Құқықтық статистика жөніндегі комитет басқармасы

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Құсайынов Мұрат Көбегенұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , г. Усть-Каменогорск, Ю.Увалиев көшесі, 4

Телефоны: 8-7232-61-40-51

Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі, бейсенбі сағ. 09.00– 18.00

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы оқырмандарды құқықтық статистикадағы арнайы есепке алудың бір түрі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және осы саладағы бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат беруін жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті мен оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының  12.01.2007 жылғы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының (одан әрі мәтін бойынша - Заң) нормаларын жүзеге асыру бойынша қызметі нақты, маңызды нәтижелер алуға мүмкіндік берді. Тұлғалардың өтініштерін есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу өтініштерге рұқсат берудің дер кезінде, сапалы және айқын болуын қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қозғалысын қадағалаудың, оларды қарау тәртібін сақтау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін бақылаудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының  прокурорларымен ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығын, толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз ету үшін тұлғалардың өтініштері туралы тіркелген мәліметтердің мониторингі жүргізіледі. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың қызметтеріне тексерулер жүзеге асырылады, нәтижелері бойынша Заңның талаптарына сәйкес тұлғалардың өтініштерін есепке алуға  бағытталған шаралар қолданылады.
Мысалы, 2010 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік мекемелерде 8 жоспарлы тексеру жүргізілді: «Аягөз ауданы әкімінің аппараты», «Аягөз ауданының әділет басқармасы», «ШҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Курчатов қаласы әкімінің аппараты», «Курчатов қаласының әділет басқармасы», «ШҚО ІІМ мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы», «ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология бойынша басқармасы», «ШҚО бойынша автокөлік жолдарын жетілдіру Комитетінің Департаменті»

Сондай-ақ, 2010 жылдың шілдесінде Басқарманың қызметкерлері ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентінің ШҚО бойынша Басқармасымен бірігіп «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының» ММ қызметін тексерді.
Жүргізілген тексерулер мен бақылаулардың нәтижелері өтініштерді қараудың бекітілген тәртібінің бұзылу деректері бар екендігін көрсетті. Өтініштердің түрлерін анықтауда әртүрлі түсінік беру тұлғалардың өтініштерін сапалы қарауға кері әсерін тигізеді.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тікелей Басқармамен бақылау-қадағалау шаралары қабылданған, соның ішінде арнайы есепке алу саласында заңдылықтарды бұзуды жою туралы 6 ұсыныс жасалды және субъектілердің мекен-жайына 2 ақпараттық хат жіберілді. 2010 жылдың 2 тоқсанында жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің 6 қызметкері тәртіптілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде ішкі істер органының бір қызметкері бар. Оларға 1 қатаң сөгіс, 2 сөгіс және 3 ескерту жарияланды.
Басқарманың бақылау-қадағалау қызметі есепке алу жөнінде, сондай-ақ тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімі бойынша бұзушылықтарды болдырмауы қалалық, аудандық прокурорлармен өзара әрекет ету арқылы жүзеге асырылады.
Топ қызметкерлерімен жылдың есеп беру кезеңінде ТӨБЕА ААЖ базасының 50-ден астам мониторингі жүргізілді.
ТӨБЕА ААЖ мәліметтері бойынша алынған мониторинг нәтижелері туралы ақпарат тоқсан сайын облыс прокурорына, сондай-ақ бақылау және қадағалау шараларын жүзеге асыру үшін қалалық, аудандық прокурорларға жіберіледі. Мысалы, Басқарманың ақпараты бойынша қадағалау прокурорларымен 7 прокурорлық жауап беру актісі енгізілген.

Қолданыстағы, соның ішінде тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізуді реттейтін заңнаманың талаптарын бұзу фактілерінің  орын алуы тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың мемлекетке деген сенімділігін арттыруға кері әсерін тигізеді.
Тек әрбір адамның өзінің қызметтік міндеттеріне деген адалдығы ғана өтініштерді қарастырудың дер кезінде және сапалы болуын қамтамасыз етеді, бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың бұзылған құқықтарының қалпына келтіруде дер кезінде қолданылған шаралардың тиімді құралы «рецепті» болып табылады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.04.2016