Ауылшаруашылық кооперативі

2016-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық   кооперативтерін дамыту қорытындылары туралы облыс әкімінің ресми сайтына ақпарат

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің мәліметтеріне сйкес 2016-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 432 ауылшаруашылық кооперативі тіркелген. Осы уақытқа дейін құрылған АШК барлығы жұмыс атқармайды, осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар тек қана жұмыс істейтін кооперативтермен жұмыс жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша  облыста 59 АШК құру жоспарланып, 88 (150%) кооператив құрылды, оның ішінде 44 АШК қажетті жабдықпен жабдықталды.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 16 мың жеке қосалқы шаруашылық пен қожалықтар кооперативтерге біріктірілді, бұл жоспарланған санның 102% құрайды (жоспар-15,7 бірлік). Осы көрсеткіштің жоспары Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша Шығыс Қазақстан облысына бекітіліп берілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тізбесі меморандумында (облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қол қойған) көрсетілді.

Кооперация тарту ауыл тұрғындарының жалпы санының 3%-ын құрады (статистика бойынша 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары 551 263 адамды құрады).

Көрсетілген жылдар ішінде АШК мүшелерінің саны 4 512 адамды құрады, оның ішінде 2016 жылы - 2217 және 2017 жылы - 2295 адам.

Ауылшаруашылық кооперативтерінің 2016-2017 жылдардағы экономикалық тиімділігі

2017 жылы кооперативтер  6 344 тонна сүт өндірді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша АШК және ауылдық жерлердегі тұрғындар 2017 жылы 2 731,0 млн. теңге, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2 081,0 млн. теңге алды.

Бүгінгі күні 2 731,0 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін дайындауға арналған жабдықты (13 сүт қабылдау пункті, 6 мал сою пункті және 14 бірлік техника мен жабдықтар) сатып алу үшін 2017 жылы жеңілдікпен кредиттеу түрінде АШК қолдауға 672, 238 мың теңге бөлінді, ал  156 АШК мүшелері 398, 330 мың теңге кредит алды, оның ішінде 78 бас аналық ірі қара мал және бордақылауға  арналған 1 380 бас бұқашық  сатып алынды.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және дайындауға жұмсалған шығындарды өтеу арқылы, құрылған АШК қолдау мақсатында 2017 жылы субсидиялар берілді. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарда 7,6 млн. теңгеге 761 мың тонна сүт, сондай-ақ 50,4 млн. теңгеге 19-дан астам құрал-жабдықтар мен жабдықтар субсидияланды.          

Аймақтағы ауылшаруашылық кооперативтерін дамытудың нәтижесінде  екі жүзден астам жұмыс орны ашылды.

Ауылшаруашылық кооперациясын дамыту туралы ақпарат

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген сегіз міндеттің басты бір міндеті ұсақ және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық  кооперацияларына біріктіру болып табылады.
Аталған жұмыс бағытының маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы басқармасы жоспар-тапсырма әзірлеп, бекітті.
Аталған тапсырма барлық қалалық және аудандық әкімдіктерге беріліп, қазіргі уақытта оны іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Биылғы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тапсырмада көрсетілген 7,4 мың ұсақ шаруашылықтың орнына (жылдық жоспар бойынша 15,7 мың шаруашылық) кооперативтерге 5,6 мың шаруашылық біріктірілді немесе жарты жылдық жоспардың 76% орындалды.
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру жұмыстары мына аудандарда баяу жүргізілуде: Абай (жоспардың 43%), Бородулиха (жоспардың 20%), Глубокое (жоспардың 22%), Күршім (жоспардың 10%), Зырян (жоспардың 31%), Шемонаиха (жоспардың 15%), Семей (жоспардың 31%) және Риддер қ. (жоспардың 33%). Күршім, Ұлан аудандарында және Риддер қаласында маусым айында бір де бір шаруашылық кооперацияға тартылмаған (1 кесте).
Одан басқа, Мемлекеттік бағдарлама бойынша 38 пилоттық  кооператив, оның ішінде 32 сүтті және 6 етті бағыттағы кооператив құру көзделген.
Осы уақытқа дейін облыс бойынша 25 пилоттық кооператив құрылды, оның ішінде 19сүтті және 6 етті бағыттағы, қалған 13 кооперативті 1 тамызға дейін құру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ талдау көрсеткендей, бүгінгі күні құрылған 25 АШК-ның 18-і ғана қарыз қаражаттары мен субсидия алу үшін саны бойынша қаржы институттарының критерилеріне (20 қатысушыдан кем емес) сәйкес келеді.
Қалған 7 кооператив қатысушыларының саны бойынша талапқа сәйкес келмейді, олар:

Жүргізілген талдау, кооперацияларды дамытуды тежейтін факторлардың бірі – құрылған кооперативтерді 2 081 млн. теңге көлемінде бөлінген бюджеттік кредит бойынша да және 3 979 млн. теңге көлеміндегі «АШҚҚҚ» АҚ-ның өз қаражаты бойынша да баяу қаржыландыру болып табылады.

Негізгі себептер:

Ауыл шаруашылығы басқармасы жедел жүргізген шаралардың нәтижесінде АШМ-мен келісілген кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталары шілде айының басында «АШҚҚҚ» АҚ-ға және «АКК» АҚ-ға ұсынылды.
Субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар АШМ-ге жіберілді. Алайда, қағидалардың бекітілген түпкілікті нұсқасы әлі жоқ.
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы басқармасы биылғы жылғы мамыр айында операторларға 2 081 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит («АШҚҚҚ» АҚ-ға 1 248,6 млн. теңге және «АКК» АҚ-ға 832,4 млн. теңге) аударды.
Бүгінгі күні «АШҚҚҚ» АҚ 221 950 мың теңгеге 77 өтінімді жұмысқа қабылдады, оның ішінде 14 150 мың теңгеге 4 кредит берілді.
«АКК» АҚ 545 905 мың теңгеге 71 өтінімді жұмысқа қабылдап, 70 705 мың теңгеге 5 кредит берді (3 кесте).
Одан басқа, кооперативтерді кредиттеу аясында «АШҚҚҚ» АҚ арқылы жарғылық капитал қаражаты есебінен 346 495 мың теңгеге 122 өтінім қабылданып, 132 980 мың теңгеге 47 өтінім қанағаттандырылды.
«АКК» АҚ бойынша 383 млн. теңгеге 9 өтінім қабылданып, оның ішінде 2 өтінім бойынша 79 млн. теңге кредит қаражаты берілді. Нәтижесінде, бүгінгі күні АШК және оның мүшелері алған сома 288 685 мың теңгені құрайды (4 кесте).
Сонымен қатар, 4 өңірдегі кооперативтер мен оған қатысушылардан (Өскемен қ., Семей қ., Бесқарағай, Шемонаиха аудандарынан) кредит алуға өтінім түскен жоқ (құжаттарды дайындау сатысында тұр).

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы облыс әкімдігі қызметкерлерінің және облыстық жұмыс тобы мүшелерінің тексерулері негізінде ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту бойынша қалалық және аудандық әкімдіктермен жұмыс жүргізуде.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.08.2017 / 17.04.2018