Көп балалы аналарға көмек

Барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының басты құндылықтарының іргетасын қалаған жоғары руханият адемгершілік және ішіндегі өте маңыздысы, отбасын нығайту, әйел-анаға және еліміздің әр азаматтың өсіп жеткен үйіне деген құрмет болып табылады.

Біздің облысымызда 25299 көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күмісалқа» немесе бұрын алған атағы «Батыр Ана» орденімен марапатталған және «Ана даңқы» I және ІІ дәрежелі төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалар бар. Оларға жыл сайын 8 наурыз әйелдер күніне орай жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 10 мың теңге біржолғы материалдық көмек беріледі, барлық сомасы 289,1 млн. теңгені құрайды.

Жалпы балаларды тәрбиелеу, әсіресе көп балалы отбасында, ол күнделікті қиын жұмыс, кейде оны ерлікпен салыстыруға болады. Мемлекет көп балалы аналарға үлкен қарызда деп айтуға болады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша зейнет жасына жеткен аналарға біздің танымал «УБА» шипажайында толыққанды демалыс мүмкіндігін ұсынып отыр.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.07.2014 / 26.07.2018