Статистика

Шығыс Қазақстан облысының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 094,5 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 100,1%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 303,5 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі 101,8%.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 83,3 мың бірлікті немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 122,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда– 110,9%. 

Негізгі капиталға инвестициялар 227,6 млрд.теңгені құрады. 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 97,7%. 

2017 жылдың қаңтар- тамыз айларында сыртқы сауда айналымы (Кедендік одақты қоспағанда) 2081,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 128,7% құрады, оның ішінде тауарлар экспорты – 1522,6 млн. АҚШ долларын (122,3%), импорт – 559,0 млн. АҚШ долларын (150,0%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы оңды қалыптасты – 963,6 млн. АҚШ доллары.

2017 жылдың қыркүйегіндегі тұтыну бағаларының индексі 2016 жылғы желтоқсанына қарағанда 104,1% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары - 102,5%, азық-түлік емес тауарлары – 105,6%, ақылы қызметтер – 104,8%.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 225,0 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, немесе болжамға қарағанда 104,7%, оның ішінде республикалық бюджетке – 150,9 млрд. теңге (болжамға 96,6%),  жергілікті бюджетке – 74,1 млрд. теңге (болжамға 126,4%) түсті.

Әлеуметтік сала.

2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 368 адамға  көбейіп (10%-ға), 3034 адамды құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусым айларында орташа айлық атаулы жалақы 119 863 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,3%-ға артық.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2017 жылға барлығы 38,7 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылдың 1 қазан айына 21,8 млрд.теңге игерілді, бұл қаржыландыру жоспарының 93,7% құрайды.

2017 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 106,2 млрд. теңге қарастырылды, 2017 жылғы 1 қазан айына 78,9 млрд. теңге игерілді, бұл  қаржыландыру жоспарынан 99,4%-ды құрайды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 22.11.2017