық қоғам істері комитетіне  өз қызметі туралы есеп жолдаулары тиіс.  Есептер уақтылы, шынайы және толық көлемде  жолдануы қажет.    
     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 17.04.2017 / 17.04.2017