Тілдерді дамыту

 

Сұрақ   Жауап

 Біздің қаламызда қазақ тілін тегін оқытатын курстар бар ма?

  Әрине, бар. Қазақ тілін үйренуге ынта білдірген барлық қала тұрғындары үшін 2007  жылдан бері Шығыс Қазақстан лингвистикалық   орталығында тегін курстар жүргізіледі.  Өскемен қаласында ғана, облыстың аудан, қалаларындағы 11 тіл оқыту орталықтарында  да қазақ тілін тегін үйренуге болады. 
ҚАЗТЕСТ сертификатын қалай алуға болады? ҚАЗТЕСТ-ке дайындық курстары қайда жүргізіледі?   Бүгінгі күні облыстағы 12 тіл оқыту орталығының базасында  ҚАЗТЕСТ-ке дайындық курстары жүргізіледі.Жыл сайын қыркүйек, маусым айларында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығынан мамандар келіп облыс бойынша мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме, әскери бөлім қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде диагностикалық және сертификаттық  тестілеуден  өткізеді.

Тест тапсырмаларын  өз деңгейінде дұрыс орындап шыққан тестіленушіге  Ұлттық тестілеу орталығының  мемлекеттік үлгідегі сертификаты  беріледі.

 Интернет арқылы онлайн-режимінде қазақ тілін оқуға?   2011 жылдан бері Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының «Учимься говорить по-казахски» сайты(kazcenter.kz) жұмыс істейді.  Аталған сайт арқылы қазақ тілін бастапқы деңгейде онлайн-режимі арқылы оқуға болады. 
 Көшелерді қайта атау үшін қандай жұмыстар атқарылады?   Елді мекендердегі көшелерді қайта атау үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе отырып:

1) жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімін анықтайды және оның өткізілетін күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өздерінің интернет-ресурсында орналастырылады (бар болса) және тиісті аумақта таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны және уақыты көрсетілген хабарландыру орналастырады.

2) Өздерінің интернет-ресурстарында (бар болса) және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.

3) Дауыс беру қорытындысы жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен ресімделеді.Хаттамада «қолдап» немесе «қарсы» дауыс бергендердің жалпы саны көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандардың тізімі қоса тіркеледі.

4) Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалары ол өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында (бар болса) және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

5)Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен тиісті ономастика комиссияларының қарауына елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныс енгізеді.

6) Ауылдық округтердің әкімдері тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындысы бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныс енгізеді.

7) Аудандық жергілікті атқарушы органдар тиісті ономастикалық комиссиялардың қарауына елді мекендердің мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныс енгізеді.

 Көрнекі ақпаратты қалай дұрыс орналастыру керек?   «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы талаптарына сәйкес көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi. 
 Қандай жағдайда адам есімдері беріледі?   «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-5-бабы талаптарына сәйкес аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, ғылым, мәдениет қайраткерлерiнiң және Қазақстан Республикасы мен әлемдiк қоғамдастық алдында еңбек сiңiрген басқа да жеке адамдардың есімдері қайтыс болған күннен бастап кемiнде бес жыл өткен соң беріледі.
     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.04.2017 / 13.04.2017