Жер қатынастары
Сұрақ   Жауап
Халық мұқтажы үшін қажетті жайылымдар туралы мәселе қалай шешіледі?   2017 жылғы 20 ақпанда «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онымен жеке аула малын жаю үшін халықтың мұқтажы үшін қажетті жайылым алаңын анықтау көзделген. Әкімдіктерге жеке және заңды тұлғалардың меншігінде немесе жер пайдаланунда тұрған елді мекен айналасындағы жайылымдарды, халықтың жайылым алқаптарына мұқтаждығын мемлекет мұқтажына жатқызу жолымен, алып қоюға мүмкіндік беріледі. Жайылым алқаптарына қажеттілік өзіндік қосалқы шаруашылықтардағы мал басының (түрлері бойынша) санынан, жайылымның жалпы алаңына жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларын ескере отырып анықталады. 
Менің өз жер учаскеммен АШӨК құрамына кіруге құқығым бар ма?    Иә, бар. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сай Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың меншік құқығын, уақытша ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру құқығы бар. 
Біздің үйдің жанында гараждар және кейбір гараждардың араларында бос орындар бар. Енді біз гараж салғымыз келеді. Бос орындарға гараж салуға рұқсатты қалай алу және құжаттарды ресімдеуді неден бастау керек?   2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру Кодекстің 48-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта жүзеге асырылады. Бұл ретте, жер учаскелері тек Кодекстің бабымен регламенттелген рәсімдер өтуіне қарай сауда-саттыққа қойылатынын атап өтеміз. Алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар нақты өткізу күнін, учаскелердің санын олардың орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және сауда-саттықтың басқа жағдайларын көрсете отырып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Мүгедек баласы бар отбасына үй салу үшін менің жер алу мүмкіндігім бар ма?   Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерін беру ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы № 255 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының нормаларымен (бұдан әрі – Қағида) регламенттелген.

Көрсетілген Қағиданың нормалары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін ортақ болып табылады. Көрсетілген Қағиданың нормаларына сай ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру тек қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бөлу үшін дайындалған алаңшалар бар болуына қарай жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен қатар, қалада көрсетілген алаңшалар жоқ болуы салдарынан, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру қазіргі уақытта жүзеге асырылмайтынын, сондай-ақ мүгедек-баласы бар азаматтарға бірінші кезекте жер учаскелерін беруге жеңілдіктер көрсетілген мақсаттарға қолданыстағы заңнамада көзделмегенін айта кетеміз.

Учаске алу үшін кезекке қалай тұру керек?   Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерін беру ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015 жылғы № 255 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының нормаларымен (бұдан әрі – Қағида) регламенттелген.

Көрсетілген Қағиданың нормалары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың барлық санаттары үшін ортақ болып табылады. Алайда, қалада инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген алаңшалар жоқ болуынан, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру қазіргі уақытта жүзеге асырылмайды.

ҚР Жер кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес облыстағы жер учаскелеріне құқық беруге мүдделі жеке тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

2015 жылы тұрғын үйі бар 10 жүздік жер учаскесін сатып алдым. Жеке кәсіпкер ретінде өз ЖТҮҚ үшін жер учаскемде азық-түлік дүкенін сала аламын ба? Рұқсат беру құжаттар пакетін алу рәсімі қандай?    ҚР Жер кодексінің 65-бабына сай жер учаскелерінің барлық меншік иелері мен жер пайдаланушылары жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті. Бұл ретте, жеке және заңды тұлғалардың меншік (жер пайдалану) құқығында тұрған жер учаскелерінде объектілерді жобалауға және салуға рұқсат беру мәселелерін қарау ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне жататынын хабарлаймыз, соған байланысты аталған Басқармаға баруды ұсынамыз.  
 Тұрақ немесе қойма жайларын ұйымдастыру үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскесін жалға алуға бола ма?   ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сай мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін алғаш рет беру Кодекстің 48-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта жүзеге асырылады. Бұл ретте, жер учаскелері тек Кодекстің бабымен регламенттелген рәсімдер өтуіне қарай сауда-саттыққа қойылатынын атап өтеміз. Алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар нақты өткізу күнін, учаскелердің санын олардың орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және сауда-саттықтың басқа жағдайларын көрсете отырып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін білгіміз келеді. Өтініш түскен сәттен бастап нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім/қаулы шыққанға дейін мерзімдері және құжаттар тізбесімен барлық процесс қызықтырады.   ҚР Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 49-1 бабына сай жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға өтініш береді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылған комиссия қорытындысының негізінде қабылданады. Кодекстің 49-1 бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш түскен сәттен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы   

№ 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сай осы қызметті көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тиісті өтініш, оған жеке басын куәландыратын құжат пен жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін қоса берумен, қажет.  

 Бос жер учаскесін ұзақ мерзімге жалға алуға бола ма?   ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сай мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін алғаш рет беру Кодекстің 48-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта жүзеге асырылады. Жер учаскелері тек Кодекстің бабымен регламенттелген рәсімдер өтуіне қарай сауда-саттыққа қойылады. Алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар нақты өткізу күнін, учаскелердің санын олардың орналасқан жерін, нысаналы мақсатын және сауда-саттықтың басқа жағдайларын көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобаларын не үшін дайындайды?   Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды және ғылыми негіздеп пайдалану үшін.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру процесінде  жер пайдалану мақсатын жүзеге асырғанда жерлерді қорғау және табиғи факторлармен тиімді өзара іс-қимылды ескере отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің төмендеуіне келтірмейтін тәсілдермен, нақты табиғи-климаттық жағдайларда жер алқаптарын неғұрлым ұтымды ұйымдастыруға және пайдалануға бағыт беретін шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасының негізінде барынша әсерін қамтамасыз ету. 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің тәртібі қандай?   Жер кодексінің 48-бабына сай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері конкурс бойынша беріледі. 
     

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 / 11.04.2017