Өзен қатынасы

Республикалық мемлекеттік қазыналық Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорыны

«РМҚ ШҚ СЖК» директоры –Тоцких Андрей Александрович

 Қабылдау сағаты: Жұма күні сағат 15.00.-17.00.-дейін
 Қабылдау бөлмесі – (7232)29 42 36

Кәсіпорынның атауы, құрылған жылы
Республикалық мемлекеттік қазыналық Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорыны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізімі туралы” 1996 жылдың 25.06.-ғы №790 қаулысына сәйкес, құрылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің 2004 ж.05.04.-гі бұйрығымен 2005 ж.14.01.-нен бастап кәсіпорын «Республикалық мемлекеттік қазыналық Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорыны» болып аталады. РМҚ ШҚ СЖК оперативті басқару құқығындағы кәсіпорын. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып табылады. Уәкілетті органы- ҚР мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Комитет.

Кәсіпорын қызметінің бағыттары
Кәсіпорынның қызметі, жарғыға сәйкес, қызмет көрсету шекарасының шегінде: Қара Ертіс (ҚХР шекарасынан) –Зайсан көлінің –Ертіс өзені Бұқтарма, Өскемен, Шүлбі су қоймаларынан Өскемен, Бұқтарма және Щүлбі қақпаларымен Шүлбі ГЭС плотинасына дейін, кемелер мен құрамдардың қақпалардан қауіпсіз жүзуі мен өтуін қамтамасыз ету үшін кеме жүретін су жолдары мен қақпаларды тиісті жағдайда ұстау және дамыту жөніндегі өндірістік қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын, қақпаларды ұстау, қызмет көрсететін су жолдары учаскелерінде, порттарға, айлақтарға, бөгеулерге, қақпаларға және олардың су айдынындарына кірер жолдарында жол жұмыстарын жүргізу арқылы кеме жүру жолдарының кепілдендірілген габариттерін қамтамасыз ету, мақсатында құрылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
1) қызмет көрсетілетін су жолдарында кеме жүзу жағдайының навигациялық белгілерін орнату және ұстау;
2) түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын орындау;
3) пайдаланылатын су жолдарының кеме жүзу жағдайларын жүйелі түрде жаңартып отыру;
4) падаланымдағы су жолдарының жобалы-іздеу, топографиялық, картографиялық және зерттеу жұмыстарын орындау;
5) кеме жүретін қақпаларды жөндеуден өткізу және оларды техникалық ақаусыз, пайдаланылатын жағдайда ұстау, гидротехникалық имараттар (бөгеттер, бөгеулер,жартылай бөгеулер,жағалау бекітетін жағалау имараттары)салу;
6) кемелерді қақпа (шлюз) арқылы өткізу;
7) қызмет көрсетілетін су жолдарының учаскесіндегі су айдыныда тралды жұмыстарды орындау;
8) жүк көтергіш механизмдерді пайдаланып жұмыс істеу;
9) кеме жүретін су жолдарын және гидротехникалық имараттарды ұстауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жабдықтау мүкәммалдары мен мүліктерді дайындау және жөндеу; 10) кеме жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері және жетістіктері
РМҚ ШҚ СЖК орындайтын жұмыстарды қаржыландырудың негізгі үлесін «Су жолдарының кеме жүретін жағдайын қамтамасыз ету және шлюздарды ұстау» республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде алады.
Өзіндік қызметі. Консервацияланған жағдайдағы “Иртышский –254” земснаряды, “Брандвахта-20”, өздігінен жүре алмайтын НШ-3 және НШ-7 шаландалары мемлекеттік тапсырыстан тыс, өзіндік табыстан алынған қаражат есебінен 2004 жылы қайта қалпына келтірілді.
РМҚ ШҚ СЖК жабдықтарын жаңғырту. Мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар шегінде кәсіпорын 2004 жылдан бері жүзу құралдарын сатып алды: КПЛ 5-30 жүзу краны, 82 130 жобасында жабдықталған теплоход. 2005 жылға арналған жаңғырту жөніндегі бағадарламаны жүзеге асырудың жалғасы ретінде, РМҚ ШҚ СЖК спутниктік геодезиялық жабдықтар, жерсорғыш және суға сүңгуіршілердің ботын сатып алуды жоспарлап отыр.
Арна түсірілімі. Біздің кәсіпорынға ағымды жылы ендіріле бастаған спутниктік геодезиялық жабдықтар арнамен түсіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде, Кеңестер кезеңінен бері қолданылып жүрген тозығы жеткен топографикалық және гидрографикалық түсіру технологиясымен салыстырғанда , уақытты өнімдейді, дәл, сенімді, жедел және көрнекті. Осыған байланысты, координаттарды, гидрографикалық эхолоттарды, жанынан қарағандағы көріністің гидролокатрларын, профилографтарды, топографикалық және гидрографикалық түсіру бағдарламалық пакеттері мен гидрографикалық түсірулерді, одан кейінгі өңдеулерді жоғарғы дәлділікпен анықтайтын пайдалануға негізделген қазіргі заманға сай технологиялар ұсынылады. Салыстыру үшін: ескірген технологияларды пайдаланушы топографикалық партия бір айда 20 шақырым өзен арнасының дала түсірімін жасай алады, бұл камералдық жұмыстарды санамағанда, ал қазіргі заманға сай құралдарға негізделіп өңделген технологиялар кезінде осы 20 шақырымды бір аптада түсіруге болады. Мұнан басқа, осы істелген жұмыс кеме жүруді қамтамасыз ететін жұмыстың барлық келесі кезеңдерінде, соның ішінде халықаралық талаптарға сәйкестендірілген өзен кемелеріндегі автоматтандырылған лоцман жүйелерінде де пайдаланылады.
Қақпалардың (шлюздардың) қауіпсіз жұмысы Сібір Мемлекеттік Геодезиялық Академиясы біздің кәсіпорынға, заттық байқаудың әдістерін кешенді пайдалану негізінде, имараттар нысандарының бұзылуын мониторинг кестесінде бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, кеме жүретін қақпалар имараттарының көп параметрлік бұзылған мониторингінің және төтенше жағдайларды болжаудың геодезиялық,сейсмологиялық,гидротехникалық деректер қорын құрға арналған автоматтандырылған жүйесін ұсынды. Жүйе арнайы датчиктерден, байланыс желілерінен, басқарушы есептеуіш кешенінен және арнайы қамсыздандырылған бағдарламадан тұрады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 12.04.2017