Call-center

ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

Бұл бөлімде Сіз Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының кеңес беру орталығына электрондық үкіметтің дамуы, ШҚОэлектрондық үкіметі және өңірдегі электрондық қызметтер мәселелсі жөнінде сұрақ қоя аласыз

Сұрақты енгізу үлгісі
*
*
*
e-mail (бар болса):
телефон:
* - жұлдызшамен белгіленген тармақтар, толтыруға міндеттілер

Сұрақ Жауап
10.01.2018

Қай сайтта  облыс әкіміне сұрақ қоюға болады?

  10.01.2018

www.akimvko.gov.kz  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтында «Виртуалдық қабылдау» айдары бар, онда электронды-цифрлық қолтаңба арқылы әкімге сұрақ қоя аласыз. Сондай-ақ,  e-gov.kz электрондық үкімет порталында «Ашық диалог» айдарында   сұрақ қоюға  болады.

11.12.2017

Мемлекеттік органдардың веб-сайттарының мекен-жайларын қайдан табуға болады?

  11.12.2017

http://www.akimvko.gov.kz  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтында «Билік құрылымы» айдарында немесе беттін төменгі жағына түссеңіз облыстың барлық мемлекеттік органдарының тізімдері бар,  кез келген сілтемені таңдап мекеме жайында барлық қажетті ақпаратты,  оның ішінде веб-сайттың  мекен-жайын аласыздар.

20.12.2013 Құрметті Бердібек Машбекұлы! сәлеметсізбе! Сізге сұрақ қоюшы "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған арнайы мектеп-лицей-интернатының" бір топ ата-аналары деп білерсіз. Бұл мектеп-интернатының алыстағы шалғай аудан,ауылдардың балаларына арналған екенін ескерсек неге осы уақытқа дейін дұрыс жағдай жасалмайды.Дәлірек айтсақ: мектептің орналасқан жерінің өзі балалардың жүріп-тұруына қауіпті,(оқушыларды көлік, трамвайдың қағып кетуі жиі орын алады) жататын орындары суық, жылы сумен мүлдем қамтамасыз етілмеген, тіпті суық судың өзінің ара-тұра тоқтап қалуы, тізе берсек ауылдан білім іздеп келген жасөспірімдердің жағдайы алаңдатарлық.Бұл мектепте дарынды балалар жетістігі жоқ емес. Осындай облыс намысын қорғап жүрген біздің балаларымыздың жағдайына көңіл бөлуіңізді өтініп сұраймыз.Жағымды жаңалық асыға күтеміз!

 

21.12.2013 Сәлеметсіз бе, Сайрангүл Мадиярова!
Өкінішке орай Сіздің өтінішіңіз Шығыс Қазақстан облысы «электрондық әкімдігінің» құзырына жатпайды.
Сізге облыс әкімінің виртуалды қабылдауына http://www.e-vko.gov.kz/process.aspx?ID=138 мекенжайы бойынша, немесе облыс әкіміне М.Горький к, 40 үй мекенжайына хат жазуға, және 24-24-24, 26-39-72 телефондары бойынша облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуға болады.

     

8.04.2012 Құрметті Бердібек Машбекович!
Мен Риддер қаласының тұрғынымын. Жеке шаруашылық қожалығын ашайын десем, былтырдан бері шабындық пен жайылым жер ала алмай жүрмін.Қалалық жер комитетіне арыз жаздым, ешқандай нәтиже жоқ." Луговатко" деген қала маңындағы жерден алуға болар еді, оның иесі қайтыс болған , соны алып беруге қалалық жер комитетінің қауқары жетпей отыр.Бос жатқан жерлер көп, бірақ ол жерлер біреудің иелігінде, ал олар пайдаланбайды.Жер алсам , шаруашылық ашсам деп, сандалғаныма 1 жылдан асты, осы сұрағым оң шешім табар деген үміттемін.

 

Құрметті, Нұрлан Ерназарұлы! Сіздің өтінішіңіз «электрондық үкіметтің» және өңірде көрсетілетін электрондық қызметтердің құзырына жатпайды. Сіздің сұрағыңыз облыс әкімінің аппаратына азаматтардың өтініштерін қарау бөліміне тапсырылды. Сұрақ ЖТ-Ж-450 нөмірімен тіркелген. Қарау мерзімі, ҚР заңнамасына сәйкес 30 күнтізбелік күн. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8(7232) 24-24-24 телефоны бойынша немесе М.Горький к., 40 үй, 117 каб. мекенжайына хабарласыңыз.

     
29.12.11.Сәлеметсіз бе! Мен Ұлан ауданының Тарғын ауылының тұрғынымын. Мен Тайынты ауылының жанынан жер алғанмын. Қазір сол жерге баз салып менің жерімді сол баздың иесі қолданып отыр. Менің сол жерімді сол кісіге беріп, маған Тарғын ауылының жанынан жер беруін сұрап Ұлан ауданының жер бөлімінің бастығы Төкежановқа барып жүргеніме 3 жыл уақыт болды. Әне-міне деп, қайтара береді. Менің осы мәселемді шешіп берсеңіз екен. Рахмет!  

Құрметті Касенова Кульжиян! Сіздің мәселеңіз «электрондық үкіметтің» құзырына жатпайды. Сізге облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөліміне 24-24-24 телефоны бойынша хабарласу керек немесе http://www.e-vko.gov.kz/process.aspx?ID=138 сілтемесі бойынша орналасқан облыс әкімінің виртуалдық қабылауына жазу қажет.

     
28.03.11. Облыс әкіміне қалай сұрақ қоюға болады?   28.03.11. Облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz ресми сайтында орналасқан Шығыс Қазақстан облысының виртуалдық қабылдауына («Виртуалды қабылдау» баттері) жүгінуге болады.
Немесе облыс әкімінің болгына жүгінуге болады, оның мекенжайы http://akim.blog.vko.gov.kz
Осы жерде тіркелгеннен кейін кез-келген азамат өз сұрағын қоя алады.
     
21.03.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтының вап-нұсқасы бар ма айтыңызшы?   21.03.11. Әрине, бар. Оның мекенжайы –wap.akimvko.gov.kz.
     
14.03.11. Облыс әкімінің аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты қайдан табуға болады?   14.03.11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында www.goszakyp.kz/
ШҚО Электрондық қызметтер орталығы сайтында http://www.e-vko.gov.kz. «Бизнес» - «Мемлекеттік сатып алулар» айдары.
     
18.02.11. Облыс мемлекеттік органдары веб-сайттарының мекенжайын қайдан білуге болады?   19.02.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің http://www.akimvko.gov.kz ресми сайтында, аппарат құрылымында облыстың барлық мемлекеттік органдар жіктелген, кез-келген сілтемеге басып, сіз мекеме туралы және де веб-сайттардың мекенжайы туралы қажетті ақпаратты табасыз.
     
03.02.11. Сіздердің қызметтерініңзден мен қандай сипаттағы сұрақтарға жауап ала аламын?   03.02.11. Оператор абонентке Шығыс Қазақстан облысы «электрондық үкіметінің» жұмысына, Шығыс-Қазақстан облысы «электрондық әкімдігін» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында, осы Бағдарламаға сәйкес іс-шараларды жүргізуді реттейтін заңнамаларға, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып «электрондық әкімдікті» құруға қатысты ақпараттар ұсынады. «Электрондық әкімдікпен ұсынылатын қызметтерге қатысты сұрақтар, ЭҚО жұмысы туралы ақпарат, облыстық департаменттер мен басқармалардың жұмысы туралы ақпараттар ұсынады.
     
27.01.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің блогы бар ма, оған сұрақ қояйын деп едім?   28.01.11. 2009 жылдан ШҚО әкімінің блогы жұмыс істейді, оның интернеттегі мекенжайы http://akim.blog.vko.gov.kz
Осы жерде тіркелгеннен кейін кез-келген азамат өз сұрағын қоя алады.
     
19.01.11. Орталықтың нақты электрондық мекенжайы?   19.01.11. http://www.e-vko.gov.kz
     
13.01.11. Электрондық сандық қолтаңбаны қай жерден және қалай алуға болады?   13.01.11. Электрондық сандық қолтаңбаны Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының өкіліктеріндеалуға болады, олар келесі мекенжайларда орналасқан: Өскемен қ-сы. Сәтпаев даңғылы, 20/1, Белинский көшесі, 35а, Семей қ-сы, 408 квартал, 21 үй. Сондай-ақ ЭСҚ алуға өтінімді www.pki.gov.kz сайтында толтыруға болады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 25.05.2012 / 23.01.2018