Перечень проблемных вопросов каз
Сұрақ   Жауап

Өскемен қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

 

Өскемен қаласы әуежайының қолданыстағы жасанды ұшу-қону жолағы 1972 жылдан бастап қайта жаңартылмаған.

2010 жылы № 2 рульдiк жолын және перронына күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта әуеайлақ объектілерінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін жарықтар мен ойықтар бар.

Жолақтың техникалық жағдайын жақсарту үшін «Өскемен қаласының әуежай кешенін қайта жаңарту» жобасын іске асыру қажет. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, «Мемсараптама» РМК қорытындысы алынды. ТЭН-ге сәйкес жобаның құны - 10,6 млрд.теңге.

2018 жылы облыстық бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді (190,4 млн.теңге бөлінді), мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

Республикалық бюджеттен 9,5 млрд.теңге (2019 жылы – 3,5 млрд. теңге, 2020 жылы – 6,0 млрд. теңге) сомасында қаржыландыру қажет.
Облыс орталығы мен Күршім ауданы халқының және жақын жатқан аумақтардың арасында қауіпсіз және үздіксіз көлік қатынасын ұйымдастыру    

Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтпе жолдың болмауы өзекті мәселе болып табылады. 90 мың адамнан тұратын Күршім, Зайсан және Көкпекті аудандарының тұрғындары үшін су қоймасы арқылы өтетін өткелдің негізгі құралы паромдар, олардың өзі тек жаз мезгілінде қатынайды. Қыс мезгілінде жағдайды мұз өткелі жеңілдетеді, оны пайдалану ауа райы жағдайына байланысты және адамдар мен жүктер үшін үлкен қауіп-қатер. Балама жол  ретінде Алтай ауданы арқылы айналып өту, жолға кететін уақыт 4 сағатқа созылады.

Мәселені шешу үшін «Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы» жобасын іске асыру қажет.Жоба Мемлекет басшысының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 17-686 тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына кірді. 

Жоба бойынша ТЭН әзірленді (мемлекеттік сараптаманың 07.08.2017 ж. № 01-0375/17 қорытындысы), ЖСҚ бар (08.12.2017 ж. мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) № 01-0613 / 17).

Республикалық бюджетті нақтылау кезінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім дайындалады.

Республикалық бюджеттен 27,1 млрд.теңге сомасында нысаналы қаражат бөлу қажет (2020 жылы – 9,0 млрд. теңге, 2021 жылы – 12,0 млрд. теңге, 2022 жылы – 6,1 млрд. теңге).

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.07.2019 / 04.07.2019