Автокөлiк

Автомобиль көлігі

         Автомобиль көлігі облыстың елді мекендерін байланыстыратын, қоғамдық көліктің негізі түрі болып табылады.

Қазіргі уақыттаавтомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 328 тұрақты бағыттарда жүзеге асырылады, оның ішінде: 145 - қалаішілік;  51- ауданішілік;  80 қалааралық облысішілік және қала маңындағы бағыттар; 18 халықаралық бағыт, 20 облысаралық, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысты қамтамасыз етеді; 18 халықаралық бағыттар, облыстың елді мекендерін Ресей – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовский, Кемеров, Красноярск, Новокузнецк,  Змеиногорск; Қытай Халық Республикасы – Үрімші, Алтай қалаларымен байланысты қамтамасыз етеді.

Облыстағы 752 елді мекенінің тұрақты автокөлік қатынастарымен 445 (64%) қамтылған, қамтылмағаны 307 (36%) елді мекен.

Аймақтық бөліктерде Абай, Аягөз, Күршім, және Жарма аудандарындағы елді мекендер тұрақты бағыттағы қатынастармен ең аз қамтамасыз етілген. Сол мезетте, бағыт қатынастарымен қамтудың ең көп жағымды жағдайы облыстың Шемонайха және Бородулиха аудандарында белгіленді.

Елді мекендерді жолаушы көлігімен қамтамасыз ету және көлік қызметінің қолжетімді болуы мақсатында облысымыздың  9 ауданында (Аягоз, Глубокий, Жарма, Зайсана, Катон-Карағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандары) ауданішілік және қалаішілік автобус қатынастарына субсидия бөлінеді.

Автомобиль  көлігі

Өскемен қ. автобекеті http://autovokzal.kz

Анықтама телефоны: 8 (7 2 3 2 ) 7 0 - 0 2 - 2 5

Семей қ.автобекеті  http://autovokzalsemsy.kz

Анықтама телефоны: 8 (7222) 52-08-15, диспетчер: 8 (7222) 52-09-17, анықтама: 8 (7222) 52-09-25

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 06.06.2016