Облыс әкімінің орынбасары

Лауазымы: Әкім орынбасары

Нүсіпова Әсем Бекқызы

Әсем Нүсүпова 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін «Экономист. Менеджмент саласындағы маман» мамандығы бойынша аяқтаған. 1998 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы ретінде бастаған. Одан кейін «Деловая неделя» газетінің экономика бойынша шолушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы болып жұмыс істеген.

Әсем Нүсүпова 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі талдау Орталығы секторының меңгерушісі, әруақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қаржы министрінің кеңесшісі жұмыс істеген. 2008 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған. ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. ( 2009-2016жж)

 

Лауазымдық міндеттері

«Ақпараттық Қазақстан», діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл, «Денсаулықты дамыту», білім мен ғылымды дамыту, тілдерді дамыту мен қолданылуы, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіреді. Облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, тілдерді дамыту, туризм және сыртқы байланыстар, дін істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін үйлестіреді. 

Мыналарды:

әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу және болжау;

әлеуметтік қайшылықтардың алдын алу және шешу тетіктерін қалыптастыру;

денсаулық сақтау және білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру,

мәдениет және өнер, мұрағат және дін саласындағы міндеттерді іске асыруды ұйымдастырады.

Мыналарды:

саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастардың ұйымдарымен, діни конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, этномәдени орталықтармен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен атқарылатын жұмыстарды;

білім, ғылым,  облыстың кадрлар дайындауды жүзеге асыратын жоғары және орта арнайы оқу орындары, кәсіптік мектептері, кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің, туризмді дамыту мәселелерін;

мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын дамыту жұмысын;

қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін;

геральдика, мемлекеттік символдар, онамастика мәселелерін;

облыс әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі, отбасылық-демографиялық саясат, конфессияаралық және ұлтаралық келісім, мемлекеттік, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді.

Өз құзыры шегінде  жобалық басқару жұмысын ұйымдастырады.

Мынадай облыстық комиссияларға басшылық етеді: ономастика,  кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, ақпараттық саясат,   үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекеттестік жөніндегі, әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат ісі бойынша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу,  сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегі, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі; техникалық және кәсіби білім беру және кадрларды даярлау мәселелері. 

Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумның негізгі мақсатты индикаторларының орындалуын ұйымдастырады.

Функционалдық міндеттеріне сәйкес:

республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтiк даму, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникация, дін істері және азаматтық қоғам министрліктерімен, басқа орталық мемлекеттік органдармен, Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығымен;

өңірлік  деңгейде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ұлттық акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен, «Қазақстан» Республикалық  телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан  облыстық филиалымен, «Шығыс ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясымен, ғылыми ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен,  жоғары және орта-арнайы білім беру орындарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Жетекшілік ететін салалар бойынша:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмалары орындалуының;

облыстың, облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын ішкіөңірлік талдау көрсеткіштерінің;

республикалық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын  бақылауды қамтамасыз етеді.

Облыстық әкімдік қабылдаған қаулылардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімдік  сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады.

Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметін үйлестіреді. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларында  цифрландыруды енгізеді.

Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді.

  Қабылдау телефоны: 71-31-12
  Е-mail: chancellery@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 24.07.2018