Дін
Сұрақ   Жауап
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қандай жерлерде діни жоралар,жиналыстар өткізуге рұқсат етіледі?   Қазақстан Республикасының «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 7 бабының 2 тармағына сәйкес, Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
 Қазақстанда тиым салынған діни ағымдар қандай?   І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида»

2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»

3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»

4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар»

6. «Братья-мусульмане»

7. «Талибан» қозғалысы

8. «Боз гурд»

9. «ОрталықАзиядағы Жамаатмоджахедтер»

10. «Лашкар-е-Тайба»

11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё»

14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Астана қаласысотының 2008 жылғы 5 наурыздағышешімінесәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы аудан аралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблигиджамагат»

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфируаль-хиджра»

X. Астана қаласы Есил аудандық сотының 2015 года 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

20.«Ислам мемлекеті» (ИМ, ИЛИМ, ДАИШ)

21. «Ан-Нусра-фронты» («Джабхат-ан-Нусра

Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған оккульттік-мистикалық ұйымдардың тізімі

1.Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімдеріне сәйкес Фархат Абдуллаевтың «Алля аят» әдісіне сәйкес адамдарды емдеуді насихаттау және тарату бойынша ұйымның қызметіне тыйым салынған.

2.Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан халқының денсаулығына зиян келтіру арқылы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, «Ата жол» ЖШС-ның және «Ата жол» (Ақ жол) қозғалысының қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға және насихаттауға тыйым салынған.

 Қандай жағдайда діни бірлестік тіркеуден бас тартылады?   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.
ҚР ӘҚБтК дін саласындағы заң бұзушылық (заңсыз діни әдебиет тарату) үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?   ҚР ӘҚБтК 490 бабының 1 тармағы 3 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзу қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шығыс Қазақстан облысындағы діни ахуалды қалай бағалауға болады?   Облыстағы діни ахуал тұрақты.Облыс аумағында барлығы 313 діни бірлестік тіркелген. Жалпы санның ішінде 205 ислам, 41 православие, 6 католиктік, 61 протестанттық, 1 дәстүрлі емес,   1 иудейлік діни ұйым. 
Зайырлы қоғам дегеніміз не?   Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Қазіргі заманғы зайырлылық ең алдымен гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыруды қамтиды. Зайырлылық діни дүниетаным мен құндылықтарды мойындамауды немесе олардың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі мен маңызын кемсітуді білдірмейді. Зайырлылық пен мемлекеттің зайырлы сипаты дінді теріске шығармайды.

Зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы ой-сананың көптүрлілігін мойындау.  Ал зайырлы мемлекет осы көптүрліліктер арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.

Зайырлылық қазіргі әлемдегі көптеген елдердің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, әрекет етуінің басты қағидаттарының бірі болып саналады.

Саяси-құқықтық тұрғыдан зайырлылық мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қатынастарды реттеудің діни құқық нормаларынан ажыратылғанын білдіреді. Бірінші үлгідегі діннің мемлекеттен ажыратылу қағидатының саяси-құқықтық мағынасы төмендегідей:

- ар-ождан бостандығы – ол тек діни таңдау бостандығы емес, одан кеңірек – дүниетанымдық, соның ішінде діни емес таңдау. Осы таңдау құқығын мемлекет адамға (азаматқа) қалдырады және оның шешімімен келісуге, қабылдауға, оны қорғауға міндеттенеді;

- мемлекет азаматтармен қарым-қатынастарда олардың діни көзқарастарына емес, азаматтық-құқықтық жағдайына сүйенеді. Осылайша, азаматтық қағидатты бәрінен де жоғары қояды;

- мемлекет іс жүзінде барлық діндер мен азаматтардың құқықтық теңдігін жүзеге асыруға ұмтылады. Осы қағидат дүниетанымдық бірлік негізінде азаматтар құрған қоғамдық бірлестіктерге де таралады;

- діндер (әлеуметтік институттар, көпшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде) мемлекеттік саясатты (діни нанымдарына байланыссыз барлық азаматтарға қатысты саясат) жасау мен жүргізу үдерісінен алыстатылады. «Діни мәселе» саяси арнадан қоғамдық өмірге, азаматтардың жеке өмірі салаларына өтеді;

- мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатындағы тұжырымдамалық негіздерде діни-теологиялық қағидаттарға сүйенбейді және олармен басшылық жасамайды.

- мемлекеттік және діни құқықтар бір-бірінен ажыратылады. Қоғамдық-құқықтық және азаматтық салалардағы мәселелерді шешуде біріншінің үстемдігі жарияланады. Діни құқықтың әрекет ету аясы негізінен діни институтпен шектеледі.

 Экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?   Қазіргі уақытта «Зайырлық және дінтану негіздері» факультативінің барлық 652 оқытушысы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының облыстық филиалында курстардан өтті.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен жасасқан меморандумға сәйкес «дінтану» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура ашу жоспарланып отыр.

Мешіт имамдарының біліктілік деңгейін арттыру, исламтану, араб тілін үйрену үшін «Халифа Алтай» жанында демеушілер арқылы медресе ашу жоспарлануда. Мәдени-діни тәрбиесін дамыту үшін Өскемен және Семей епархиясының жанында мәдени-рухани орталық салынуы жоспарлануда.  Ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамына дін саласының қызметкерлері енгізілгендігін есепке ала отырып, жыл сайын Өскемен және Семей өңірлерінің мешіт имамдары мен священниктеріне арналған 5 күндік оқыту семинарлары өткізіледі.

20 ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) жұмыс істейді, олардың ішінде 1 облыстық мобильді топ, 4 қалалық, 15 аудандық. Жұмыс тиімділігін талдау нәтижесінде 2016 жылы ақпараттық-түсіндірү тобының 299 белсенді мүшелері жұмысқа тартылды.

Арнайы бекітілген кесте бойынша 2013 жылы 2238 алдын алу шаралары өткізіліп, 188 138 адамды қамтыды, 2014 жылы 267 832 адамты қамтыған                      3123 алдын алу шаралары, 2015 жылы 243 424 адамты қамтыған 2986 алдын алу шаралары өткізілді. 2016 жылы бойынша 210 767 адамды қамтыған 2842 іс-шара өткізілді. 2017 жылғы 1 тоқсанда 801 іс-шара өткізіліп 41 567 адам қамтылды.

 «Рухани керуен» акциясы аясында 15 тұрақты мекенде 2000 адамды қамтыған «Шырмауық» қойылымының көрсетілімі ұйымдастырылды, онымен қоса ОВ 156/2, 3, 14, 15, 17, 18, 20 түзету мекемелерінде  жазасын өтеушілер қамтылды.

Өскемен қаласының медициналық мекемелерінің арасында ақпараттық жұмыс бойынша айлық ұйымдастырылып, оның жұмысына дәстүрлі дін өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, тарихшылар мен халық арасындағы беделді азаматтар тартылды.

Жұмыс барысында түрлі әдістер қолданылады, мысалы, «Сақ бол, жас түлек!», «Жастар экстремизмге қарсы!» акциялары, журналистер арасындағы конкурс, шығармалар, бейнероликтер конкурсы, дін саласындағы қылмыстық істер бойынша эксперименттік сот отырыстары, дебаттар, адамдар көп шоғырланатын базарларда, сауда орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, таксилер мен ғибадат объектілерінде және тағы басқа да орындардағы кездесулер.

Бұл ретте халықтың барлық санаттары қамтамасыз етіледі: өнеркәсіптік өндіріс жұмысшылары, кәсіпкерлер, тұтынушылар, үй шаруасындағы әйелдер, оралмандар, жастар, жұмыссыздар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан оңтүстік өңірлерден келген жастар, мешіт жамағаттары және т.б.

2013-2016 жылдар аралығында жергілікті сарапшылармен қатар алдын алу жұмыстарына ҚР МСМ Дін істері комитетінің: М. Әзілханов, Ғ. Шойкин, А. Әбдірасылқызы, Г. Новикова, Н. Кабылов, Т. Абауов, ҚР ҰҚК академиясының – Л. Шакимова, К. Назарбек, Р. Иржанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының А. Тілегенова, Е. Оңғаров, А. Қуанышбекұлы, С. Мұқан,                          «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры А. Басюни, Р. Әкімбеков сияқты өкілдері тартылды.

«Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі діни экстремизм алдын алу жұмысын 3 бағытта жүзеге асырады:

-  жалпы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары;

-  дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушыларын оңалту;

-  сотталушы және олардын туысқандарын бейімдеу.

Психолог, заңгер, теологтардан тұратын деструкті ағымдардың әсерінен зардап шеккендерге кеңестік көмек көрсету кабинеті ашылған. 2016 жылдың басынан бері 133 адам хабарласып, олардың өтініштері қаралған.

Сонымен қатар, сенім телефонының қызметі жұмыс істейді, онда  8 /7232/ 70-56-56 телефоны бекітілген. 2016 жылғы орталықтың телефонына  263 қоңырау шалынды (2015 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда шалынған қоңыраулар саны 81, 2014 жылы бойында 57 қонырау тіркелген). 2017 жылғы 1 тоқсанда 63 қоңырау шалынды. Нәтижесінде  христиан діни бірлестіктерінің іс әрекеттері, облыс тұрғындарын ислам бағытындағы дәстүрлі емес діни ұйымдарға және оккультік-мистикалық «Алля-Аят» ұйымына тарту жайлы мәселелер ортаға салынды.

Өтініштер санының артуы азаматтар тарапынан сенім телефоны қызметіне сенім артуы ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарында дін мәселелері бойынша жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында, сондай-ақ тақырыптық баннерлерде ақпараттық роликтердің, коммуналдық төлем түбіртектерінің келесі бетінде орналастырылған әлеуметтік жарнама арқылы  ақпараттандыру нәтижесінде өтініштер саны артып отыр.

Жыл бойы діни бірлестіктер басшылары Клубының және  облыстық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесінің отырыстары өткізіледі. Отырыстарға жергілікті атқарушы органдарының және діни бірлестіктер өкілдері қатыстырылады.

Қала және аудан әкімдіктерінің, сондай-ақ бірқатар облыстық басқармалардың ресми сайттарында «Діни эстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» атты арнайы айдарлар ашылып, онда аталған тақырып бойынша материалдар орналастырылған. Мобильді гаджет иелері Қазақстандағы діни ағымдар, діни ахуал туралы толық ақпаратты, сондай-ақ тікелей қауіп төну немесе терроризм актісі болған жағдайда, терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде адамдардың өзін-өзі ұстау ережелері туралы жадынамаларды Play Market мобильді қосымшасы арқылы «Қазақстанның діни ағымдары» сілтемесінен жүктеу мүмкіндігіне ие болды. Келесі жаңарту 2017 жылдың наурыз айында жоспарлануда.

Басқарманың аккаунттары арқылы ВКонтакте, Twitter және Fasebook әлеуметтік желілерінде экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы іс-қимылға бағытталған ақпараттарды тарату және ақпараттық-насихаттық материалдарды белсенді орналастыру жүргізілуде (2000 материал мен сілтемеден аса).

Интернет-ресурстарды 2016 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг бойынша 848 сайт пен бейнематериал зерттеліп, діни экстремизм мен терроризмді насихаттау сипаттамасы бар 370 бейнематериал және 120 интернет-портал анықталған. 2017 жылғы 1 тоқсанда 249 сайт және материал қаралып, экстремистік сипаттағы 111 бейнематериал және 15 интернет-портал анықталды. Анықталған материалдар бойынша ақпараттандыру және тиісті шаралар қолдану аясында ҚР ДІАҚМ ДІК, ШҚО бойынша ҚР ҰҚКД, облыстық прокуратураға жолданған.

2016 жылы дін саласындағы өзекті мәселелерге қатысты 15-минуттық  2 фильм мен 5 бейнеролик әзірленді, олар Дін істері басқармасының сайтында және YouTube видехостинг Web Studio Mix каналында орналастырылған.

Тұрғындарды толық қамту және дәстүрлі емес діни ағымдар әсерінің теріс салдары туралы нақты ақпаратты түсіндіру үшін коммуналдық қызмет көрсету қызметтерінің мүмкіндіктері қолданылады.

Мысалы, әртүрлі коммуналдық қызмет төлемдері түбіртектерінің келесі беттерінде сенім телефондары туралы ақпарат және теріс дінге тартушылардан сақтану жадынамалары орналастырылған – барлығы 369 936 абоненттер арасында таратылады.

2016 жылдың басынан 224 баннер, 12 652 әдістемелік нұсқау мен кітапшалар, 394 200 парақшалармен буклеттер, 1000 бейнедискілер, 1000 визиткалар жасалып, таратылды.

2014-2016 жылдар аралығында «Дін мен діл» және «Близкие духом» арнайы ай сайынғы бағдарламалардың шығарылымы, облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде  «Руханият», «Духовность» арнайы парақтардың жарияланымы жалғасуда. Сонымен қатар, дін саласын кеңінен тарайтын газеттер арқылы жарықтандыру жоспарлануда. Дін саласы бойынша журналисттер және ғылыми-сараптама қауымының пулы жаңартылды.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімді кім қабылдайды?   Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Қазақстанда қай жерде арнаулы орта және жоғары діни білім алуға болады?   Қазақстанда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің жанындағы 9 медреседе арнаулы орта діни білім және «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде  жоғары білім алуға болады. 
Өзіңді желідегі радикалды дінге тартудан қалай сақтандыруға болады?   Әлеуметтік желілерге өзің туралы жеке ақпаратты шығарма! Өздерінің проблемалары туралы бір-біріне шағымданатын форумдар – тартушыларға таптырмайтын  қазына.  Егер сенің проблемаларың болса, онымен тек туыстарыңмен және жақындарыңмен бөліс.

- Әлеуметтік желілердегі күмән тудыратын ұсыныстарды қабылдама! Сенімен достасуға ниет білдірген адамның комментарийлерін оқы. Егер де саған күмән тудыратын адам болса оны «қара тізімге» енгіз.

- Дінге тартушының басты қарсыласы – бұл Сіздің отбасыңыздың мүшелері, Сіздің ата-аналарыңыз. Сондықтан оның мақсаты – оларды бейтараптандыру, олардың беделін басқаға ауыстыру.

Қажет ақпаратты тіркелген діни бірлестіктерден, ҚР МСМ Дін істері комитетінің, ШҚО дін істері басқармасының ресми сайттарынан, e-islam.kz ақпараттық порталынан, Play Маркеттегі «Религиозные течения  Казахстана» мобильді қосымшасынан алуға болады.  «ҚАУЫРТ  ЖЕЛІ – 114»,   сенім телефоны 8 (7232) 70-56-56

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 /