Сүт өндірісіне көмек

Қазіргі уақытта ШҚО-да  «Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру» атты Экономикалық ынтымақтастықты және дамытуды ұйымдастыру (ЭЫДҰ)жобасы жүзеге асырылуда, оның басты бағыттарының бірі – ШҚО-да сүт өндірісін дамыту. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында Голландиядан сарапшылар тартылған болатын, олар облысымызға жиі келіп тұрады.

Жоба Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырысымен жүзеге асырылады және фермерлерге келесі тармақтар бойынша тегін  түрде ынтымақтастыққа шақырады:

  1. Көрсетілім сүт фермасын құру және дамыту.

Көрсетілім сүт фермасы өңірдегі сүт бағытындағы үлгілі шаруа қожалығы болу керек. Бұл ферманың ерекшелігі – ШҚО-дағы фермерлердің қолы жете бермейтін инновациялық құрылғыларды енгізумен қатар, өңірдегі мал шаруашылығында өзекті боп тұрған  және сүт саууды біршама ұлғайтуды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы білім және дағдыларды енгізу.

Жоба төмендегі сұлба бойынша ынтымақтастықты ұсынады:

 Жоба тарабы:

1) Ферманың бизнес-жоспарын құру

2) Жем-шөп дақылдарының ауыспалы егіс жоспарын құру

3) Пайдаланылатын жер алуға көмек көрсету

4) Қаржы тартуға көмек көрсету

5) Құрал-жабдық сатып алуға көмек көрсету

6) Кеңес берумен қолдау көрсету

1) Көрсетілім сүт фермасының  бизнес-жоспарын құруға көмектесу

2) Қаржыландыру тарту

2.Сүт жинау орындарын құру

Жоба тұрғындардан сүт жинау орындарын құрудың типтік бизнес-жоспарын әзірлеуде. Соны дамытуда жоба төмендегі сұлба бойынша ынтымақтастықты ұсынады:

Жоба тарабы:

1) Сүт жинау орындарының бизнес-жоспарын құру

2) ) Құрал-жабдық сатып алуға көмек көрсету

3) Кеңес берумен қолдау көрсету

1) Сүт жинау орындарының бизнес-жоспарын  құруға көмектесу

2) Қаржыландыру тарту

 

3. Сүт шаруа қожалықтары өкілдерін Голландияда оқыту

Осы бағыт аясында сүт шаруа қожалықтары өкілдерін Голландияда сүт малшаруашылығы технологиялары бойынша оқыту ұсынылады.

  Жоба төмендегі сұлба бойынша ынтымақтастықты ұсынады:

1) Оқыту бағдарламасын ұйымдастыру

2) Оқу, жатын орын және тамақтануды төлеу

1) Голландияға барып-қайтатын жолақысын төлеу.

Егер де сұрақтарыңыз болса, осы жобаға қатысқыңыз келсе, төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шалыңыз:

8-7232-52-04-26, 8-7232-70-54-74, 8-705-661-58-65.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 27.06.2014 /