ШҚО бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырутуралы 2019 жылғы 1 қыркүйекке

 
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асыруға 12,6 мың адамға 8,7 млрд. теңге бөлінді, 1 қыркүйекке 9,6 мың адам тартылды.

Бірінші бағыт: "Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету" - 2 491,9 млн. теңге.

1 қыркүйектен бастап 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен тегін кәсіптік және техникалық білім берумен 1 730 адам қамтылды. Қазіргі уақытта 2507 студент оқуын жалғастыруда (2017-2018 жж). Бюджет-1867,3 млн. теңге.

Қысқа мерзімді курстарға жоспар бойынша 3725 адам 2799(75,1%) жіберілді, оқуды 1671 аяқтады, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 724(43,3%) жұмысқа орналастырылды. Бюджет-624,6 млн. теңге.

Екінші бағыт: "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту". "Бастау Бизнес" аясында 1 400 адам оқытылды (орындалуы 100%). "Жас кәсіпкер" жаңа жобасы аясында 1300 адамды оқыту жоспарлануда - 29 жасқа дейінгі жастар, NEET санатындағы жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған, көп балалы жас отбасылар, 29 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды тұлғалар. 1 лекте (2019 жылғы 9 тамызда) 429 адам оқуға жіберілді, оның ішінде 392 тыңдаушы оқуды аяқтады, 2 лекте (2019 жылғы 15 Тамызда) 720 адам қабылданды. Барлығы 1149 адам оқуға жіберілді немесе 88,3%.

1) Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын кредит беру-3454,1 млн.теңге (кредит беру - 3234,6 млн. теңге, кепілдік беру - 219,6 млн. теңге). Қамту жоспары – 956 адам.

Әкімші - ауыл шаруашылығы басқармасы. 2019 жылы облыс үшін шағын несиелеуге республикалық бюджеттен 3 234 млн.теңге бөлінді, оның 1 940,7 млн. теңгесі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Шығыс Қазақстан филиалына және "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ Шығыс Қазақстан филиалына 1 293,8 млн. теңгесі бөлінді. Қамту жоспары – 956 жоба.

Қаржы институттары 3083,1 млн. теңге сомасына 783 өтінім қабылдады,оның ішінде 171,1 млн. теңге сомасына 48 өтінім қарауда, 265,5 млн. теңге сомасына 58 өтінім мақұлданды. 2646,5 млн.теңге сомасына 677 өтінім берілді (82%).

Жалпы тартылған тараптардың жұмыс схемасы пысықталды, 2019 жылға бөлінген қаражат толық көлемде және белгіленген мерзімде игерілетін болады.

2) Қалаларда шағын кредит беру. Әкімші – кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасы.

2019 жылы 1049,3 млн.теңге жоспарланған (кредит беру - 931,6 млн. теңге, кепілдік беру - 117,7 млн. теңге). Қамту жоспары – 210 адам.

Қазіргі уақытта "Даму" Қоры ЕДБ 546,0 млн.теңге ("Қазақстан Халық банкі" АҚ - 250,0 млн. теңге, "Сбербанк" АҚ ЕБ - 116,0 млн. теңге, "ForteBank" АҚ-да 180,0 млн. теңге, "ВТБ Банк"АҚ ЕҰ-да 180,0 млн. теңге мақұлдау сатысында. Орналастыру қалдығын 205,6 млн. теңге "Қазақстан Халық банкі"АҚ орналастыру жоспарлануда.

2019 жылы ЕДБ 252,7 млн. теңгеге 22 жобаны қаржыландыруға мақұлдады, оның ішінде 158,3 млн.теңгеге 14 жоба несиелендірілді.

Анықтама: 2018 жылдың қараша айында жергілікті бюджеттен бөлінген 628,2 млн.теңге өткен жылдың желтоқсанында "Даму" қорына аударылды және ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында ЕДБ-ға орналастырылды.

Ағымдағы жылы ЕДБ 2018 жылғы қаражатты игеру жалғасуда. ЕДБ 998,9 млн. теңгеге 90 жоба кредиттелді.

Барлығы 2019 жылы ЕДБ-да 1251,6 млн.теңгеге 112 жоба қаржыландыруға мақұлданды, оның ішінде 1157,2 млн. теңгеге 104 жоба несиелендірілді.

Қалаларда кредиттердің кепілдігін қамтамасыз ету үшін "Даму" Қорына 58,8 млн.теңге сомасында қаражат аударылды (Бағдарламаны іске асыру тетігіне сәйкес көзделген қаражаттың жалпы көлемінің 50%).

Кепілмен қамтамасыз ету проблемасын бастан кешірген кәсіпкерлерге "Даму" Қоры жалпы кепілдік сомасы 192,6 млн.теңгеге 46 жоба кепілдендірді.

Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК дейінгі мөлшерде іске асыруға 268 адамға 67,7 млн.теңге қарастырылды, 49,5 млн. теңге сомасына 194 грант 73% берілді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектер мен жастарға гранттар беру бойынша 1277 адамға 644,8 млн.теңге қарастырылды, бүгінгі таңда 81 млн. теңге сомасына171 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 742 адам жұмысқа орналастырылды (110,5%, жоспар - 671), жастар тәжірибесіне 878 адам жіберілді (99,2%, жоспар – 885),974 адам көшірілді. Бюджет - 1 160,3 млн. теңге.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 30.06.2017 / 10.09.2019