Көлiк және байланыс

Автобус қатынасы
Т/ж қатынасы
Авиа-қатынасы
Өзен қатынасы
Коммуникациялар
Автокөлiк

 ЖОЛ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ШАҒЫМДАРДЫ ШЕШУ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ БРОШЮРА

 

Көлік министрлігі, ШҚО жолдарын  жөндеуді және салуды жүзеге асыратын облыс әкімдігі және ұйымдары арасында   өзара әрекетінің құрылымдық сызбасы

Облыста жолаушы көлігі теміржол, атомобиль, электрлік, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған.

Ағымдағы жылда облыс маңызы бар автомобиль жолдарының дамуына 4,7 млрд. теңге мөлшерінде бөлінген, соның ішінде қайта жаңартуға  – 231 млн. теңге, орта деңгейдегі жөндеуге —  шамасы 2,8 млрд. теңге, күтіп ұстауға — 1,7 млрд. теңге.
Шекара маңындағы аумақты дамытуға және Марқакөл маңайында рекреациялық аймақты дамытуға жағдай жасау мақсатында 3,8 км құрайтын Күшім ауданындағы Ақжайлау және Урунхайка ауылдарының арасындағы «Теректі-Ұрынқай-Тосқайын» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталған, оған республикалық бюджеттен 231 млн. теңге шамасында қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылда жол-жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, басымдылық орта деңгейдегі жөндеуге беріледі.
Орта деңгейдегі жөндеуге 112 км. облыс маңызындағы жолдар Алтай Альпы демалыс базасына, Абай ауданындағы Жидебай шатқалысына қарай, паром өткелінен Күршім ауылы бағытында жүргізіледі, Алакөлге апаратын жолдың, Бородулиха- Шемонаиха бағыттағы жолдардың жөндеулері жүгізілуде.
Қызыл Ту паром өткелі арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету, жыл бойы кідірусіз қозғалысты ұйымдастыру және жүк тасу көлемін арттыру мақсатында Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Жобалау ұйыммен техникалық экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленген, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Облыста жолаушы көлігі теміржол, атомобиль, электрлік, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған.

Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі облыстың елді мекендерін байланыстыратын, қоғамдық көліктің негізі түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 334 тұрақты бағыттарда жүзеге асырылады, оның ішінде: 145 - қалаішілік;  51- ауданішілік;  83 қалааралық облысішілік және қала маңындағы бағыттар; 21 облысаралық, қалааралық, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысты қамтамасыз етеді; 20 халықаралық бағыттар, облыстың елді мекендерін Ресей – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовский, Кемеров, Красноярск, Новокузнецк,  Змеиногорск; Қытай Халық Республикасы – Үрімші, Алтай қалаларымен байланысты қамтамасыз етеді.
Облыстағы 752 елді мененнің тұрақты автокөлік қатынастарымен 445 (64%) қамтылған, қамтылмағаны 307 (36%) елді мекен.
Аймақтық бөліктерде Абай, Аягөз, Күршім, және Жарма аудандарындағы елді мекендер тұрақты бағыттағы қатынастармен ең аз қамтамасыз етілген. Сол мезетте, бағыт қатынастарымен қамтудың ең көп жағымды жағдайы облыстың Шемонайха және Бородулиха аудандарында белгіленді. 
Елді мекендерді жолаушы көлігімен қамтамасыз ету және көлік қызметінің қолжетімді болуы мақсатында облысымыздың  9 ауданында (Аягоз, Глубокий, Жарма, Зайсана, Катон-Карагайа,Кокпекті, Күршім, Тарбағатай және Ұржар аудандары) ауданішілік және қалаішілік автобус қатынастарына субсидия бөлінеді.

Темір жол көлігі

Облыстың теміржол желісінің ұзындығы 1 243,3 шақырымды құрайды. Теміржол магистралі және теміржол бекеттері «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ  иелігінде. Облыста «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ екі филиалы қызымет атқарады: «Семей ЖТ бөлімінің «Жүк тасмалдау -ҚТЖ» АҚ және Шығыс Қазақстан  «ЖТ бөлімінің» «Жүк тасмалдау -ҚТЖ» АҚ.
Облыс сыртына шығатын негізгі теміржол тармақтары - «Защита - Локоть», 
«Семипалатинск - Локоть», «Семипалатинск - Алматы».
Семей станциясынан 8 жұп пойыз жүреді, Защита станциясынан (Өскемен қ) – 7 жұп пойыз жүреді.
Облысымызда 26 теміржол вокзалы бар. Олар «Вокзал-Қызметі» қоғамына қарайды.
Теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы келесі бағыттар бойынша іске асырылады: «Защита – Алматы», «Лениногор – Астана» (Мәскеуге дейінгі бір тіркеме вагонмен), «Томск- Лениногорск» , «Семей – Қызыл-Орда», сондай-ақ транзиттік: «Новокузнецк – Семей – Бішкек», «Новосибирск – Семей – Алматы», «Новосибирск – Семей – Ташкент», «Павлодар – Семей – Алматы», «Павлодар - Семей - Қарағанды» және ауданаралық «Защита-Зырян» және «Защита-Лениногорск».
Ауданаралық «Защита-Зырян» бағытын аптасына 3 рет  "Тұран Экспресс" ЖШС «Защита-Лениногорск» бағыттын аптасына 4 рет "Solux Экспресс" ЖШС орындайды.

Әуе көлігі 
 Облыста  4 әуежай қызмет көрсетеді, оның ішінде 2 әуежайдың халықаралық әуерейстерде қызмет көрсетуге (Өскемен, Семей) және 2 әуежайдың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуге рұқсаты бар (Зайсан, Үржар).
Семей әуежайы («Семей халықаралық әуежайы» ЖШС)
Орындалатын бағыттар: Алматы (күнделікті), Астана ((күнделікті), Өскемен, Ұржар (аптасына 2 рейс).  http://ru.airport-uk.kz/passengers/schedule
Өскемен әуежайы
Орындалатын бағыттар:  Алматы (күнделікті), Астана ((күнделікті), Қарағанды (аптасына 2 рейс), Москва (аптасына 4 рейс), Новосибирск (аптасына 4 рейс), Семей, Ұржар, Зайсан (аптасына 2 рейс).
http://ru.airport-uk.kz/passengers/schedule 
Зайсан әуежайы
Орындалатын бағыттар:  Өскемен (аптасына 2 рейс).
Ұржар әуежайы 
Орындалатын бағыттар:  Өскемен (аптасына 2 рейс).

Су көлігі
Ертіс өзені –Қытай Халық Республикасы шекарасынан Ресей Федерацисясы шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағынан ағып өтетін Қазақстан Республикасы ішкі су жолының негізгі кеме қатынасының магистралі. Қазақстан Республикасы аумағы бойынша өзеннің ұзақтығы 1698 км, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы аумағы бойынша – 1100 км.
Су жолындарын күтіп ұстау  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлігінің «Ертіс су жолдары кәсіпорыны»РМҚК Өскемен және Семей қаласындағы филиалдарымен жүзеге асырыладыү
Бұқтырма су қоймасында  екі паромдық өткелі бар:
Күршім паромдық өткелі(«Қызыл ту»), Куршім ауылына апаратын жолда Казнаковка ауылы аумағында. Жүк-жолаушы тасымалы "Күршім" (Енисей) және Ертіс дизель-электроходтарымен жүзеге асырылады.
Васильевка паромдық өткелі, Үлкен –Нарын ауылы аумағында орналасқан, 
"Одесса" паромымен жеке кәсіпкер Кудаскина А.З. қызмет көрсетеді.
Көлік кешенінің мекемелері

Автомобиль  көлігі 
Өскемен қ. автобекеті http://autovokzal.kz
Анықтама телефоны: 8 (7 2 3 2 ) 7 0 - 0 2 - 2 5 
Семей қ.автобекеті  http://autovokzalsemsy.kz 
Анықтама телефоны: 8 (7222) 52-08-15, диспетчер: 8 (7222) 52-09-17, анықтама: 8 (7222) 52-09-25

Әуе көлігі
«Өскемен қаласының әуежайы» АҚ http://ru.airport-uk.kz 
Анықтама телефоны: 8 (7232) 77-81-00
КМК «ШҚО әуелік бөлімшесі» - анықтама телефоны: 8 (7232) 54-22-60, 54-26-00
«Семей қ. Халықаралық әуежайы» ЖШС (Семей қаласы) www.airportsemsy.kz телефоны: 8 (7222) 36-00-33. 36-02-22

Cу көлігі
Жоғарғы су жолының Ертіс филиалы АМКМ МИР ҚР Өскемен қ. –
8 (7232) 29-44-57
Су жолының Семейлік филиалы АМКМ МИР ҚР Семей қ. - 8 (7222) 54-92-00
«Иртыштранс» ЖШС, 24-98-16

Теміржолы  көлігі
«ҰҚ «Қазақстан темір жолы» АҚ Семейліқ жолы бөлімінің филиалы www.railways.kz
телефон: 8 (7222) 38-13-00, бөлімше директоры Кукрекбаев Марлен Каримович
«ҰҚ «Қазақстан темір жолы» АҚ Шығыс-Қазақстандық жолы бөлімінің филиалы www.railways.kz, телефон: 8 (7232) 20-23-10, бөлімше директоры Кельбуганов  Нуржан  Амангельдинович 
«Вокзал – Сервис» АҚ  - http://vokzal-service.kz/index.php/ru/contact 
Өскемен қ. телефон: 8 (7232) 50-27-35,  
Семей қ. телефон: 8 (7222) 38-01-35
Астана қ. 8 (7172) 94-37-07
ЖШС «Solux Экспрес»,
телефон: 8 (7232) 50-00-41.

Жол-құрылыс ұйымдарының тізілімі.

 


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 08.08.2017