Әлеуметтік төлемдер

2018 жылғы 1 шілдеге әлеуметтік төлемдер бойынша ақпарат

Атаулы әлеуметтік көмек

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен (2018 жылғы 3 тоқсандағы кедейлік шегі 14142 теңге) аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын іске асыру басталды (ары қарай – АӘК).

2018 жылғы 1 шілдеге ассистентер сұхбат жүргізген халық саны 105 072 адам (25 914 отбасы), олардың арасынан АӘК 23 960 азаматқа (5 136 отбасына) тағайындалды, ол 2018 жылғы 49 130 адам қамту жоспарының 48,8% құрайды.

23 960 азаматтың:

- 4 005 азаматқа (1 043 отбасына) шарттсыз ақшалай көмек тағайындалды;

- 19 955 азаматқа (4 093 отбасына) шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Жаңа форматтағы АӘК төлеуге республикалық бюджеттен 583,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 693,4 млн. теңге бөлінді.

Тағайындалған сома 694,0 млн. теңге, ол 2018 жылғы қаржыландыру қаражатының (1277,1 млн. теңге) 54,3 % құрайды.

694,0 млн. теңге:

- 146,1 млн. теңге шарттсыз ақшалай көмек тағайындалды;

- 547,9 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Шартты ақшалай көмектің жалпы алушыларынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 2 563 адам тартылды, оның ішінде 1 646 адам тұрақты жұмыс орнына, 510 адам уақытша жұмыс орнына, әлеуметтік бос орынға  76 адам, 113 адам қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға қатысты, 3 адам жастар практикасына орналастырылды және 4 алушыға азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу көрсетілді. Әлеуметтік бейімдеу 13886 алушыларға көрсетілді.

Тұрғын үй көмегі

2018 жылдың 6 ай ішінде тұрғын үй көмегі 3 976 отбасына тағайындалды, тағайындалған сома 89,4 млн. теңгені құрады. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 3 747 теңге. Тұрғын үй көмегін төлеуге жергілікті бюджеттен 203,0 млн. теңге қарастырылған.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.07.2014 / 26.07.2018