жер қоры

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2016 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі  28 346,8 мың гектарды құрайды, ол Қазақстан Респубикасы аумағының 10,4 % құрайды.

Облыс аумағы 19 әкімшілік-аймақшылық бірлікке бөлінген.

2016 жылдың  1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 28 322,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде:

-  10342,1 мың гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (облыс жер қорының 36,5 %);

- 2964,3 мың гектар (10,4 %) – елді мекендер жерлері;

- 187,4 мың гектар (0,6 %) – өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

- 1542,1 мың гектар (5,4 %) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер;

- 2152,5 мың гектар (7,6 %) – орман қорының жері;

 - 571,2 мың гектар (2,0 %) – су қорының жері;

 - 10587,2  мың гектар (37,3 %) – босалқы жерлер.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 10342,1 мың гектарды құрайды. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы осы санаттағы жерлер жер пайдалану құқығы тоқтылу есебінен 82,8 мың гектарға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауыл шаруашылық алқаптары 10342,1 мың гектарды құрайды, соның ішінде 1429,5 мың гектар егістік, 2,3 мың гектар көп жылдық екпелер, 46,6 мың гектар тыңайған жерлер, 455,5 мың гектар шабындық, 8261,2 мың гектар жайылым.

- 8261,2 мың гектар ауданда шаруа (фермер) қожалықтарының саны 15366 құрады.

- 1723,1 мың гектар ауданда мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 447.

- 1557,6 мың гектары ауданында шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың саны 381.

- 127,3 мың гектары ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны 17.

- 38,2 мың гектары басқа мемлекеттік емес кәсіпорындарының жерлерінің саны 59.

- 116,2 мың гектар ауданда мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 78 құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтары бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қоры

 


 

 Елді- мекен жерлері

2964,3 мың гектар немесе облыстың барлық жер қорының 10,4 % құрап отыр. 2015 жыл ішінде жерлердің осы санаттағы жерлер басқа санаттарға ауыстырылу есебінен елді мекендер саны 5,8 мың гектарға азайды.

Елді мекендердің жері құрамында қалалар мен кенттердің жері 150,1 мың гектар (5,0 %), ауылдық елді мекендер 2814,2 мың гектар (94,9 %) алып жатыр.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жер

және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

Бұл жерлердің көлемі 187,4 мың гектар, облыстың жалпы ауданының 0,6 % құрайды, соның ішінде:

 - өнеркәсіп жерлері 63,8 мың гектар (34 %);

- автомобиль көлігінің жерлері – 30,4 мың гектар (16,2 %);

- темір жол көлігінің жерлері – 13,4 мың гектар (7,1 %);

- байланыс жерлері – 1,5 мың гектар (0,8 %);

- басқа ауыл шаруашылығынан өзге кәсіпорындардың жері – 78 мың га (41,6 %). 2014 жылмен салыстырғанда, осы санаттағы жерлердің көлемі 1,6 мың гектарға ұлғайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi

Осы санаттағы жерлердің ауданы 2015 жылы 1542,1 мың гектар (5,4 %) құрайды, соның ішінде емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер – 1,4 мың гектар, қорықтардың, ұлттық парктердің, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың жері – 884,3 мың гектар.

Орман қорының жерлері

Есептік жылда орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 2152,9 мың гектарды (7,6 %) құрайды. Ағымдағы жылы бұл санаттың көлемі 10 мың гектарға жерді қосымша беру есебінен көбейді.

 Су қорының жері

2016 жылдың 1 қаңтарына 571,2 мың гектар (2,0 %) құрады.

Босалқы жерлер

Босалқы жерлер 2016 жылдың 1 қаңтарына 10587,2 мың гектарды (37,3 %) құрап отыр.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.06.2015 / 03.06.2016