Веложарыс

«Tour de Oskemen» жобасы туралы ақпарат

Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылы елімізде Қазақстан велоспортының 100 жылдығы мерекеленуде. Сонымен қатар, «Pro Team Astana»  велокомандасы «Tour de Frans» супер-көпкүндігінде екінші рет жеңімпаз атанды. Велоспортты насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасының велоспорт Федерациясы Йоркшира үлгісі бойынша Қазақстан аумағында жоғары супер-веложарыс кезеңін ұйымдастыруда бастамашылық танытып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тікелей қолдауымен, бұқара халықты дене шынықтыру мен спортқа тарту туралы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орындау мақсатында, ұзындығы 110 шақырым болатын Риддер қаласынан басталып, Өскемен қаласына дейінгі «Tour de Oskemen» екі күндік вело жарысын өткізу жобасын әзірлеуде.

Веложарысты жоспарлауда Велошабандоздар Халықаралық Одағының ұсынулары бойынша тур бірнеше кезеңге бөлінді, сондай-ақ, кәсіби және әуесқой жарыс жолына шығушылар ретінде бөлу қарастырылған.

Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ағымдағы жылғы 12-13 қыркүйек аралығында өтетін бірінші қазақстандық «Tour de Oskemen» веложарысына мемлекеттік орган басшыларын, демеушілерді, коммерциялық құрылымдар меценаттарынжәне барлық қызығушылық танытқан облыс тұрғындарын қатысуға шақырады.

 «Tour de Oskemen» веложарысын ұйымдастыруға жауапты адамдар туралы ақпарат  .docx, 19 КБ

«Tour de Oskemen» веложарысының Е Р Е Ж Е С І .docx, 16 КБ

«TourdeOskemen» веложарысының БАҒДАРЛАМАСЫ  .zip, 35 КБ

«Tour de Oskemen» веложарысының Шоссе санаты бойынша жарыс жолының схемасы Риддер қаласы  – Өскемен қаласы .docx, 92 КБ

Риддер қаласы бойынша жүріп өту картасы .png, 54 КБ

«Tour de Oskemen» веложарысындағы «Pit Stop» орналасу схемасы .doc, 70 КБ

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.09.2014 / 05.09.2014