Көлік бойынша ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында 326 тұрақты автобус бағыттары,  оның ішінде 18 халықаралық бағыттар, 22 қалааралық облысаралық, 76 қалааралық облысішілік, 51 ауданішілік, 14 кентішілік және 145 қалаішілік бағыттаржұмыс істейді.

Барлық аудандық орталықтар облыс орталығымен көлік қатынасы арқылы байланысады.

2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес, жолаушылар көлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесін қысқартуға бағыттар койылған.

Ағымдағы жылы елді мекендердің тұрақты көлік қатынасымен қамтылмаған үлесінің көрсеткішіне қол жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2016 - 35%) 30% -ға дейін қысқарды.

Аягөз ауданында 59 елді мекеннің 39 тұрақты тасымалдаумен қамтамасыз етілмей, тұрғындарға қолайсыздық тудыруда, яғни (66,1%) ғана құрайды, Жарма ауданында 54 елді мекеннің 30 (55,5%), тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген, Күршім ауданында 55 елді мекеннің 37(57,3%) көлік қатынасымен қамтылмаған.

Ұлан, Абай, Бесқарағай аудандарында бүгінгі таңда ауданішілік бағыттар мүлдем жоқ, аудан тұрғындарын тасымалдау меншік жеңіл автокөліктермен және транзиттік ауданаралық және облысаралық тұрақты бағыттармен жүзеге асырылады.

Жолаушылар көлігімен елді мекендерді қамту және көлік қызметтерінің қолжетімді болуы үшін облыстың 9 ауданында ішкі және қала ішіндегі автобус қызметтеріне субсидия бөлінеді. (Аягөз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандары). 2016 жылға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 66 млн. теңгені, 2017 жылға 77,4 млн. теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда жолаушылар көлігі саласындағы негізгі мәселе - заңсыз тасымалдаушылардың заңға қайшы әрекеттері, сонымен қатар такси тасымалы болып табылады.

Өткен жылғы 4 желтоқсанда Басқарма бастамашылығымен Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Шығыс Қазақстан көлік тасымалдаушылар одағы» ассоциациясы бірлесіп заңсыз тасымалдаушыларға қарсы бірлескен іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер кәсіподағы, «Шығыс Қазақстан көлік тасымалдаушылар одағы» ассоциациясы арасында үш жақты Келісімге кол қойылды. Келісім автокөлік саласын дамытуға, әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылына және саладағы жұмысшыларға әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауына сәйкес «Цифрлық Шығыс» бағдарламасы аясында Өскемен және Семей қалаларында электронды билет жүйесін енгізу туралы мәселе пысықталуда.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламалары облыс ішінде әлеуметтік маңызы бар әуе және темір жол қатынасын субсидиялау бойынша шараларды қарастырады. 2017 жылы облыстық бюджеттен субсидиялауға 505,7 млн.теңге,сонымен қатар «Өскемен-Семей-Үржар», «Өскемен-Зайсан» әуеқатынастары үшін - 182,2 млн.теңге және «Защита-Зыряновск», «Защита-Лениногорск» теміржол қатынастарына- 323,5 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күнге облысымыздағы әуе және теміржол қатынастарын субсидиялау халыққа тарифтердің қол жетімді деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар әуерейстермен 9 мыңнан астам жолаушы және теміржол қатынасымен 110 мыңнан астам жолаушы тасымалданады.

Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілікке» сай ағымдағы жылы логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша Өскемен қаласының әуежайына ұшып келу терминалының құрылысы аяқталды. 2016 жылдан бастап «Семей қаласының ұшу-қону жолағын, бағыттау жолын және әуебекетін қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда. Жобаны қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен жалпы сомасы 10 197,3 млн.теңгені (РБ - 9 311,8 млн.теңге, ОБ - 885,5 млн.теңге) құрайды. 2016 жылы 331,8 млн.теңге, 2017 жылы 5 274,4 млн.теңге игерілді. Нысандағы құрылыс-жөндеу жұмыстары 55% аяқталды. Ағымдағы жылы Семей қаласының қайта жаңартылған әуебекет кешенін пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 27.02.2018 / 27.02.2018