Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының келу ережесі туралы жадынама

Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуі және болуы, Қазақстан Республикасына келген шетелдік азаматтарды есепке алу тәртіптеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жарияланған мемлекеттік мейрамдар мен мейрам күндерді, демалыс күндерді есепке алмағанда бес күннің ішінде қабылдаушы ұйымдардың жазбаша қолдаухатының немесе тіркеуге жатпайтын шетелдіктерді қоспағанда, шетелдіктің өтінішінің негізінде ішкі істер органдарында тіркелуіге міндетті. 

                Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы тиісті тараппен басқа да ережелерді келісіммен белгілемесе,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап бес күнтізбелік күннен артық Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың уақытша тұруға рұқсаты (тіркеуі) болуы қажет.

                Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу қабылдаушы тұлғаның ақпараты негізінде жүзеге асырылады. Қабылдаушы тұлғалар оларға келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы келген күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде ішкі істер органдарына хабарлайды.

Шетелдіктерді, азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Ресімдеу шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғаның ұлттық төлқұжатының және визасының жарамдылық мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

Қазақстан Республикасына визасыз келу және елде болу тәртібі туралы бекітілген халықаралық шарт жасасқан елдерден келген азаматтарды тіркеу визасыз елде болу рұқсатының мерзіміне сәйкес мерзімге жүзеге асырылады. Нақты мерзім анықталмаған жағдайда, тіркеу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге, ал Еуразия экономикалық кеңеске мүше мемлекеттердің азаматтары үшін  Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап тоқсан тәулікке ресімделеді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту, еңбек иммигранттарына рұқсат беру Халықтың көші-қоны тәртібінің аясында Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен ресімделген шетелдіктерге, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне қатысты тіркеу аталған шешімнің жарамдылық мерзіміне сәйкес ресімделеді.

Төлқұжаттарын тіркеуден келесі мигранттар босатылады:

  1. дипломатиялық немесе қызметтік төлқұжаты бар;
  2. Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының «дипломатиялық», «қызметтік», «инвесторлық» санатындағы визасымен  келген немесе инвестиция мәселелері бойынша (визасыз келу режиміндегі елдер үшін) Қазақстан Республикасының өкілетті органынан «инвестор» мәртебесінің расталуы кезінде;
  3.  16 жасқа толмаған балалар.

Шетелдік Қазақстан Республикасындағы уақытша тұратын жерін ауыстырған жағдайда, бұл туралы қабылдаушы тұлға үш жұмыс күнінің ішінде ішкі істер органдарына хабарлайды. 

Шетелдік тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен жағдайда бес күнтізбелік күннің ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарына қайта тіркеледі.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген шетелдіктерді тіркеу өтінішхатты қарау үшін қажетті кезеңге ұзартылады,   бірақ тоқсан күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Аустралия Кеңесі, Венгрия, Италия Республикасы, Монако Княздығы, Бельгия Корольдігі, Испания Корольдігі, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Швеция Корольдігі,  Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Америка құрама штаты, Герман Федерациялық Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы және Жапония, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспаса,  2015 жылдың 16 шілдесінен 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан  Республикасына визасыз кіреді және шығады.

Босатылады:

- Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттермен жасасқан шартына сәйкес Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының азаматтары елге кіркен күннен бастап 30 тәуліктің ішінде тіркелуден;

- Егер Украина азаматтары Қазақстан Республикасына кірген кезінде көші-қон карточкаларына шекара бақылау органдарымен белгі қойылған болса, бірінші рет кірген күнінен бастап жүз сексен (180) күн бойына тоқсан (90) күннен аспаған мерзім ішінде олардың келген жері бойынша Ішкі істер органдарында тіркелуден босатылады.

48 саяси тұрақты және экономикасы дамыған елдердің азаматтарын тіркеу шекарадан өткен уақытта визасының жарамдылық мерзіміне сәйкес Шекара қызметі қызметкерлерімен жүзеге асырылады, бұл оларды ішкі істер органдарына тіркелу қажеттігінен босатады (Австралия, Австриял  Республикасы, Америка құрама штаты, Бельгия Корольдігі, Біріккен Араб  Әмірлігі, Болгария Республикасы, Бразилия Федеративтік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль мемлекеті, Иордан Хашимит Корольдігі, Ирланд Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италья Республикасы, Канада, Катар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Княздығы, Ұлы Люксембург Герцогтігі, Венгерия Республикасы, Малайзия Федерациясы, Мальта Республикасы, Монако Княздығы, Нидерланды Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Султанат Оман, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Аравия Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словакия Республикасы, Словения Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чеш Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі, Эстон Республикасы).

Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

ұлттық төлқұжат;

өтініш;

шетелдіктің Қазақстан Республикасына кіргені туралы шекара қызметі органы қызметкерінің белгісі қойылған көші-қон картасы (бұдан әрі – көші-қон картасы);

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.10.2014 / 01.06.2016