Облыстық прокуратура

Құқыққорғау органдары


Басшысы: Игембаев Құсаин Абзалбекұлы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, , Өскемен қ., Пермитин к, 21

Телефоны: 8-7232-24-55-52

Сайты: shko.prokuror.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

ШҚО прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аумақтық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан республикасы прокуратура органдарының біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан республикасының аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғандауды жүзеге асырады.

Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, біріңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.04.2016