Әділет департаменті

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Тұрлыханова Гүлмира Болатқызы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070002, Өскемен қ., Ворошилов к.,6

Телефоны: 8-7232-70-40-46

Сайты: www.shko.adilet.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.00-18.30 дейін

Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін аумақтық атарушы билік органы болып табылады.

Қызмет бағыттары:

  1. мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
  2. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай – ақ заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
  3. азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
  4. мемлекеттік нотариат кеңселерінің қызметіне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердің заңдылығын сақтауын бақылау;
  5. құқықтық насихаттауды ведомствоаралық үйлестіру;
  6. әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай – ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
  7. санаткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету;
  8. Қазақстан Республикасының азматтарына жеке бас куәліктері мен төлқұжаттарды беру, халықты тіркеу және тіркеуден шығару.

 

Мемлекет  кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімі

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.04.2016