Несиелеу

Шағын несие ұйымдары үшін несие қорлары

«Ауылшаруашылығын  қаржылай қолдау қоры»  АҚ – ауыл тұрғындарына қаржылық қызмет көрсету мен оның аясын кеңейтуге және шағын несиелеуді дамыту жолымен  экономиканың аграрлық секторының қаржылық инфраструктурасын  жетілдіруге бағдарланған  арнайы қаржылық- несиелік ұйым болып табылады.  

Сонымен  қатар, Қоғам ауыл тұрғындарына шағын несиелеу қызметін көрсетуді,  ауылдың  қаржылық  инфраструктурасын дамытуды  шағын несиелеу ұйымдарын қолдау арқылы да жүзеге асырады.  

2007 жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу үшін шағын несие ұйымдарының жүйесін дамытудың мемелекеттік бағдарламасын іске асыру шегінде Қоғам жеке инвесторлармен бірлесе отырып Шығыс Қазқастан облысында 5 шағын несиелеу ұйымын құрды: «Қалба Молшылығы» ӨШНҰ  ЖШС ( Жарма ауданы), «Сельхоз кредит ШНҰ ЖШС (Зырян ауданы), «Мұзтау несие» ШНҰ (Катонқарағай ауданы),  «Көмек» ШНҰ ЖШС (Ұлан ауданы),  «Вела» ШНҰ ЖШС (Үржар ауданы).  Олардың жарғылық капиталына 36 млн. теңге инвестицияланды.

Бұл шағын несиелеу ұйымдарының негізгі несиелеу қоржыны  жарғылық капиталдан және Қоғамның  несиелеу желісі бойынша 4 жылға дейінгі мерзімге бөлінген  жылдық сыйақысының көлемі  7,5 %-дан аспайтын қаражаттардан құрылады. 

Қоғамның қатысуымен құрылған шағын несиелеу ұйымдары арқылы ауыл үй шаруашылықтарына  республикалық бюджеттен 2007-2011 жылдар аралығына 416 млн.теңге мөлшерінде  займ бөлінді. Несие  алушы ауыл тұрғындарының  1406 жобасы  қаржыландырылды.

Сонымен қатар 2010 жылы  «Ертіс» ШНҰ ЖШС-нің еншілес компаниясына аудандағы су тасқынынан жапа шеккен жеке меншік  мал басының орнын толтыруға 350 млн.теңге бөлінді. Облыстың ауылды аудандарының 423 тұрғыны 5 жылға жылдық үстемақысы 7 %-дық несие алды. 

Жоғарда көрсетілген шағын несиелеу ұйымдарының займдары  бойынша  мал шаруашылығының 1536 жобасы  646,4 млн. теңгеге, өсімдік шаруашылығының 53 жобасы 16,1 млн.теңгеге ал, қалғаны өзге де қызмет түрлеріне қаржыландырылды. 

Мысалы Қатонқарағай ауданы, Қатон ауылының тұрғыны Галина  Сүлейменова 2009 жылы «Сельхоз кредит» ШНҰ ЖШС-нен  шағын несие алып, 2 бас ірі қара төлін және құлын сатып алды.  Кейіннен ірі қарадан өсім алып, мал басын көбейтті және дер кезінде несие қорын қайтарды. 

Зырян ауданы, Березовка селосының тұрғыны Александр Иванович Филипов  «Сельхозкредит» ШНҰ  ЖШС-гінен  несие алып, торайлар мен жем сатып алды.  Шошқа өсіру жем талғамайтын өнімділігі өте жоғары және қысқа мерзім арасында өнім беретін мал шаруашылық саласы. Осындай ерекшеліктердің арқасында торайлар бір жылда өсіп-жетілді, несие алушы бұл өнімді сатып, шағын несиені қайтарды және табыс табу мүмкіндігіне ие болды. 

Экономиканың қиыншылығына қарамай Қоғамның қатысуымен шағын несиелік ұйымдар тұрақты қызмет көрсетеді. 2010 жылдың  қорытындысы бойынша 5 шағын несие ұйымдарының төртеуі табыс тапты («Қалба Молшылығы» ӨШНҰ  ЖШС, «Сельхоз кредит ШНҰ ЖШС, «Мұзтау несие» ШНҰ,  «Көмек» ШНҰ ЖШС) 

Әрине кейбір шағын несие ұйымдарында несиелік қорларды уақытылы қайтару бойынша мәселелер туындайды.  Алайда бұл мәселелер несиелеу желісін жаңа мерзімге ұзарту арқылы шешіледі. «Ауылшаруашылығын  қаржылай қодау қоры» АҚ-нан несие желісін ашқан  шағын несие ұйымдарының қызметтері тұрақты түрде мониторингтен  өткізіледі. Жыл сайын Қоғам семинар-кеңестерін жүргізеді.  Шағын несие ұйымдары  қызметтерінің рейтингісі  өткізіліп тұрады.  2011 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыздағы шағын несие ұйымдарының арасында «Сельхоз кредит»  ШНҰ ЖШС (Зырян ауданы), директоры Бугубаев Е.И. ең жоғарғы рейтингті иеленді. 

Қордың таяудағы  он жылдықтағы  стратегиясы бойынша шағын несиелеу  орындарын ауыл тұрғындарына жақындату. 

Ал, 2016 жылдан бастап, Қоғамның несие берудегі мақсатты тобы ол тек қана ауылдық жерлерде қызмет көрсететін шағын несиелеу ұйымдары болады. Қоғам болашақта нақты  несие  алушыны тікелей қаржыландырмайтын болады. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан шағын несиелеу ұйымдарының  займ алу реті бір шама  жеңілденеді.  Займды тендер арқылы беру жойылады. 

2005 жылдан 2011 жылға дейін  «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстың  5272 үйшаруашылығына сомасы 1 833,5 млн.теңгеге шағын несиелер берді.  Осы  жылдары  Қоғам жалпы біздің облыс бойынша  шағын несиелерге 1 млдр.теңге мөлшерінде бөлді. 

Алайда, бүгінгі  күні облысымызда осы саланы толық қамтамасыз ете алатын шағын несиелеу ұйымдары жеткіліксіз. 

Облыстық несие серіктестіктері мен шағын несие ұйымдар нарығын талдай келе  бүгінгі үрдіс нарық сұранысына сәйкес келмейтінін байқаймыз. Несиелік қоржынның  жалпы мөлшері және несиелік серіктестіктер мен ШНҰ тұтынушыларының саны банктердің осы тектес көрсеткіштеріне қарағанда соншалықты елеусіз және мүлдем салыстыруға келмейді.  Қазақстан Республикасы  халқының жартысы ауыл аймақтарында тұратыныдығын ескеретін болсақ ауылда қаржыландыру инфраструктурасын ұйымдастыру және дамыту, сонымен қатар ауыл тұрғындарына қаржыландыру көздеріне жол ашу өзекті мәселе болып табылады. 

Осы көсетілген мәселелерді шешу мақсатында 2010 жылы жарғылық капиталда  90 пайыздық  үлеспен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ қатысуымен «Шағын несиелеу ұйымдарын қолдау орталығы» ЖШС құрылды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты шағын несиелеу ұйымдарының институтты жетілген нақты механизмдерін құру болып табылады.  Техникалық қолдау орталығының кеңестік қызметі ауылдық шағын несие ұйымдарының жұмыстарын шағын қаржыландыру халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істеуіне және ауыл тұрғындарына жоғары сапада қаржылық қызметтің барлық түрлерін көрсетуге және халықаралық несиелеу ұйымдарына жол ашуына ықпалын тигізеді.  

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ-ның 

Шығыс Қазақстандық филиалы директорының 

орынбасары  Байшалова Гүлнәр  Құрмантайқызы

тел. 216-077

электр.адрес  ukg_ffpsh@mail.ru

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 64, офис 401

 

Қой шаруашылығын дамытуға арналған шағын кредиттер.

Ұсақ малдың басын көбейтуге шағын кредиттерді бөлу мәселесін шешу мақсатында «Жайлау» бағдарламасын іске асыру ұсынылады. Аталған бағдарлама ауыл тұрғындарына саулық қой өсіруге беру және ұсақ мал төлін сату жолдары арқылы өңірде мал шаруашылығын дамытуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қатуға бағытталған.

Бағдарламаға қатысушылар - «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, жергілікті атқарушы органдар (облыс әкімдігі, аудан әкімдері, ауылдық округтер), ұсақ мал иелері, ауыл тұрғындары, сақтандыру компаниялары.

Бағдарламаны бірлесіп жұмыс атқару туралы Келісім-шарт негізінде «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Ертіс» ШКҰ» ЖШС жүзеге асырады.

Сонымен қатар, облыста «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Ауылға шағын кредит беру» бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Қор банк кредиттеріне қол жеткізе алмайтын және тұрмыс жағдайларын көтеруге ниетті ауыл тұрғындарына шағын кредит беру арқылы әлеуметтік тұрғыдағы мәселелерді шешеді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша да ауылда шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау көзделген және оны іске асыру тетіктері қарастырылған. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тетігі шағын кредит беруге негізделген. Шағын кредит жеке кәсіпкерлікті дамытуға 5 жылдан артық емес мерзімге қайтарылым негізінде беріледі.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Шығыс Қазақстандық филиалы

Тел. 216-077

Электр.адрес  ukg_ffpsh@mail.ru

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы, 64, офис 401

«Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ

Тел.:203-465

Электр. мекен-жай: info@spkertis.kz

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы 64 үй, офис 208

«Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ

Эл. мекен-жай: upp@predprom.vko.gov.kz

Мекен-жайы: Өскемен қаласы М. Горький көшесі 40 үй, 3 қабат

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.10.2012 / 18.10.2012