Жерді пайдалануды және қорғауды бақылау
Сұрақ   Жауап
Мемлекеттік меншіктегі жерлерді өз еркімен басып алу   ҚР ЖК 43-бабының 10-тармағына сай, жер учаскесiнiң нақтылы шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар (шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері және т.б.) берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және ҚР ӘҚБК 136-бабына сай, әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi  (жеке тұлғаларға – 75 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 700 АЕК). Анықталған фактілер бойынша бұзушылықты жою мақсатында ҚР ЖК 164-1 бабының талаптарына сай, мәліметтер жер учаскесінің орналасқан жері бойынша аудандық және қалалық әкімшілікке бөгденің заңсыз иеленуінен қайтару үшін жіберіледі.
Жерлерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау   ҚР ЖК 65-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына сәйкес пайдалануға міндетті. Жерлерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактілерін анықтаған кезде заң бұзушыға ҚР ӘҚБК 339 бабына сай айыппұл салынады (жеке тұлғаларға - ескерту немесе 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК) және мұндай бұзушылықтарды жою мақсатында 3 ай мерзіміне нұсқама беріледі. Нұсқаманы орындамаған жағдайда, жер учаскесі ҚР ЖК 93-94 баптарының тәртібі бойынша мәжбүрлеп алынады.
Ауыл шаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалану немесе ұзақ мерзім бойы пайдаланбау   ҚР ЖК 65-бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға, дәл айтқанда жердің құнарлығын ауыспалы егісті сақтауға,  мал санының жайылымда оңтайлы жүктемесін қамтамасыз етуге, топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсартуға міндетті. Мұндай фактілерді анықтаған жағдайда, заң бұзушыларға 3 ай мерзіміне нұсқама беріледі. Нұсқаманы орындамаған жағдайда, жер учаскесі ҚР ЖК 93-94 баптарының тәртібі бойынша мәжбүрлеп алынады.

Ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбау жағдайында (өңдеу жұмыстардың және егісті жинау шараларын жүргізілмеуі, мал басының болмауы) заң бұзашыға жер учаскесін мақсатына сай пайдалану жайлы 1 жыл мерзіміне нұсқама беріледі. Нұсқаманы орындамаған жағдайда, жер учаскесі ҚР ЖК 92-94 баптарының тәртібі бойынша мәжбүрлеп алынады.

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалану немесе ұзақ мерзім бойы пайдаланбау фактілерін анықтағанда ҚР ӘҚБК 338 бабына сай әкімшілік жауаптылықты көздейді (жеке тұлғаларға – ескерту жасауға немесе 10 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70 АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК).

Ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерін ұтымды пайдалану үшін қандай шараларды қабылдау қажет?

  Жерлерді тиімді пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеу мақсатында, ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 ж. 27 наурызыдағы № 268 бұйрығымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану ережелері бекітілген. Бұл ережелер ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану тәртібін анықтайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:
1) жердің құнарлығын сақтауды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгіленген деңгейі);

2) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін сақтауды және арттыруды;

3) ауыспалы егістің сақталуын;

4) мал шаруашылығы өнімін өндіру кезінде жайылымда оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету;

5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
6) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді; 
7) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

Мақсаты бойынша жер учаскесін пайдалану туралы шараларды қабылдау үшін Басқармамен берілген нұсқаманы қалай орындауға болады?   Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбаған жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға:

1) құрылыс салу үшін – оны құрылыс салу мақсаты үшін шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе);

2) ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін – алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе.

ҚР ЖК 92 бабына сай бір жыл мерзіміне нұсқама беріледі, бұл уақыт ішінде жер учаскесін пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажет (құрылыс салуды бастау, жер учаскесін игеруге кірісу, жайылымдық алқаптарды пайдалану үшін мал басының болуын қамтамасыз ету, егістікте егін егу жұмыстарын жүргізу, шөп шабу).

ҚР заңнамасының бұзушылықтарын жою бойынша Басқармамен берілген нұсқаманы қалай орындауға болады?   Жер учаскесі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жағдайларда, онда ҚР ЖК 93 бабына сай жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталған кезден бастап үш ай мерзіміне нұсқама беріледі.

Жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану жағдайларына:

1) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау;

2) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында айқындалған талаптарды бұза отырып пайдалану;

3) осы Кодекстің 99-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;

4) жер учаскесін экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай етіп пайдалану жатады.

Басқармамен нұсқама берілген жер учаскесін сатуға бола ма?   ҚР ЖК 94-бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттілігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады. Яғни, берілген нұсқама жер учаскесінің иесін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға нұсқаманы орындау (бұзушылықты жою) сәтіне дейін шектейді.
Басқармамен берілген нұсқаманы орындамаған жағдайда жер учаскесіне қатысты қандай шаралар қолданылады?   ҚР ЖК 94-бабына сәйкес нұсқаманы орындамаған жағдайда жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органымен жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызы беріледi.
Менің жер учаскеме неліктен жер салығы көбейді?   ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 386 бабының 4-тармағына сәйкес объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша Салық Кодексiнің 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

Егер менің көршім екеуміздің ортамызда тұрған іргелес қоршауды көршім жылжытса не істеуім керек?

 
  Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен сот тәртібімен қайтаруды талап етуге құқылы.

 

 Жер учаскелерін беру тәртібінің заңдылығын кім бақылайды?   Жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормасына сәйкес жергілікті атқару органдарының құзіретіне кіреді, ал жергілікті атқару органдарының шығарған шешімдерін бақылауды орталық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жүргізеді(ҚР ЖК 147- баптың 1-тармақшасы 1 - тармағы).

 

     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 /