Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Молдажанов Талғат Александрович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., Леваневский к., 21

Телефоны: 8-7232-57-61-58

Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі 15.00 – 17.00 дейін

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қылмыстық жазалардың және күдіктілер мен айыпталушылардың тергеу изолятоорларында күзетте ұстаудың орындалуын қамтамасыз ету бойынша атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзег асыратын, сондай-ақ органның және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін органдар жүйесі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесінің құрылымы

Қылмыстық – атқару жүйесі құрамында 14 мекеме бар:

- 2 тергеу изоляторы (ОВ-156/1, ОВ-156/19);
- 2 жалпы тәртіптегі түзеу колониясы (ОВ-156/3, ОВ-156/18);
-  6 қатаң тәртіптегі түзеу колониясы (ОВ-156/2,6,14,15,17,20)
- 2 қоныс колониясы (ОВ-156/13, ОВ-156/16);
- 1 кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған тәрбие колониясы (ОВ-156/22)
- 1 әйелдер колониясы.

Орналасуы бойынша: Өскемен қаласында – ОВ-156/1,2,3,20,22, Семей қаласында – ОВ-156/14,15,19, Ұлан ауданы Саратовка ауылында ОВ-156/13, Жаңасемей ауданы Приречное ауылында ОВ-156/16, Жарма ауданы Солнечное ауылында ОВ-156/17,18,21, Шемонаиха ауданы Половинка ауылында ОВ-156/6. Аталғандардың үшеуінде алкагол мен нашақорлықтан  емдеу (ОВ-1563,6,15) ОВ-156/20 мекемесінде туберкулезден емдеу, ал ОВ-156/15 мекемесінде Республикалық соматикалық ауруханасы.
01.01.2011 жылға қатысты облыс түзеу мекемелерінде 10813 сотталған және теургеудегі қамаудағылар жазасын өтеуде.
ҚАЖ жүйесінде түзеу мекемелерінен басқа 32 қылмыстық – атқару инспекциясы (ары қарай ҚАИ) облыстың барлық қалалары мен аудандарында жұмыс істейді. Қылмыстық – атқару инспекциясы  түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, шартты мерзім арқылы шартты сотталу, жазасын өтеуді кейінге шегеру, бостандықты шектеу, арнайы бір қызметпен айналысуға тиым салу сияқты жазасын өтеудің түрлерін атқарады. 01.01.2011 жылға қатысты ШҚО бойынша ҚАЖД қылмыстық – атқару инспекцияларында 2085 сотталған тіркелген.
Сонымен қатар ҚАЖ  құрамында «Оңалту орталағы 1» (2007 жылғы 10 қыркүйектегі №783 ҚР Үкімет Қаулысы)  мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Бұл мекеме бас бостандығынан айырылған сотталғандарға босатылғаннан кейінгі алты ай көлемінде психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету мен еңбек пен тұрмысқа орналастыруға  ықпал ету бойынша қызмет жасайды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 30.05.2013