Астық өңдейтін операторларды айқындау

Облыста 1 сортты бидай ұнынан пісірілген қалыптағы нан мен 1 сортты ұнның бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы жасалған меморандум аясында  Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 18.11.2014 жылы астық өңдейтін операторларды айқындау рәсімі жүргізілетінін хабарлайды.

Астық өңдейтін операторларға қойылатын міндетті шарттар (талаптар):

Тұрақтандыру қорының астығын өңдеу үшін ұн кәсіпорындары мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

1. мақсатты пайдалануға және рұқсат қағаз бойынша босатуға жататын 1 сортты ұн шығару – 70%.

2. мақсатты пайдалануға және рұқсат қағаз бойынша босатуға жататын бидай кебегін шығару – 20%.

3. 1 сортты ұнды өткізу бағасы (ҚҚС-сыз) – 50 теңге/кг.

4. кебекті өткізу бағасы (ҚҚС-сыз) –15 теңге/кг артық емес.

5. ГОСТ талаптары мен меморандумның шарттарына сай келетін ұн мен кебек шығаруды қамтамасыз ететін тиісті технологиялық базасы, арнайы технологиялық жабдығының (желісінің) болуы.

6. білікті еңбек ресурстарымен толық қамтамасыз етілуі.

7. кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелуі және өндірістік жұмыс атқаруы.

8. облыс бөлген астықты уақтылы және толық алу (қаржы ресурстарының жеткілікті болуы).

9. бағдарлама  операторы мен Шығыс Қазақстан облысының  әкімдігі жасасқан меморандумның шарттарын толық, сапалы және уақтылы орындау.

10. өнімге белгіленген шекті бағалардың сақталуын қамтамасыз ету.

11. өткен жылдарда (2012ж - 2014ж. қазан) ұн мен нан бағасын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаға қатысқан кезде меморандум (келісім) шарттарын бұзу фактілерінің болмауы.

12. кәсіпорынның белгіленген үлгідегі паспортын ұсыну. 

Астық өңдеу бағдарламасына қатысу үшін өтініммен қоса кәсіпорынның паспортын және басқа да құжаттарын (қажет болса) ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына: Өскемен қ. Головков к-сі, 38/40 мекенжайына өткізу керек.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 700-724, 700-725

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.11.2014 /