Автомобиль жолдары

Аймақта 11 494,5 шақырымды құрайтын Республикадағы жалпы қолданыстағы ең ұзын автомобиль жолдарының жүйесі орналасқан, оның ішінде: республикалық маңызы бар - 3 414 шақырым, облыстық маңызы бар -3 186 шақырым, аудандық маңызы бар - 5 349,5 шақырым.  

Басқарманың 2017 жылы жолдарды жөндеуге жұмсаған бюджетінің мөлшері 4,4млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 231 млн. теңге  қайта жаңғыртуға, 2,3 млрд. теңге – орташа жөндеуге, 1,9 млрд. теңге – облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп үстауға жұмсалды.  

Жол-жөндеу жұмыстарынан ең алдымен жалпы ұзақтығы 86,4 шақырым облыстық маңызы бар жолдардың 6 телімін орташа жөндеуден өткізуге  көңіл бөлінді.    

Басымдық тек жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар,  аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ туризм кластерінің дамуына ықпал етуде. Осы мақсатта орташа деңгейдегі жөндеумен Алакөл көліне, Өскеменнен «Алтай альпілері» шаңғы базасына дейін, сондай-ақ Үлкен Нарын - Күршім, Бородулиха-Шемонаиха және Семей – Қарауыл бағыттары қамтылған.  

Ағымдағы жылы қазіргі заманғы жол-көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Орташа жөндеумен 120 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын: Семей-Қарауыл, Бородулиха-Шемонаиха, Мақаншы-Жалаңашкөл бағыттарындағы жолдарды жөндеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мемлекет Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру шеңберінде, Басқарма Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге қосымша қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 27.02.2018 / 27.02.2018