Экономика
Сұрақ   Жауап
Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша тұрғын үй үшін жеңілдетілген несие және көтерме жәрдемақыны заңнама негізінде қалай алуға болады?   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде маман әкiмшiге мынадай құжаттарды ұсынады:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынады.

Құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын ұсыну фактісі, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмеуі бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды қандай жағдайларда ескірген болып есептеледі?

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 22-1 тармағына сәйкес қаржыландырудың түрі мен тәсілдерін айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН немесе концессиялық ұсыныстар әзірленуі басталмаған (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген, инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру Бағдарламасының мақсаттары.

 

Бағдарламаның мақсаты қарыз алушының (кепілдік берушілердің) кепілге берілген жалғыз тұрғын үйін сақтау, қарыз алушылардың максималды санына қарызды өтеу мен проблемалық несиелер үлесін төмендету болып табылады.

Екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша ШҚО әкімдігі жанындағы Облыстық комиссиясы не үшін құрылған?

 

Ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша Облыстық комиссиясы ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру Бағдарламасын іске асыру айқындылығын қамтамасыз ету және қарыздарды қайта қаржыландырудан заңсыз бас тартудың болдырмау мақсатында құрылған. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан облысы филиалының, прокуратураның, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері кіреді.

Екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша облыстық комиссия. Ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру Бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банкі ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту жағдайында қай жерге жүгінуге және шағым беруге болады?

  Қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту алу жағдайында, банктің шешіміне шағым қарыз алушымен Екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері бойынша облыстық комиссиясына беріледі, оның жұмыс органы «ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ болып табылады, мекенжайы М. Горький көш. 40, 319 кабинет. Анықтама телефоны: +7(7232) 71-32-20.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің анықтамасы.

 

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі - елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестерінен және оған қатысушылардан тұратын өзара байланысты элементтер кешені.

Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын өсіруге және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары 3 деңгейге бөлінеді:

-  бірінші деңгейдегі құжаттарға түйінді басымдықтары мен бағдарлары бар, ел дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын құжаттар - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жатады. Мұнда елдің дамуын ұзақ мерзімді кезеңде айқындайтын жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер көрсетілу қажет;

- екінші деңгейдегі құжаттарға аядағы/саладағы даму стратегиясын айқындайтын құжаттар - 5 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 5 жылды қоса алғанға дейінгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жатады. Оларда жалпы ұлттық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлар және салалар мен аялардың даму көрсеткіштері бар;

- үшінші деңгейдегі құжаттарға қайта құрылымдау негізінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарына қол жеткізу жолдарын айқындайтын құжаттар - мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары, 5 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламалары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары жатады. Оларда өңірлерді дамытудың нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері, орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқару холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың қызметі болуы тиіс.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері осы бағыныстылық сатысына сүйене отырып айқындалуы тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деген не? Болжамның негізгі мақсаттары мен міндеттерін, әзірлеу кезеңдерін атаңыз.

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді. Болжам тиісінше мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық және жергілікті уәкілетті органдармен әзірленеді және Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе жергілікті атқарушы органмен мақұлданады және бұқаралық-ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын белгілеу мақсатында әзірленеді және болжамды, үрдістерді, әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылға көрсеткіштерін және үш жылға бюджеттік параметлер болжамын қамтиды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.

Облыстың ӘЭД болжамын әзірлеу екі кезеңнен жүзеге асырылады:

Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдылықтарын қоса алғанда, облыстың ӘЭД көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу жүзеге асырылады.

Екінші кезеңде болжам көрсеткіштерін нақтылау, болжам жобасының тарауларын, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізімін қалыптастыру:

1)жылдың қыркүйегінде облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган екінші деңгейде ҚР Үкіметімен мақұлданған ҚР болжамы негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

2)облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органы облыстың атқарушы органдарынан және аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдарынан алынған ақпарат негізінде оны 25 қыркүйектен кешіктірмей жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

3)болжам 1 қазаннан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігімен мақұлданады.

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 / 12.04.2017