Еңбек қорғау
Сұрақ   Жауап

Мен жүкті болсам, менің қызмет орнымды қысқарту жөніндегі шешімі заңды ма? Басқа қызмет орны осыдан жеңіл болмаса, менің келісімімсіз басқа қызмет орнына аударуға заңды ма?

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес  (ары қарай-Кодекс)  жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

Кодекстің 44-бабына сәйкес, жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, оның орташа жалақысы сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылады.

Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындаудан босатылуға жатады.

Егер де Сіз он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті ана болсаңыз, осы Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негізде Сізбен еңбек шартын бұзуды алдын алу үшін жұмыс берушіге некені бузу туралы куәлігін беруге құқылысыз. 

 Ауыл шаруашылығы жануарларын егу міндетті болып табыла ма?  

Кодекстің 159-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін (орташа жылдық жұмысшылар саны 50-ден аспайтын жеке кәсіпкерлер, орташа жылдық жұмысшылар саны 50-ден аспайтын және орташа жылдық активтер құнының 60000 еселілік АЕК көрсеткішінен астам емес заңды тұлғалар) және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.

 Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде  қаралады.

Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.

Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

Мен уақытша еңбекке жарамсызбын. Бастықтың сұрауы бойынша аурулық қағазын жаппай жұмысқа шықтым. Осындай жағдайда Заң бойынша қалай әрекет ету керек?  

Кодекстің 133-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.

Жұмысшының оны еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы болғанда жұмысқа шақырту еңбек заңнамасымен қарастырылмаған.

Еңбек демалысында жүріп қатты ауырып қалдым. Демалысты ұзартуға құқығым бар ма?

 

Кодекстің 94-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы мынадай жағдайларда:

-жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болғанда;

-жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезінде толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады.

Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (оның бір бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болу кезеңіне ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылуы немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жұмыс жылында бөлек берілуі мүмкін. Осыған орай, Сіз жыл сайынғы еңбек демалысын ұзарту жөнінде жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылысыз.

Еңбек шартына сәйкес демалысты бөліктермен алуға болады, бір бөлігі 14 күннен кем емес болу керек екендігі шын ба?

 

Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жалпы ереже бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы ҚР еңбек заңнамасымен қарастырылған мерзімі шегінде бір рет толығымен беріледі. Көрсетілген демалысты бөліктерге бөлгенде: бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс. 

Бірінші инстанцияның сотымен кәсіпорын банкрот деп танылды, аппеляциялық коллегияның қаулысымен бірінші инстанцияның сотының шешімі жойылды. Кәсіпорынның мүлкі жоқ, активі нөлдік. Осы жұмыс берушіден еңбекақымды қалай өндіре аламын?

  Сот кәсіпорынның банкрот екенінің күшін жойған жағдайда, жұмыскер еңбек бойынша уәкілетті органға («ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ) немесе азаматтық сот ісін жүргізу ретімен сот инстацияларына жүгінуге құқылы (ҚР ЕК 159-бабы).
Жұмыстан босатылғаннан кейін қанша уақытта еңбекақыны төлеуге міндетті және оны төлемесе не істеу керек?    ҚР ЕК 133-бабының 4 тармағына сәйкес, Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тиесілі сомалардың төленбеген жағдайында жұмыскер уәкілетті органға немесе азаматтық сот ісін жүргізу ретімен сот инстацияларына жүгінуге құқылы (ҚР ЕК 159-бабы).
Мұғалімдерді біліктілікті арттыру оқу курстарына жиі жіберіп отырады. Мұғалімнің курстары күніне 8 сағаттық жүктелімге қарамастан өтеді, яғни 5 күнде – 40 сағат. Бұйрық жұма күнімен бітетіндіктен, сенбі күні адамдар жұмысқа шығады, өйткені мектептерде 6-күндік жұмыс аптасы. Сөйтіп, мұғалімнің жұмыс аптасы сенбідегі жүктелімге байланысты 43-47 сағатты құрайды. Бұл еңбек занамасының бұзылуы болып санала ма?   Қалыпты жұмыс уақытының ұзақтылығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. ҚР ЕК 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті. Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады. Жұмысшыға іс жүзінде атқарылған жұмысы үшін еңбекақы төленеді. Ай қорытындысы бойынша, жұмыскердің жұмыс уақытының ұзақтылығы жұмыс уақыттың нормасыннан асырса,  ҚР ЕК 108-бабына сәйкес жұмыс беруші  жұмысшының жұмыс істеген үстеме сағаттарын төлеуі міндетті.

 

 Мен қан донорымын. Менің демалыс алуға құқығым бар ма?   ҚР ЕК 126-бабына сәйкес  Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі. Донор болып табылатын қызметкерді медициналық зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмыс беруші орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысынан босатады. Егер донор болып табылатын қызметкер жұмыс берушімен келісім бойынша қан мен оның компоненттерін донациялау күндері жұмысқа шықса, оның орташа айлық жалақысы сақтала отырып, өзінің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.

 

Бір ұйымда ресми декреттік демалыста болған әйел, басқа ұйымға ресми түрде жұмысқа шыға ала ма? Осы жағдайда жылдық жәрдемақы төлемі сақтала ма?   Декреттік демалыс кезіндегі басқа ұйымда жұмыс істеу Еңбек кодексімен тыйым салынбаған. Жұмысшы қоса атқарушылық жұмыс туралы еңбек қатынастарында болған жұмыс берушіден басқа, бірнеше жұмыс берушілермен еңбек шартын жасасуға құқылы. Әлеуметтік сақтандыру қорының ақпаратына сәйкес қолданыстағы заңнама бойынша осы факт жәрдемақы төлемін тоқтатуға негіз ретінде қаралмайды. 

 

   

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 /