Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі
«АРАЙ-EAST FOOD»ЖШС
 «Айтас МП»ЖШС
"Семей ет комбинаты"ЖШС
"Эмиль" ЖШС"
"Шығыс-сүт" корпорациясы

Облыста тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі 12 саланы қамтиды, оның ішінде 41 ірі, 74 орта және 507 шағын кәсіпорын, жалпы 622 кәсіпорын бар. Олардың ішінде 22 кәсіпорын сүт өңдеу саласы, 21 ет өңдеу саласы, 99 май және тоң май шығару, 47 ұн тарту, 318 нан-тоқаш пісіру, 11 жарма өңдеу, 8 макарон шығару, 18 кондитерлік, 12 балық өңдеу, 6 тері-былғары өңдеу, 11 жартылай фабрикаттар шығару және 49 басқа кәсіпорын. 
2017 жылдың 1 тоқсанында 127,8 млд. теңгенің өнімі өндірілді.
Ауылшаруашылық жәрмеңкелері
Облыс әкімі Д.К. Ахметовтің тапсырмасымен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2018 жылғы 24 ақпаннан бастап апта сайын Өскемен және Семей қалаларында аудандардың қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіле бастады.

Жәрмеңкелерді өткізу орындары – Өскемен қаласында «Фреш Маркет» сауда-логистикалық орталығы және Семей қаласында «Северный» сауда-логистикалық орталығы. Облыстың қала және аудандарында 2017 жылы 842 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 4 867,2 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі сатылды. 2018 жылғы ақпан айында 79 жәрмеңке өткізіліп, 301,9 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі сатылды. 2017 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі сүт өңдеу бойынша 65% немесе 98,8 мың тонна, ет өңдеу бойынша 55% немесе 10,5 мың тонна, күнбағыс өңдеу бойынша 98% немесе 177,5 мың тонна, астық өңдеу бойынша 93% немесе 279,2 мың тоннаны құрады.


Тамақ және қайта өндеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттар.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде облыста мынадай мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды: 
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеуі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы.  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес. Шығыс Қазақстан облысында 11 сүт өңдеу кәсіпорнының сүтті терең өңдеу үшін шикізат сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға 2017 жылы республикалық бюджеттен 314,8 млн. теңге берілді.

Қазіргі уақытта облыста сүт өнеркәсібі маңызды әрі жетекші сала болып отыр. Ең ірі кәсіпорындардың қатарында  - «Эмиль» ЖШС, «Восток-Молоко» ЖШС, «Багратион Ұлан» ЖШС. Өңдеуші кәсіпорындардың белгіленген өндіріс қуаттылығы жылына 151 мың тоннаны құрайды, сүт өнеркәсібінде өндіріс қуатын қолдану коэффициенті 30%. 
Облыста сүт өнеркәсібін дамыту мақсатында 2015 жылдан бастап пилоттық бағдарлама жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін 60 сүт қабылдау пункті ашылды. Сүтті ірі қара шаруашылығын дамыту сапалы сүт өнімдерін шығаруға игі ықпал етуде.

Облыста 2017 жылы 18,8 млрд. теңгеге 19,1 мың тонна сүт өндірілді және қайта өнделді. Шығарылатын өнімнің негізгі түрлері сүт, аштылған айран өнімдері, ірімшік, сүзбе түрлері, май және т.б.

Сүт өндеу кәсіпорындары өз өнімдерін облыстың қалалары мен аудандарына, Астана және Алматы қалаларына өткізеді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 17.04.2018