Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Лауазымы: Департамент басшысы әділет полковнигі

Молдажанов Талғат Александрович

Молдажанов Талғат Александрович 1971 жылы 21 наурызда Семипалатинск облысы Шар ауданы Әуезов к. дүниеге келді. 1993 жылы Алматы қ. В. Ленин атындағы Қазақстан политехникалық институтын бітірген (мамандығы тау инженері). 2000 жылы Новосібір гуманитарлық институтын (мамандығы заңгер) бітірген.
Өзінің еңбек жолын 1993 жылғы қыркүйекте Семипалатинск облысы ІІБ Шар ауданының ішкі істер бөлімі жанындағы шартты-босатылғандарды қадағалау бойынша №6арнайы комендатура жасағының бастығы лауазымында бастаған. Өз қызметі түрі бойынша әртүрлі лауазымдарды атқарды: Семипалатинск облысы ІІБ ҚАЖБ СЕ-165/2 мекемесінің жедел уәкілі; Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКБ ОВ 156/15 мекемесінің бөлім бастығы; Шығыс Қазақстан облысы бойынша бойынша ҚАЖКБ ОВ-156/14 мекемесі бастығының орынбасары. 2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Комитеті басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды; 2005 жылдың мамырынан бастап Өскемен қ. ІІБ қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау уақытша ұстау изоляторының бастығы. 2008 жылдан бастап ШҚО бойынша ҚАЖБ ОВ-156/13 және ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/20 мекемелерінің бастығы лауазымдарын атқарды. 2011 жылғы қарашада ҚР ІІМ ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары және 2012 жылғы шілдеде ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен ҚР ІІМ ҚАЖД Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығы лауазымына тағайындалды.

Өзінің қызметтік әрекеті уақытында бірқатар мақтаулары, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік марапаттары бар:
ІІІ дәрежелі «Қылмыстық-атқару жүйесінде мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальі (06.05.2008ж.); «Қайсар» төс белгісі (17.11.2010ж.); «Ерлігі үшін» мемлекеттік медальі (07.12.2010ж.); «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төс белгісі (04.05.2011ж.); ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальі (14.06.2012ж.); «Қазақстан полициясына 20 жыл» естелік төс белгісі (18.06.2012ж.)

Лауазымдық міндеттері

Жүзеге асырады:
1. Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген негізгі міндеттерге, функциялар мен құқықтарға сәйкес Деапартамент пен мекемелердің жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды;
2. Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес Деапартамент қызметтері басшылары (бөлімдер, бөлімшелер, топтар) және өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтауды;
3. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Департаментті ұсынуды;
4. Департаменттің мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ меншікті басқа формалы ұйымдарымен тиісті өзара іс-әрекетін ұйымдастыруды;
5. Қызметтік мәселелерді шешу үшін белгіленген заңдылық тәртібінде Департамент қызметкерлері мен жұмысшыларын іссапарларға жолдауды;
6. Белгіленген заңдылық тәртібінде, Департамент және оған бір ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлері, жұмысшыларына тәртіптік жазаларға тарту, марапаттауды, Қазақстан Республикасының заңдылығымен көрсетілген еңбек демалысын ұсынуды;
7. Белгіленген құзыреті шегінде Департамент және оған бір ведомствоға қарасты мекемелердің аға, орта және кіші басшы құрамы қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, кезекті арнайы атақтарын беруді;
8. Қылмыс, төтенше жағдайлар, құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ басқа да жағдайлар фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізуді ұйымдастыруды;
9. Азаматтарды, сотталғандар мен тергеу-қамауындағыларды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін қарауды, олар бойынша шешім қабылдауды;
10. Департамент қызметтері (бөлім, бөлімше, топтар) туралы ережені, лауазымды тұлғалардың лауазымдық нұсқаулығы және функционалдық міндеттерін бекітуді;
11. Заңдылықтарға сәйкес басқа өкілеттілікті.

  Қабылдау телефоны: 57-61-58
  Факс: 57-61-58

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 30.05.2013