Ветеринария
Сұрақ   Жауап

Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі дегеніміз не және адамға несімен зиян? 

 

Бруцеллез – адам мен үй жануарларының барлық түрлерін қамтитын   жұқпалы, созылмалы ауру. Ауру қоздырушысы ауру жануарлар болып табылады.  Бруцеллезді жұқтыру жайылымдар мен  суару  жерлерінде ауру мен сау мал қосылғанда жүреді.

Бруцеллезбен ірі қара мал, ұсақ мал, шошқалар және басқа да жануарлар ауырады.

Адамға жұғу көзі – ол адамның  залалданған жануарлармен  тікелей байланысы немесе термиялық өңдеуден өтпеген сүт өнімдерін  тұтыну болып табылады. 

Өзінің және жақындарының өмірін бруцеллезден қауіпсіздендіру үшін мыналар қажет:

1)    Жануарлар арасында ауруды алдын алу мақсатында, оларды уақтылы

диагностикалық зерттеулерді жүргізуге ұсыну.

2) Жануарда аурудың белгілерін байқаған жағдайда шұғыл түрде ветеринариялық дәрігерге ескерту. 

3) Азық-түлікті, тек қана рұқсат етілген сауда орындарындарында – базарлар мен дүкендерде сатып алу керек.

4) Тағамға термиялық өңдеуден өткен сүт және сүт өнімдерін пайдалану қажет.

5) Жұқтыру қаупімен жұмыс уақытында, жеке гигиена және жеке қорғану құралдарын пайдалану ұсынылады, соның ішінде резеңке қолғаптар, халаттар, комбинезондар және клеенка алжапқыштар.

6) Жұмысы бруцеллезді жұқтыру қаупімен тікелей байланысты  тұлғаларға  үнемі мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өту керек.

 Ауыл шаруашылығы жануарларын егу міндетті болып табыла ма?  

Адам жанында тұратын жануарлар инфекциялық зақымданудың қатерін тудыруы мүмкін. Адам мен жануарлар үшін жалпы болып келетін көптеген ауру топтары бар.  Олар шағып алғанда,  байланыс, алиментарлы (тағам)  және басқа да жолдармен таралады. Тек қана жануарлар арасында таралатын инфекциялар бар. Олар адам денсаулығы үшін қауіпті емес, бірақ мал шаруашылығына елеулі экономикалық залал әкеледі.

Бүгінгі таңда егу – бұл жануарларды  инфекциядан қорғаудың ең сенімді тәсілі.  

 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабына сәйкес, заңды және жеке тұлғалар міндетті:

ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және диагностикалауды қамтамасыз ету;

ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша қызметтік міндеттерін орындаған кезде жәрдем көрсетуге;

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.  

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін құлақ сырғалары неліктен уақтылы келіп түспейді?    Аудан, қалалардың ветеринария бөлімдері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін құлақ жапсырмаларының қажеттілігін анықтайды және ақпаратты ветеринария басқармасына жібереді.

Басқарма облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген сұранысты процессингтік орталыққа жібереді.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядпен» (бұдан әрі – ҚР АШМ ВБжҚК  РЭО) конкурстық рәсімдерді жүргізгеннен кейін, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің бұйрығы және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінінің хаты бойынша құлақ жапсырмаларын республикалық меншіктен ҚР АШМ ВБжҚК  РЭО балансынан облыстың коммуналдық меншігіне беріледі, бұдан кейін тарату тізімі бойынша аудандар мен калаларға беріледі. 

 

   

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.04.2017 / 11.04.2017