Табиғи ресурстар
Сұрақ   Жауап
«Орманды заңсыз билетсіз кесу» түсінігін түсіндіріңіз.   Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде «Орманды заңсыз билетсіз кесу» тұжырымында жеке түсінік жоқ.

Орман Кодексінің 1133 бабының (Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар), (1т.) Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:

4) ..   орманды заңсыз кесу,.... болып табылады.

Орман Кодексінің 4 бабында (Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

4) ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспе ағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;

Яғни, орманды заңсыз кесу мынадай төрт оқиға жағдайында танылады:

- ағаш кесу билетінсіз;

- ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзу;

- ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу;

- есепті кеспе ағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу.

«Орман пайдалануды жүргізу» түсінігіне не жатады? Және орман пайдалануды жүргізуде бақылауды кім жүзеге асырады?  

Орман Кодексіне (4 бабының 47 тармағы) - «орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет» сәйкес, Орман Кодексінің 88 бабында (Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану түрлері) орман пайдалану түрлеріне мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың:

1) сүрек дайындау;

2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;

4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;

6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;

7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;

8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды құзіретті орган (ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің комитеті) және оның аймақтық бөліністері (Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің Аймақтық инспекциясы), Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген, өз құзіреттері шегінде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орман иеленуші лауазымды тұлғалардың қызметкерлеріне (орман шаруашылығы) орман пайдалану ережелерінің бұзушылықтарын анықтау және болдырмау жөніндегі іс-шараларды қабылдау туралы міндеттер жүктеледі (ҚР 26 бабы).    
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізген кезде қоғамдық тыңдауларды кім ұйымдастырады?   Қоғамдық тыңдауларды қоршаған ортаны қорғау аясында жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. ШҚО аумағында аталған орган «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады.
Аң аулау жерлерінде аншлагтарды орнатуды кім және кімнің есебінен жүргізіледі, және тұрғылықты мекендердің шетінде аң аулауды жүргізуге рұқсат па?   Аншлагтарды орнатуды арнайы жануарлар дүниесін пайдалану құқығы бар аң аулау шаруашылығы субъектілеріне бекітілген аумақтарында жануарлар дүниесін пайдаланушылар өз қаражаты есебінен жүргізу міндет.

Аң аулау ережесімен елдi мекендердiң жерлерiнде аң аулауға тиым салынған, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта.

 Осыған орай, аң аулау тек қана арнайы тағайындалған орындарда жүргізіледі.

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 / 11.04.2017