Әділет департаменті

Лауазымы: Департамент басшысы

Андасов Нұрғали Есиркепұлы

Нұрғали Есіркепұлы Андасов – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы.

Оңтүстік Қзақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңа-Базар ауылында 1980 жылы 5 қазанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2002 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын бітірді.

2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді, заңгер, Экономика бакалавры, Заң ғылымдарының магистрі. Әскери шені – қатардағы жауынгер (матрос).

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 1998 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қаңтарына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде қызмет атқарды.

2007 жылдың маусымынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментінде қызмет атқарды.

2009 жылдың науырызынан бастап 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінде жұмыс істеді.

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың науырызына дейін Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің Есіл аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы.

2014 жылдың наурызынан 2014 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысының орынбасары.

2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың маусымына дейін ҚР ӘМ сот актілерін орындау департаменті Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру басқармасының басшысы.

2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың сәуіріне дейін ҚР ӘМ Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары.

2018 жылдың сәуірінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының м.а.

2018 жылдың 5 шілдесінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.

«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Лауазымдық міндеттері

Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін аумақтық атарушы билік органы болып табылады.

Қызмет бағыттары:

1.  мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;

2. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай – ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;

3. әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

4. мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердің заңдылығын сақтауын бақылау;

5. құқықтық насихаттауды ведомствоаралық үйлестіру;

6. әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай – ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;

7. санаткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету;

  Қабылдау телефоны: 70-40-46

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 25.12.2018