Көлік және автомобиль жолдары

 

Сұрақ   Жауап

Қандай бағыттарда жолдар жөнделетін болады? 

  Ағымдағы жылда облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту үшін шамамен5,7 млрд. теңге бағытталды, соның ішінде қайта жаңартуға – 231 млн. теңге, орташа жөндеуге шамамен 3,8 млрд. теңге, күтіп ұстауға 1,7 млрд. теңге.

Шекаралас аумақтарды дамыту және Марқакөл көлінің айналасындағырекреациялық аймағындамытуына жағдай жасау мақсатында, республикалық бюджеттен 231 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат бөліне отырып,Күршім ауданындағы Ақжайлау және Урунхайка ауылдары арасындағы ұзындығы 3,8 км"Теректі - Урунхайка - Тосқайын" автожолын қайта жаңарту жоспарлануда.

Ағымдағы жылда басымдылығыорташа жөндеу болып табылатын, жол-жөндеу жұмыстарынжалғастыру жоспарланған.

Осылайша, орташа жөндеумен122 кмжол жөндеу жоспарлануда, оның ішінде112 км– облыстық маңызыбар жолдар.

Алтайские Альпі демалыс базысы, Абай ауданының Жидебай шатқалы бағыты бойынша, паром өткелінен Күршім ауылына дейнгібағыт бойынша жөндеу жүргізілетін болады, Алакөл көлі, Бородулиха – Шемонаиха бағыты бойынша, сондай-ақ Үржар ауданының "Науалы-Көкөзек-Көлденең-Қаратұма" және Зайсан ауданының" Омск-Майқапшағай-Жамбыл-Дайыр-Көкжыра"аудандық маңызы бар жолдарында жөндеу жалғастырылады.

Сонымен қатар, қысқы кезеңде кедергісіз және қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар басуы мүмкін учаскелері жолдарында тұрақты қар ұстаушы қалқандар және тростық қоршау орнату жоспарлануды.

2017 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі автомобиль жолдарының үлесін 77% дейін жеткізу жоспарлануда.

2016 жылдың жол жөндеу жұмыстарының қорытындысы қандай?   Тұтастай алғанда, шамамен 12 мың км құратын Республикадағы ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының торабы облыста орналасқан, оның ішінде: республикалық маңызы бар –3 414 км, облыстық маңызы бар –3 186 км, аудандық маңызы бар –5 285,9 км.

Аумақты дамыту Бағдарламасына сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 76,5% құрады. Көбінесе, бұл көрсеткіш облыстық маңызы бар жолдарында жөндеу жүргізу есебінен қол жеткізілді.

Облыстық маңызы бар жолдардың 15 учаскелерін және аудандық маңызы бар 1 жол учаскесін қамтыған, жалпы ұзындығы221 км, құны 3,5 млрд. теңге құрайтын жол-жөндеу жұмыстарында ең алдымен орташа жөндеуге ерекше көңіл бөлінген.

Басымдылық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету және туристік кластерді дамыту болып табылады.Осы мақсатта Сібе көлі, Алакөл көлі, Өскеменен "Нұртау" шаңғы базасы бағыттары бойынша жолдар, сондай-ақ Күршім, Өскемен-Тарғын - Самар, Бородулиха - Шемонаиха жолдары және Серебрянск қ. кіреберіс орташа жөндеумен жөнделді.

Орташа жөндеудің көлемі 2014 жылдан бастап жыл сайын екі есе өсіп отырды.

Сонымен бірге, күрделі жөндеу объектісі Катон-Қарағай ауданының "Үлкен нарым-Күршім" учаскесіндегі 0-23 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар шеңберінде жыл сайын облыстық маңызы бар автожолдарда 1000-ға жуық жол белгілері жаңартылып отырады, 1200 шаршы метр-ден кем емес жол таңбалары жағылады, сондай-ақ 230 мың шұңқырлық жөндеу жұмыстарымен қамтылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 50 мың шаршы метр-ге көп. Сондай-ақ жолдарды ұстау және іргелес аумақты абаттандыру бойынша басқа да жұмыс түрлері өткізіледі.

Облыстың маңызы бар автомобиль жолдарындағы көктемгі тасқын суға қарсы қандай шаралар өткізіледі?   Тасқын суға қарсы шараларды өткізу шеңберінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 85 бірлік техника жұмылдырылған, 10 өндірістік-жол учаскелері бөлінген. Қажет болған жағдайда тағы 61 бірлік тартуға мүмкіндік беретін қосымша келісім шарт жасалды.

Көпжылдық тәжірибені негізге ала отырып, қауіпті учаскелер анықталды, олар бақылауға алынды, жеке құрамның және арнайы техника бірлігі арасынан қосымша жасақталған жедел әрекет ету жасақтары құрылды.

Қар көшкініне қаупі бар 2 учаске ерекше бақылауға алынған. Жоспарланбаған қар көшкінін болдырмау үшін, "Қазселденқорғау" республикалық мемелекеттік мекемемен және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен байланыс ретке келтірілген.Бүгінгі уақытқа дейін жалпы 26 қар көшкіні ұйымдастырылған.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағыбарлығы 123 көпір және 2077 су өткізгіш құбырлар толығымен дайын.

Алға қойылған іс-шараларға сәйкес қажетті көлемде инертті материалдар (тас - 714 м3, құм толтырылған қаптар – 896 шаршы метр, қиыршық тас - 1300 шаршы метрдайындалды.

Күнделікті тәулік бойғы кезекшілікұйымдастырылған,қауіпті жол учаскелерге жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді және күнделікті бақылау ұйымдастырылған. Су басу ықтимал орындарында қажет болған жағдайда үздіксіз жәнеапатсыз автомобиль көлігінің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы авариялық бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады.

Жалпы облыстық маңызы бар автожолдардағытасқын су жүру кезеңі тұрақты жағдайда және бақылауда. Жалпы облыстық маңызы бар жолдарда тасқының судың жолдан қысқа мерзімді асуорын алған, нәтижесінде жолда болмашы бұзылылулары қысқа мерзімде жойылған.

Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Қажетті мөлшерде жанар-жағар май, инертті және жинақтаушы материалдар қалалар мен аудандардың қызмет көрсету кәсіпорындарнда да дайындалды.

Көше-жол торабын қардан, мұздан, батпақтан тазалау, арықтарды, өзен арналарын, жауын суын қабылдайтын құдықтарды ашу, су өткізу құбырларын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді, мысалы, Өскемен және Семей қалалары аумағынан570 мың м3 астам қар шығарылды (Өскемен - 336 мың м3, Семей – 241,2 мың м3 қар шығарылды).

Әкімдіктер мамандарымен қызмет көрсетуші ұйымдар бірлескентәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды,апта сайын бекітіп берілген аумақтардағы қауіпті су тасқын орындарын тексеру жүргізіледі.

Қыс кезенінің нәтижелері бойынша қар жамылғысы нормадан жоғары аудандары айқындалды, атап айтқанда: Семей, Абай, Бородулиха, Глубокое, Зырян, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха аудандары. Тасқын қауіпі кезеңіне

Облысавтожолдарының су тасқыны бойынша жағдайытұрақты бақылауда, үнемі патрульдік бақылау жүргізіледі.

2016-2017 жылдардағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде қалай күтіліп ұсталады?   Жалпы ұзындығы 3 186 км облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау "Облшығысжол" КМК күшімен жүзеге асырылады, қысқы кезеңде осы автомобиль жолдарын ұстауға 498,9 млн. теңге игерілді (2016 жылдың аяғы – 159,4 млн. теңге, 2017 жылғы наурызға айға дейін – 339,5 млн. теңге).

Күзгі кезеңде автожолдар тұрақты жұмыс істеуі үшін су өткізгіш құбырларды және көпірлерді (2172 дана) дайындау және тазалау, қартоқтатқыш қалқандар (2854 қума метр), сондай-ақ "тайғақ жол" уақытша жол белгілерін (453 дана)орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді,  қажетті инертті материалдар (көмір - 655 тонна, ЖЖМ - 915 тонна, тайғаққа қарсы материал - 3800 тонна) дайындалған болатын.

Жол бетін қардан тазарту жұмыстары үнемі орындалған.РММ Қазселден қорғау қар көшкінің түсіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қар басуына неғұрлым ұшыраған аудандарда 5 стационарлық жол-жылыту пункттері жұмыс істейді, оның ішінде Ұмыш асуында (Көкпекті ауданы), Тарғын ауылында (Ұлан ауданы), Егіндібұлақ ауылында, Урунхайка және Теректі (Күршім ауданы), барлық жол бөлімшелерінде жауапты тұлғаларды бекітіліп, тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылды, қажетті техникамен және байланыспен қамтамасыз етілді. Ақпарат жинау үшін операторлық қызмет әрекет етеді, ол күн сайын басқарманың кезекшісіне қар тазалау  техникасының шығуы және жолдағы жағдай туралы ақпарат ұсынады.

Қысқы кезеңдегі қолайсыз ауа-райы жағдайында жедел түрде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін жол ұйымдарының, ішкі істер бөлімшелері жеке құрамның, төтенше жағдай, аудан және қала әкімдіктерінің, жұмылдыру дайындығы басқармасының іс-қимыл жоспары әзірленді. Осыған сәйкес міндетті түрде барлық қажетті құрылымдарға хабардар ете отырып, автомобиль жолдарын жабуды жүргізеді.

Өткен қысқы кезеңде ауа-райының күрт қолайсыздануына байланысты облыстық маңызы бар жолдар 84 рет жабылды (көбінесе Абай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Көкпекті, Күршім және Ұлан аудандарында). Сонымен қатар, профилактикалық қар көшкінің түсіруіне байланысты жолдар 26 рет жабылды ("Өскемен-Тарғын - Самар", "Өскемен-Горная Ульбинка - Северное"автожолдары).

Айта кететін жағдай, облыс аумағында 2016-2017 ж. қысқы кезеңі өте күрделі метео жағдайлармен, қарлы болып сипатталды. Қардың аса көп басатын учаскелерінде, қар тазалағыш техниканы пайдаланудан болатын шығынды азайту мақсатында және жолдардағы қауіпсіз жағдайды орнату мақсатында 2017 жылы 22 км астам стационарлық қар ұстаушы қалқандар және 1,3 мың астам қума метр тростық қоршаулар орналастыру жоспарлануда.

Автомобиль жолдарының талап етілетін жай-күйін қамтамасыз ету бойынша сұрақ үнемі бақылауда.

Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктегі тарифтің өсуі неге байланысты?   Өскемен қаласының жол жүру маршруттарындағы бұдан бұрыңғы тарифі 2014 жылы қыркүйек айында көтерілді.

Өскемен қаласының қоғамдық көлікте жүру (автобус) құнының есебі ҚР көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізілді. Есептеулерге сәйкес, орташаланған тариф 176,5 теңгені құрады.

Алайда, 2016 жылғы 2 желтоқсандағы қалалық жұмыс тобының отырысында қаладағы бірыңғай тариф 90 теңге көлемін құрайтыны туралы шешім қабылданды. Жанармай құны 95 теңгеден 131 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты, жанар-жағар май материалдарына арналған шығындар, жаңартуға кеткен шығындар, жылжымалы құрамды жөндеу және жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысына байланысты қоғамдық көлікте тариф көтерілді.

Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 145 «Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланды.

2017 жылы жергілікті атқарушы органдары студенттердің жол жүру ақысын                                  50% - ға қаржыландыру және табысы 43 мың теңгеден төмен зейнеткерлерге бір жолғы төлемдерді айына 14 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін (өсімі 42%) ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, № 206, 229, 230, 246, 250, 256, 260 шағын автобустарында жол жүру құны зейнеткерлерге жасы бойынша  (әйелдер 58 жастан, ерлер 63 жастан бастап және одан жоғары) - 80 теңгені құрайды.

 Паром өткелінің жүру кестесі?   "Қызыл Ту" (Казнаковка өткелі) паромдық өткелі
 

 

Оң жағалау

Сол жағалау

Күршім районы

Көкпекті районы

бірінші рейс – 06.00

бірінші рейс – 07.00

08.00

09.00

10.00

11.00

12.00

13.00

14.00

15.00

16.00

17.00

18.00

19.00

Соңғы рейс – 20.00

Соңғы  рейс – 21.00

 

Васильев өткелі

 

Оң жағалау

Сол жағалау

Катонқарағай районы

Көкпекті районы

бірінші рейс – 7.40

бірінші рейс – 8.00

9.00

10.00

11.00

12.00

13.00

14.00

15.00

16.00

17.00

18.00

19.00

20.00

Соңғы рейс – 21.00

Соңғы рейс – 22.00

 

Жазғы мезгілдегі Защита – Зыряновск теміржол қозғалысын ұйымдастыру?   Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен № 641/642 Защита – Зырян бағытындағы жолаушылар поезының жазғы қозғалыс кестесі жобасы келісіліп, алғашқы рейс 2017 жылдың 29 сәуірінде жүреді. "Қазақстан темір жолы"АҚ-меносы кестені бекіткеннен кейін Өскемен және Зырян әкімдіктерімен бірлесіп, пойыз кестесіне сәйкес қалалық қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру бойынша мәселелер іске асырылатын болады.
     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.04.2017 / 17.04.2017