«Шемазат» ЖШС

«Шемазат» ЖШС (Лениногор ет комбинаты) Шығыс Қазақстанның Рудный алтай көркем өңірінде орналасқан. Мөлдір су мен түрлі шөптер сапалы және дәмді ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын пайда болу тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Лениногор ет комбинаты Семей етконсерві комбинатының мал сою пунктінің негізінде құрылған. Содан соң өндірісті біртіндеп кеңейте бастады. 1936 жылы ет май корпусы салында, 1938 жылы тоңазытқышсыз шұжық цехі ашылды.1956 жылы шаруашылық әдісімен тоңазытқыш салынды. Сонымен 2 шақырым жерде орналасқан екі территоиясында ет комбинаты ұйымдастырылды.

Оның алғашқы өндірістік қуаты ауысымда 8 тонна ет және шұжық өнімдері 1,2 тонна құраған. Жаңа технологияларды енгізу және өндірісті қайта құру нәтижесінде 1976 жылы Лениногор ет комбинатының қуаты бір ауысымда ет өндіру 19 тонна дейін, шұжық 3 тоннаға дәйін, құрғақ жем 03 тоннаға дейін жетті. Тоңазытқышта бір жолғы сақталуда 230 тонна ет болатын.

Бірақ халықтың комбинат өнімдеріне деген сұраныстар өндірістік әлеуетті өсіруді қажет етті. Осыған байланысты 1979 жылы осы замандағы жоғары өнімді жабдықтармен жабдықталған жаңа ет комбинаты іске қосылды. Бұл мекеменің жобалық қуаты күніне ет өндіруден 50 тоннаға дейін, шұжық өнімдері ауысымға 5 тоннаға дейін, өнімдерді мұздату бойынша 76 тонна және мұздатқыш камераларында етті бір жолғы сақталуы 2096 тоннаға дейін құрады.

Кәсіпорын құрылған кезден бастап басшы қызметін атқарғандар:

1. Бондаренко Иван Константинович
2. Воронин Валентин Михайлович
3. Браташ Иван Васильевич
4. Финк Валерий Карлович
5. Нагин Виктор Георгиевич
6. Гарыничев Борис Анатольевич (1994 жыдың шілде айынан бүгінгі күнге дейін)

«Шемазат » ЖШС өндірісінің негізгі түрлері:
- ет, ет өнімдерін, шұжық, ыстамалар, ет дүмбілдерді өндіру;
- мал етін кешенді өңдеу;
- қоспалар мен толықтырмаларсыз шұжық өндіру;
- қара бидай және бидай ұнынан жасалған нантоқаш өнімдері;
- балық және кулинарлық өнімдерін өндіру;
- көтерме және бөлшекті сауда;
- халық тұтынатын тауарларды сату;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- жүк тасу қызметі;
- коммерциялық қызмет;
- Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат етілген қызметтер.

«Шемазат» ЖШС өз қызметінде тұтынушылар мүдделерін бірінші орынға қойып, өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне бақылау жасап отырады. 2003 жылы өндіріс көлемі 4 пайызға, ал 2004 жылы 12 пайызға өсті. Жыл сайын жаңа технологияларды еңгізліп қосымша жұмыс орындар пайда болады.

Өндірілетін өнімдердің сапасы және қауіпсіздігі «Шемазат» ЖШС химиялық-бактериологиялық зертханасында, Риддер және Өскемен қалаларының химикалық-эпидемиялық станцияларында және облыстық зертханаларында аналитикалық зерттеулерден өтіп барлық өндірілетін өнімдерге тиісті сертификаттар берілген. «Шемазат» ЖШС химиялық-бактериологиялық зертханасы аттестациядан өтті (№162 куәлігі), озат аналитикалық және бақылау жасау жабдықтармен жабдықталған, зертханада жоғары дәрежелі мамандар жұмыс істейді. Бүгінгі күні 100 % сертификатталынған шұжық пен ыстамалардің 150 түрлері өндіріледі.

«Шемазат » ЖШС Астана, Семей, Өскемен қалаларының тұтыну рыногімен жұмыс істеуде. Өндірілетін өнімдердің сапасы, дизайні және оның арзан бағасы тұтынушылардың талғамдарын қанағаттандыра алады, сондықтан да өнім үнемі жоғары сұраныста болады.

Өнімнің әр түріне нормативтік құжаттар берілген, өндіріс санитарлық қағидалар және нормалармен (СанҚН, 1997 ж.), «Ветеринария туралы» Заңымен (2002 жылғы) регламентталады. Қалалық метрология мамандарымен метрологиялық бақылау жүргізіліп отырады. Жүйелі түрдегі анализ және бақылау «Шемазат» ЖШС позициясын бекітуге, тұтынушылар санын одан әрі көбейтуге мүмкінді береді.

«Шемазат» ЖШС өнімдерін өндіру үшін тек ғана жергілікті мал шаруашылығы шикізаттарын пайдаланады. Шемонаиха ауданының шаруашылықтары 50 жылдан астам негізгі ет жеткізіп берушілер болып келеді.

Жөнге салынған жұмыс және «Шемазат» ЖШС өнімнің жоғары сапасы – бұл өндірістің жемісті қызметінің формуласы, оның экономикалық және мағыналық негізі. Дегенмен мұнда да жетілдіретін жерлері де бар: жеткен жетістіктерге тоқтап, қателіктер жіберсек республиканың өткізу ріногінда өз орынын жоғалту мүмкін. Өткізу рыногін кеңейту, өндіріс колемін көтеру мен қатар өндірістік шығындары да бар. Бірақ серіктестіктің қаржы-орнықтылығы шығын есесін қайтарады.

Өндірістіктің ведомстволық бақылауын мастерлер, технологтар, цехтардың мал дәрігерлері, химиялық-бактериологиялық зертханасының мамандары. Олар Алматы, Мәскеу, Барнауыл, Новосибирск қаларында, Германия және Австрия мемлекеттерінде өткен семинарларда біліктілікті арттыруды өтті.

Дайын өнімді өткізу мәселесіне айрықша көңіл болінеді. Кәсіпорында баға саясатымен, өткізу ріногін ұлғайтумен, жарнамалық қызметпен, жаңа өнімдердің тұсаукесер-дегустацияларын ұйымдастырумен айналысатын маркетинг қызметі құрылған.

«Шемазат» ЖШС серіктестіктері мен клиеттері Қазақстан Республикасында ғана емес, сондай - ақ ТМД елдерінде және алыс шет елдерде бар.

Өнімнің фирмалық сырт қабының екі тілде салынған таңбасы оны жасандыдан қорғайды. Өндірілген шұжық өнімдерінің тартымды түсі фисографикалық баспаны қолдану арқылы жетті. Бу мен газ жібермейтін сырт қабы шұжықтың дәмін көпке дейін сақтап, сақтау мерзімін ұзартады. Кәсіпорында ыңғайлы өлшеп бұылған өнімдердін көптүрлігі товардың тез сатылуына ықпал етеді.

«Шемазат» ЖШС өз жұмысында өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу арқасында бәсекеге шыдайтын өнімді өндіруге қабілетті тауар өндірушілерінің бірі болып саналады.

Кәсіпорын ұраны: Қазақстанға тек қана жақсысы, ең қауіпсіз, табиғи және өте дәмді өнім.

Басшы туралы ақпарат:

Директор - Гарыничев Борис Анатольевич, білімі жоғары, 1978 ж. Семей технологиялық машина және тамақ өндірісінің жабдықтары институты, маман бойынша еңбек өтілі - 27 жыл.

Коммерциялық директор- Терещенко Валентина Александровна, арнаулы орта білім, 1978 ж. Семей сауда техникумы, технология факультеті. 13 жыл бойы сыраалкогольсіз өндірісінің менгерушісі болып жұмыс істеді. 17 жыл – Лениногор еткомбинатында қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша инженер.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 08.02.2012