Халықтың көші-қоны
"Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңы
Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының келу ережесі туралы жадынама
Шетелдіктердің шекаралық аймаққа шығуы үшін құжаттар ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасына кіруге шетел азаматына шақырту ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі (жеке тұлға үшін)
ҚР тұрақты тұруға рұқсат беруді ресімдеу үшін қажетті құжаттар ТІЗІМІ 

 Қысқаша түсініктеме

Халықтың көші-қоны – адамдардың (көшіп-қонушылардың) тұрғылықты тұратын жерін (ТТЖ) ауыстыруына байланысты аумақтың (елдің, облыстың, ауданның, округтің, елді мекеннің т.б.) шекарасы арқылы қозғалысы.

Көшіп-қонушы – ТТЖ өзгерту мақсатында мемлекеттік немесе әкімшілік шекара арқылы аумақтық орын ауыстыруды жасаған тұлға (азамат, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға).

Сыртқы көші-қон – ТТЖ өзгерту мақсатында елдің мемлекеттік шекарасынан өтумен байланысты орын ауыстырулар.

Ішкі көші-қон - ТТЖ өзгерту мақсатында елдің әкімшілік шекарасынан өтумен байланысты орын ауыстырулар. Ішкі көші-қон өңіраралық және өңірішілік болып бөлінеді.

Келгендер – осы аумаққа оның шекарасынан тыс жерлерден тұрғылықты тұруға келген тұлғалар (көшіп-қонушылар).

Кеткендер – осы аумақтан оның шекарасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен тұлғалар (көшіп-қонушылар).

Көші-қон айырымы – аумаққа көшіп келгендер саны мен одан көшіп

кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

Тұрғылықты жері – тұлғаның тұрғылықты немесе басым көп тұратын жері: тұрғын үй, пәтер, арнайы үйлер (қонақ үй, жалғызбастыларға және кәрілерге арналған арнайы үй, мүгедектерге, ардагерлерге арналған үй-интернатй, жатақхана).

Республика аумағына келген, сондай-ақ одан кеткен тұлғалар саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік дереккөздерінен келу/кетуді статистикалық есепке алу талондары түрінде ай сайын белгіленген мерзімде келіп түсетін деректерді өңдеу нәтижесінде анықталады. Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы және ішкі орын ауыстырулары бойынша өңірлік Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың сыртқы және ішкі орын ауыстырулары бойынша ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменттері арқылы беріледі. Деректер қала мен ауылдық мекендер, жынысы мен жасы, келген және кеткен өңірілері мен көші-қон ағынының бағыттары бойынша жіктеледі.

ІІД Көші-қон полиция басқармасының сенім телефоны-23-42-92

  1. Көші-қонды бақылау бөлімі-234-286, 234-246;
  2. Азаматтық және тіркеу тобы –234-474;
  3. Қазақстан Республикасы шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге шығу, ата-анасының төлқұжатына балаларының фотасын жабыстыру -234-289;
  4. Қазақстан Республикасына шетелдіктерді тұрақты тұрғылықты қалдыру-234-466;
  5. >Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аумағына рұқсатнама ресімдеу, алимент төлемеушілермен борышкерлерді іздеу -234-286;
  6. Халықты құжаттау және тіркеу бөлім– 234-640, 234-641.
  7. Оралмандармен, босқындармен жұмыс бойынша бөлім – 24-92-91, 26-07-30

 Еңбек көші-қоны

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылы 1941 бірлік квота бөлінді, олардың ішінде 39 бірлік бірінші, 485 бірлік екінші, 647 бірлік үшінші және 506 бірлік төртінші және 264 бірлік бесінші санаттары бойынша, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 61.

Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша 592 рұқсат берілді, оның ішінде 7 бірлік бірінші, 43 бірлік екінші, 80 бірлік үшінші және 208 бірлік төртінші, 193 – бесінші санаттары бойынша берілген, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 61.       

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әрекет ету күшіне ие рұқсат саны – 696, оның ішінде 8 бірлік бірінші, 74 бірлік екінші, 101 бірлік үшінші, 115 бірлік төртінші және 337 бірлік бесінші санат бойынша, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 61.

Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер саны 45 бірлікті құрады.

  Этникалық миграция

2018 жылдың І-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 129 отбасы 229 этникалық оралман отбасы қоныс аударды. Оның ішінде Қытай Халық Республикасынан қоныс аударғандар 108 отбасы (195 адам); Монғолия Республикасынан 14 отбасы (20 адам); Ресейден 1 отбасы ( 1 адам); Ауғаныстан 4 отбасы (11 адам). Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар – 167, еңбекке қабілетті жасқа дейінгілері – 60 , зейнеткерлер – 2.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 183 оралман отбасы (600 адам) енгізілген (отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК).

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 13.10.2014 / 17.07.2018