Коммуникациялар

Шығыс Қазақстан облысында Республикадағы ең ұзын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің бірі орналасқан, ол 11 885,9 шқ. құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар - 3 414 шқ., облыстық маңызы бар - 3 186 шқ, аудандық маңызы бар – 5 285,9  шқ, жабын түрлері бойынша: - асфальтобетонды – 1153,6 шқ;

- қара қиыршық тасты – 5942,8 шқ;

- қиыршық тасты -  3978,5 шқ;

- грунтталған – 811 шқ.

Санаттары бойынша

- I санаттар – 9 км;

- II санаттар – 559 км;

- III санаттар – 2630,9 км;

- IV санаттар – 7915,7 км;

- V санаттар – 771, 3 км.

Қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарының желісінде 514 салынып жатқан көпірлер, 6653 су жіберетін құбырлар бар.

2017 жылға міндеттер

Көлік құралдарының қауіпсіз және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін қалпына келтіруге және дамытуға 5,5 млрд теңге бөлінді.

Проблемалық мәселелер

Техникалық паркті жабдықтау

Қазіргі уақытта «ОблШығысЖол» КМК 92 бірлік мамандандырылған жол-эксплуатациялық техникалары бар.

Автожолдардың маңыздылығына қарамастан, ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін негізігі көліктер мен механизмдердің жетіспеушілігі білінеді. Ұйымның қамтамасыз етілуі, жергілікті маңызы бар жолдарды қысқы күтіп ұстауға бос емес, қар тазартқыш  техникалары, нормативті қажеттіліктің тек 45 % құрайды және бұл жетіспейтін техникаларды жалға алу бойынша шарасыз іс-шараларға әкеледі.

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға қаржыландырумен қамтамасыз етілуі бойынша ақпарат

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 31.01.2017