Қазақстан футболына 100 жыл
Таныстыру
Тұжырымдама
Бағдарлама

                Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан футболының отаны болып табылатыны белгілі. 1913 жылы, Семейде, құрамында Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалымМ.О. Әуезов ойнаған «Ярыш» атты бірінші  футбол командасы пайда болған. Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеудің іс-шаралар жоспарына сәйкесжұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, елді мекендерде 100-футбол алаңдарының құрлыстары жүргізіліп, пайдалануға берілуде.
                  Барлық ұйымдастырылған шаралардың қорытындысы ретінде Қазақстан футболының отаны Семей қаласында халықаралық форум ұйымдастырылады. Бұл шараға жақын және алыс шет елдерден спорттық мекеме өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылым жетекшілері, посткеңестік елдердің футбол командалары қатысады. Сонымен қатар, жолдастық кездесулер, мәдени-ойын сауық бағдарламалар және тағы басқа да шаралар өтеді.

 


              Қазақстандық футболдың 100 жылдығын мерекелеу бойынш ақпарат

 Шығыс Қазақстан облысында Қазақстандық футболдың 100 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитеті және қалалар мен аудан әкімдіктері тарапынан жоспарлы жұмыстар атқаруда. Облыс қалалары мен аудандарында Қазақстан футболының 100 жылдығына дайындық пен мерекелеу бойынша жергілікті ұйымдастыру комитеттері жұмыс істеп отыр.

 Жергілікті жоспарларға сәйкес Қазақстан футболының 100 жылдығына орай барлық қалалар мен аудандарда мәдени-бұқаралық іс-шаралар, мектептер, ұжымдар, колледж, жоғарғы  оқу орындары арасында жарыстар, турнирлар ұйымдастырылуда.

Қазақстан футболының 100 жылдығы аясында түрлі акциялар ұйымдастырылуда, мысалы Шемонаиха ауданында 1000 футбол добы сатып алынып, ауылдық окургтерге тегін таратылуда.

Осындай акциялар басқа да қалалар мен аудандарда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында, футбол алаңдарын салу, барлық мектептерде футбол доптарымен, футбол формаларымен қамту жүзеге асырылса деген ұсынысымыз бар.

Ағымдағы жылғы ақпан айында Федеративтік Германия Республикасынан, М.О. Әуезов ойнаған алғашқы еліміздегі «Ярыш» футбол командасының түс белгісі Семей қаласына жеткізілді. Сол кездегі команданың бірінші капитаны Юнус Нигматулиннің құрметіне Шәйжүнісов көшесіндегі 55 үйге мемориалдық тақта орнату жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірінші он күндігінде жоспарланған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Мәскеу қаласының «Спартак», Ресей Федерациясының Казань қаласының «Рубин» командасының, Грузияның Тбилиси қаласының «Динамо» командасының, Алматы қаласының «Қайрат» және «Өскемен» қаласының «Восток» командалары шақырылды. Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген командалардың барлығы растау хаттарын жіберді.

Сондай-ақ, Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында қыркүйек айында «Миллиондар Кубогі» атты республикалық турнир өткізілмек.

Облыс көлемінде мерекеге орай 100 футбол алаңдарын салу туралы тапсырма негізінде 100 футбол алаңдарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы - 4 (Кенгирбай би, Архат, Құндызды, Тоқтамыс ауылдарында);

Риддер қаласында -4 (Үлбі ауылдық округінің төртінші ауданындағы №17 мектеп КММ базасында жасанды жабындысы бар көпфункционалды алаң құрылысы, №12 ОМ аумағында, 6 үй басқаруы №16 ОМ, 1 үй басқаруы аумағында футбол алаңдарын салу).

Күршім ауданында жоспарланған 4 алаңның 2 (Күршім ауылында жасанды жабындысы бар үлкен  футбол алаңының құрылысы, Күршім, Маралды, Бурабай ауылдарында шағын футбол алаңдарының құрылысы).

Аягөз ауданы – 5 (Ақши, Тарлаулы, Ақшатау, Аягөз ауылындағы мектеп гимназия аумағында, Қосағаш ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп аумағында футбол алаңдарының құрылысы);

Көкпекті ауданы – жоспарланған 5 алаңның 4 салынды ( Көкпекті, Самар, Көкжайық, Преображенка ауылдары).

Үржар ауданы -5 футбол алаңы құрылыс аяқталды (Науалы, Қабанбай, Таскескен, Келдімурат, Үржар ауылдарында шағын футбол алаңдарының құрылысы. 

Шемонаиха ауданында 5 (жасанды жабындысы бар шағын  футбол алаңының құрылысы: Верх–Уба, Выдриха, Вавилон ауылдарында.  Шемонаиха қ., Разинский ауылында өтеді)..

Бородулиха ауданында – 4 (жасанды жабындысы бар шағын  футбол алаңының құрылысы Бородулиха, Михайличенково, Жерновка, Новопокровка ауылдарында)

Курчатов қаласында – 1 (Мектеп гимназия КММ аумағында жасандыжабындысыбар спорт алаңдарын салу жоспарланған) ;

Бескарағай ауданында  - 6 (Бескарагай, Карабас, Глуховка, Н-Николаевка, Долонь, Канонерка ауылдарында футбол алаңдарын құрылысы;

Зайсан ауданында. Қарабұлақ, Қаратал, Сарытерек, Дайыр ауылдарында және Зайсан қаласында (2) шағын  футбол алаңының құрылысы;

Зырян ауданы – 6 (Зырян қ., Курчатов-Комаров көшелерінің қиылысы, Соловьёво ауылы, Зырян қаласы, Жақсыбаев көшесі, Серебрянск қ., Малеевск қ., Зырян қ., Рудная көшесі футбол алаңдарын құрылысы жоспарланған);

Катон-Қарағай ауданы- жоспарланған 6 футбол алаңының 2 салынды (Катон-Қарағай, Новоберезовка, Үріл ауылдары, Шыңғыстай ОМ,  Белқарағай ОМ шағын футбол алаңдарын салу);

Жарма ауданында жоспарланған 6 алаңның 3 (Үшбиік ауылы, Шар қ., Шалабай ауылы, Жанғызтөбе ауылы, Белтерек ауылы, Жанаозен ауылында шағын футбол алаңдарын салу).

Глубокое ауданында жоспарланған 7 алаңның 5 салынды (Черемшанка ОМ, Секисовка, Бобровка, Предгорный, Прогресс, Прапрощиково, Ушанов ауылдарында шағын футбол алаңдары);

Ұлан ауданында - 7 (Бозанбай, Привольное, Украинка ауылдарында, Жаңа-Қанай орта мектебінде, Айтықов орта мектебінде, Аханов орта мектебінде, Ново-Одесское ауылында футбол алаңдары).

Семей қаласында жоспарланған 10 алаңның 5 салынды (№ 12 орта мектеп, № 19 орта мектеп, №22 орта мектеп, № 27 орта мектеп, № 34 орта мектеп, № 47 орта мектеп, Пригородный орта мектебі, № 44 орта мектеп, № 18 орта мектеп, № 33 орта мектеп).

Тарбағатай ауданында жоспарланған 5 алаңның 3 салынды (Тана-Мырза, Кіндікті, Жамбыл ауылдарында шағын футбол алаңдары).

Өскемен қаласында – 6 (Славский атындағы жағалау көшесі 60 және Қазақстан,70 көшесі бойында, шағын футбол алаңдарын салу, Куленовка кентіндегі № 42 ОМ, Согра кентіндегі № 18 ОМ, № 32 ОМ, № 8 ОМ);

Футбол алаңдарының жобалық нұсқамалары әзірленіп, әдістемелік көмектер көрсетілуде.

Қазіргі күні мерейтойдың ресми белгісі бекітіліп, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігімен, ҚР Футбол федерациясымен келісілді.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасымен «Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеуге ШҚО елді мекендерін безендіру және абаттандыру бойынша» жұмыс жоспары бекітілді. Облыстың Қалалар мен аудан әкімдері Облыстық Сәулет және қала құрлысы басқармасымен бірлескен безендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Семей қаласында ғана шара логотипі баннерлер ілініп, визуалды насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Мерекеге дайындық пен ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылуда.


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.09.2013 / 23.09.2013